Мақал-мәтелдер


Өлгеннің артынан өлмек жоқ



бет6/18
Дата13.05.2020
өлшемі35,84 Kb.
#67869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
мәтел

Өлгеннің артынан өлмек жоқ ауыс. Бауыр етіндей қаншама жақын, қымбат та қимас болса да, өлген адаммен бірге өлу, о дүниеге бірге кету жоқ; қазалы қайғы қаншама ауыр болса да тірі адам өз тірлігін істейді, адамзат табиғаты осылай жаралған. Бұл мақал, әдетте, қазалы қайғыға душар болған адамды жұбату үшін, көңілін суытып, бойына күш-жігер беру үшін айтылады[«Халық даналығы», 451-452 бет].

  1. Қазақта «ас –адамның арқауы» деген сөз бар(«Жапандағы жалғыз үй», 54 бет).

Ас –адамның арқауы ауыс. Ас адамның өмір сүріп, бойына күш-қуат беруіне аса қажетті заттардың, өрмектің көлденең жібі арқауындай, ең бастысы, құнарлы да қуатты қорегі болып саналады[«Халық даналығы», 199 бет].

  1. Тек кейін бір-ақ рет «адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген, анада ғой бір-бірімізді білмей, боқ басында мерт бола жаздадық(«Жапандағы жалғыз үй», 99-100 бет).

Адам –кісінескенше, жылқы –кісінескенше ауыс. Адамның бір қасиеті –тез тіл табысу, тіпті бейтаныс адамдармен алғаш рет көріссе де бірден шүйіркелесіп, өзара тез түсінісіп кететін әдеті; жылқы малында да осы қасиет бар демекші: олар да кісінесу арқылы бірін-бірі тез ұғысып, үйір басып кетеді. Адамды жылқы мінезді деудің бір себебі –осы бір ұқсастық болса керек. Бұл мақалда «Жақсыда жаттық жоқ» деу де айқындай түседі[«Халық даналығы», 173 бет].



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет