Ғылымизерттеу әдіснамасы Бұл жұмыста ғылыми зерттеудің заманауи
әдістемесі, оның ішінде теориялық және эмпи-
рикалық зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеу
мәселесі бойынша әлеуметтану, жаратылы
-
стану, педагогика және психология сияқты әр
түрлі ғылым салаларындағы әдебиеттерге шолу
жасалды. Зерттеу тақырыбымен байланыс-
ты көптеген ғылыми мақалаларға, кітаптарға,
интернет-ресурстарына контент-талдау әдісі
арқылы шолу жасалды. Зерттеудің практикалық
бөлімінде студенттердің алғашқы оқу жылын
-
да жоғары білім беру жүйесіне бейімделуі ту
-
ралы эмпирикалық деректер алу үшін бірінші
курс студенттері арасында онлайн-сауалнама
жүргізілді.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында
келесідей сұрақтар алға қойылды:
-
бірінші курс студенттерінің жоғары оқу
орнына бейімделуі процесінің мәнін көрсету;
-
қашықтықтан оқыту кезінде студенттердің
алғашқы оқу жылындағы университеттік ортаға,
жоғары білім беру жүйесіне, студенттік өмірге
бейімделуінің ерекшеліктерін айқындау;
-
бірінші курс студенттерінің университеттік
ортаға, жоғары білім беру жүйесіне бейімделуі
процесін оптимизациялау үшін тиімді әдістер
мен факторларды анықтау.
Зерттеу жұмысының мәселесі бойынша
ғы лыми әдебиеттер мен жүргізілген әлеу мет-
танулық зерттеудің талдауына негізделе оты
-
рып, бірқатар
гипотезалар құрастырылды:
-
жоғары оқу орнына бірінші курс сту-
денттерінің бейімделуі үшін әлеуметтік орта фак
-
торлары, соның ішінде куратор-эдвайзерлердің
ықпалы жоғары;
-
жас ұрпақтың мектеп кезінен болашақ
мамандығын таңдап, білім алатын кәсіп түріне
қызығушылығы мен ол туралы неғұрлым ха
-
бардар болуы бірінші курс студентінің жоғары
білім беру жүйесіне тез әрі сәтті бейімделуіне
жағымды ықпал көрсетеді;
-
бірінші курс студенттерінің университеттік
ортаға бейімделу процесіне тұлғалық фактор
-
лар болып табылатын коммуникативтілігі мен
алғырлығы сияқты жеке қасиеттері әсер етеді;
-
студенттердің алғашқы оқу жылында
жоғары оқу орнына, студенттік өмірге бейім-
делуіне неғұрлым нәтижелі әдісі – тәлімгерлік.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында кон
-
тент-талдау, онлайн-сауалнама сияқты әдістер
қолданылды. Зерттеу мәселесіне арналған осыған
дейінгі ғылыми әдебиеттердің мазмұнына тал
-
дау жасалынды. Пандемия салдарынан орын
алған өзін-өзі оқшаулануға байланысты бірінші
курс студенттерінің қатысуымен онлайн-сауал
-
нама жүргізілді.
Онлайн форматындағы сауалнамаға 180
бірінші курс студенті қатысты. Зерттеуге
қатысқан білім алушылар кластерлік (ұяшықтық)
іріктеу арқылы жинақталды. Педагогикалық,
техникалық сияқты ғылыми бағыттар бой
-
ынша 14 бірінші курс студенттік оқу топта
-
ры таңдалынып, топтағы барлық студент
-
терге онлайн сауалнамаға қатысу ұсынылды.
Нәтижесінде, негізінен, сұрауға педагогикалық
(49%) және техникалық (43%) салалардың білім
алушылары қатысты. Зерттеу мәселесіне бай
-
ланысты сауалнамаға бірінші курс студенттері
қатысқандығынан респонденттердің 97%-ы 18
жастағы білім алушылар екені анықталды.