Өлмейтінге өлі балық жолығады 1. Аштан өлуге айналған адам өзен жағаласа, ең болмаса жағада өліп жатқан балық кездесуі мүмкін, ол соны пісіріп жесе де өлмейді деген сөз; 2. Ауыс. Ажалы жоқ адам қанша қиналса да, ол тірі қаларлықтай бір себептің болары сөзсіз. «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деген мақалдың да осы үғымға қатысы бар [«Халық даналығы», 453-454 бет].
«Құланның қасуына, мылтықтың басуы» дөп келіп тұр(«Жапандағы жалғыз үй», 36 бет).
Құланның қасуына –мылтықтың басуы 1. Аңыз бойынша: бір мерген артқы аяғымен басын қасып тұрған құланды жалғыз оқпен атып, құланның басымен артқы аяғына бірден тигізеді. Мақал халық арасында тараған осы оқиғаға негізделген; 2. Ауыс. Бір іспен екінші бір істің оңтайлы сәті, орайлы тұсы бірден келіп, оңай шешілуі [«Халық даналығы», 414 бет].
Бірақ «өлгенмен бірге өлу жоқ» деген рас екен(«Жапандағы жалғыз үй», 46 бет).