Көз –қорқақ, қол –батырауыс. Әдетте, істі бірден бастап кету кімге болса да қиын, өйткені ол істің ауыр-жеңілдігін, оңай-қиындығын алдын ала көріп, адамды жүрексіндіріп, тіпті қорқытып тұратын бақылаушы –көз бар; ал ондай істі жеңіл-қиындығына қарамай бастап, бірден әрекетке кірісетін –ол қол (жұмыс құралы). Оның батылдығы, міне, осында. Мақал адамды сақтандырушы көз бен батыл қолдың әрекеті мен қасиетін осылайша аңғартады[«Халық даналығы», 356 бет].
Есік көргенді алма, бесік көргенді ал дейді(«Жапандағы жалғыз үй», 106 бет).