Мақал-мәтелдер


Ғалым Қарсыбекова Шолпан Пернеқұлқызының «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың этнолигвистикалық принциптері»



бет3/18
Дата13.05.2020
өлшемі35,84 Kb.
#67869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
мәтел

Ғалым Қарсыбекова Шолпан Пернеқұлқызының «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың этнолигвистикалық принциптері» атты диссертациясының авторефератында Қазақ ММ-дерінің табиғатын зерттеген ғалымдардың бірі – М.О.Әуезов өз ойын былайша топшылайды:

«ММ дегеніміз – хлықтың нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшам түрде ұтымды өткір айтып беретін кестелі сөз» - дей келіп, ММ-дің айырмашылығын ол «Мақал толық тұлғалы болады, ойы тұтас келеді, әдетте, ол бір немесе бірнеше толық сөйлемнен құралады. Ал, мәтел, мақал сияқты толық түрінде құрылмай, сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты, орамды сөйлемше түрінде жасалады»

Ақын М. Әлімбаев: «Мақал дегеніміз – өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы байымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы. Мысалы: «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол».

«Мәтел дегеніміз – халық арасында көп тараған, қорытындысы болмайтын,тұжырымы тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ ықшам да кестелі халық сөзі: «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда»[3, 15б].

Қазақтың ұлы әдебиетші ғалымы М. Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» оқу құралында мақал-мәтелдерді зерттей келе, мынадай ой түйеді: Қазақ мақалдарының өзіне тән негізгі бір ерекшелігі – аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. «Аз сөз – алтын, көп сөз –көмір» деп отырып, халық өзінің мақалдарында мазмұнды әңгіменің «тобықтай түйінін» береді, ой-пікірін, көзқарасын әрі терең, әрі ашық айтады.

Ішкі құрылысы жағынан алғанда, мақалдар екі түрлі: біріншісі – айтайын деген ойын ашық етіп бірден, турасынан білдіреді («Жауды аяған жаралы қалады»). Екіншісі – негізгі ойды астарлап айтатын, ишаратпен білдіретін мақалдар. Қазақ мақалдарының біраз соңғы түрге енеді. Мұның мысалдарына «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме» деген мақалдарды жатқызуға болады. Сырт қарағанда бұл мақалдарда айтылатын ой айқын, әрқайсысы өз орнында тұрған секілді. Бірақ олардың түпкі мағынасында басқа әңгімелер жатады.

Мақалдарға тән ерекшеліктің бірі – оны құрылысында. Мақалдар, көбінесе,мбір сөйлемнен құрылады («Кеңесті ел – кемімес, «Тіл – қылыштан өткір»).

Мақалдардың құрылысында дыбыс үндестігі, бір дыбысты не бір сөзді қайталаушылық, сөз ұйқасымы айрықша орын алады. «Үміт – үзілмес», «Ерлік – елдің сыны» дегендерден дыбыс қайталаушылықтың, дыбыс үндестігінің үлгілерін көре аламыз.

Мұнымен қатар, қазақ мақалдары, көбінесе, өлеңнің жеті-сегіз буынды жыр түрінде жасалады. Негізгі ойды аз сөзбен өткірлеп, жеткізе айтуды көздеумен бірге, оның әдемі, көркем және ұйқасымды болып келу жағын да қарастырады. Бұған: «Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер; ер басына күн туса, етігімен су кешер» деген мақалдар мысал бола алады [4, 118-120б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет