Мақалада бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделу мәселесі зерттеледі


-сурет – Бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделуіне  әсер ететін жеке қасиеттері 2-сурет –



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата04.12.2023
өлшемі422,83 Kb.
#194871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
admin, ##default.groups.name.editor##, Болысбаева А.К.

1-сурет
Бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделуіне 
әсер ететін жеке қасиеттері
2-сурет –
Бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделу әдістері
Консультация бұл – студенттердің универ-
ситет ортасына бейімделу процесіндегі оқу және 
тәрбие беру мәселелері бойынша дәріс және 
практикалық сабақтарға қосымша жүргізілетін 
жұмыс, оқытушы және студент тарапынан 
үлкен жауапкершілік пен мұқияттылық, өзара 
сенімділік талап етеді. Консультациялар әдет-
те, емтихан алдындағы және ағымдағы болып 
жүргізіледі. Ағымдағы консультацияларды оқы-
тушылар оқу жылы бойына жүргізеді. Олардың 
тек білім беру тұрғысынан емес, тәрбие беру және 
дамыту тұрғысынан да маңыздылығы айқын. 


160
Бірінші курс студенттерінің жоғары білім беру жүйесіне бейімделуі (қашықтықтан оқыту контексінде)
Кеңес беру барысында студенттер пән бойынша 
түсініксіз сұрақтарына жауап ала алады. Соны
-
мен бірге, оқытушылар мен студенттердің бір-
бірімен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді. 
Оқытушылар студенттерінің оқу процесіндегі, 
студенттік өміріндегі қиыншылықтары мен 
түсінбей жүрген тұстарын анықтау, көмектесуіне 
мүмкіндік алады. 
Консультациялар топтық әрі жеке түрде өткі-
зілуі мүмкін. Бірінші курс студенттеріне инди
-
видуалды психологиялық консультациялардың 
мақсаты – жоғары оқу орнында білім алу мен 
студенттік өміріндегі қиын жағдайлардан 
шығуының, тұлғалық өзін-өзі жетілдірудің жеке 
стратегияларын қалыптастыру болып табылады 
(Терюшкова, 2018: 3). 
Көптеген әдебиеттерде бірінші курс студент-
теріне тәлімгерлік функциясын өздерінен жасы 
үлкен студенттер, оқытушылар, куратор-эд
-
вайзерлерге тиісті қарастырылады. Шынымен 
де, жоғары оқу орнына жаңадан келген жас 
ұрпақты университеттің ішкі ережелерімен, 
жоғары білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен 
таныстыру, топ ішіндегі студенттерге тәрбие 
беру ісімен топ кураторлары мен эдвайзерлері 
айналысады. Куратор-эдвайзерлер кеше ғана 
мектеп оқушысы болған жас ұрпаққа өзін сту
-
дент ретінде лайықты көрсете білу қабілеттері 
мен жоғары оқу орнының білім алушысына сай 
қасиеттерді игеруіне көмектеседі. Университет 
қабырғасындағы тәлімгердің негізгі функция-
лары бірінші курс студенттерінің студенттік 
өмірге бейімделуіне көмектесу, университеттегі 
студенттерге білім беру, тәрбие беру және да
-
мыту функцияларының үйлесімді әрі нәтижелі 
жүруін қамтамасыз ету, болашақ мамандардың 
тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің бірдей 
жоғары дәрежеде қалыптасып, дамуына септігін 
тигізу болып табылады.
Осылайша тәлімгерлікті студенттің тұлғалық 
дамуы, мінез-құлық үлгілерін таңдау процесінде 
көмектесу үшін оқытушының жоғары оқу 
орнының білім алушыларымен өзара әрекеттесуі 
қызметі деп қарастыруға болады (Филатова, 
2012: 198). Ал, Л.М. Васильеваның айтуынша, 
педагог-куратор – бұл университетте тәрбие беру 
функциясын жүзеге асыратын, студенттің жалпы 
және кәсіби мәдениетті игеру процесіндегі қоғам, 
кәсіп және студент арасындағы делдал болып 
табылатын, студенттік топтың әр түрлі қызмет 
түрлері арқылы құндылық қатынастар жүйесін 
ұйымдастыратын адам, білім алушылардың 
мүдделерін қорғай отырып, әр тұлғаның да
-
муына жағдай жасайды деп анықтаған (Васи
-
льева, 2004: 13). Бұл анықтамалардан көріп 
отырғанымыздай, куратор студент үшін универ
-
ситет ортасындағы тәлімгері болып табылады 
деген қорытынды шығаруға болады.
Тренинг әдісінің негізгі артықшылықтары 
көптеген функцияларды қамтуымен байланыс-
ты. Бірқатар авторлар тренинг оқыту, түзету 
және дамыту процестерінің бірлігі мен бірізділігі 
негізінде жүзеге асырылатын технология деп 
қарастырады (Макаров, 2013: 64).
Тренингтердің бейімдеу, психологиялық, 
әлеуметтік-психологиялық сияқты көптеген 
түрлері кеше ғана мектеп оқушысы болған жас 
ұрпақты студенттік өмірге, жоғары білім беру 
жүйесіне бейімдеу процесінде жиі қолданылады. 
Тренингтердің студенттік топтың біртұтастығын 
дамытуда, әрбір студенттің университет орта
-
сына бейімделуінде, өзінің таңдаған кәсібі ту
-
ралы түсініктері мен қызығушылықтарының, 
жауапкершілігін арттыруда тиімділігі өте 
жоғары.
Бірінші курс студенттерінде бейімделу про-
це сіндегі ең маңызды кезеңдердің бірі – бұл 
бірінші сессия. Сондықтан оларға арнал ған 
пси хологиялық тренингтер бейімделу про це-
сінің ажырамас бөлігіне айналуда. Тре нинг-
тің тақырыптары тесттер мен емтихандар 
жағдайындағы мазасыздықты жоюға, коммуни-
кативті құзыреттілікті арттыруға, өзін-өзі 
ұйымдастыру дағдыларын дамытуға, стресске 
төзімділікті арттыруға негізделеді (Терюшкова, 
2018: 3). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет