М. Н. Будыко күн тұрақтысының мәнін 8,2 Дж/ см



бет13/14
Дата05.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#151776
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
гидрология

2.3. Өзен аңғары
2.3.1. Өзен аңғарының қалыптасуы және оның типтері.
Өзен аңғары деп жер бетіндегі өзі аса енді емес, әдетте ұзына-бойы ирелеңдеп созылып жатқан ойыстау, жалпы еңістігі өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған жерді айтамыз. Бірнеше аңғарлар бірімен бірі қосылып ірі аңғарлар құрайды, еш уақытта бір аңғар екінші аңғарды кесіп өтпейді. Олар бір-бірінен тереңдігі, ені және ұзындығымен ерекшеленеді.
Аңғарлардың қалыптасуы жер бетінде өтіп жатқан аса күрделі климаттық, эрозиялық, мұздық, тектоникалық процестер мен карст құбылыстарына тікелей байланысты. Аңғардың қалыптасу процесіне қай фактор көбірек әсер етсе сол фактордың атына сәйкес типтендіріледі.
Эрозиялық аңғар деп ағын сулардың әрекетінен пайда болған аңғарларды атаймыз: тектоникалық - қалыптасуынан тектоникалық әсер (тау қалыптасу процестері) көрінетін аңғарлар; вулкандық - құрылымына вулкандық әрекеттер әсер еткен аңғарлар; мұздық -құрылымында мұздықтардың әрекетінің ізі бар аңғарлар.
Өзен аңғарларының қалыптасу, даму процестері ондаған мың жылдарға созылып жатыр. Аңғарлардың ең алғашқы формаларына уақытша ағын сулар жасаған сайлар мен жыралар жатады.
Аңғарлардың табаны мен беткейлерін құрайтын тау жыныстарының қасиеттеріне байланысты олардың ұзына бойы, көлденең көріністері өзгеріп отырады. Кесе көлденең қимасының сипатына қарай аңғарлар төмендегідей типтерге бөлінеді:

  1. саңылау — терең әрі тар аңғар, беткейлері әдетте тіптік, кейде арнаға қарай еңдіш келеді, аңғардың табанын түгелдей су алып жатады. Тек таулы аудандарда кездеседі;

  2. каньон — өте құлама беткейлі терең аңғар, әдетте табаны тар, таудан шыға берісте немесе тауларда кездеседі;

  3. шатқал терең жартасты тау аңғары, әдетте беткейлері шығыңқы келіп етегіне қарай құламасы өседі;

  4. трапецияға ұқсас — шығыңқы немесе түзу көлбеу кең аңғар. Бұл жазықтағы аңғардың сипаты. Бұл типтің бір түрі — жәшік тәрізді табаны тегіс, беткейі құлама аңғар;

  5. астау тәрізді — беткейлері ойыс (батыңқы), етегіне жақын біртіндеп көлбей түседі. Мұндай көрініс мұздықтар әрекетінен болған.

Табиғатта жоғарыда келтірілген типтердің біріне айқын жатқызуға болатын өзен аңғары өте сирек кездеседі. Оған аңғарда өтіп жатқан опырылыстар, тау жыныстарының сырғуы, су тасындылары мен ағын судың эрозиялық әрекеттері кінәлі. Әдетте бір өзеннің ұзына бойынан аңғардың бірнеше типін кездестіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет