Мақалада бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделу мәселесі зерттеледі



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата04.12.2023
өлшемі422,83 Kb.
#194871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
admin, ##default.groups.name.editor##, Болысбаева А.К.

Ключевые слова:
адаптация, адаптация студентов первого курса, наставничество, тренинг, 
консультация, дистанционное обучение.
Кіріспе
Болашақ маман иелерінің өз мансабын
-
да жетістікке жетуін анықтайтын негізгі 
факторлардың бірі жоғары мектепке бейімделу 
кезеңінің толыққанды, сәтті өтуі болып табыла
-
ды. Өйткені студенттердің білім беру жүйесіне, 
өзінің білім алатын орнына интеграциясы 
мәселесі болашақ мамандардың кәсібилілігіне, 
құзыреттілігіне, қоғамды алға қарай дамыту
-
да өз кәсібін ұтымды пайдалануына тікелей 
әсер ететіні сөзсіз. Соның ішінде, жоғары оқу 
орындарының білім алушыларына, әсіресе, 
күні кеше мектеп түлектері болған бірінші курс 
студенттеріне университет ортасына әлеуметтік 
бейімделуі күрделі болуы мүмкін. Алғашқы оқу 
жылында студенттердің бейімделу процесінің 
қиындығы ең алдымен, жоғары оқу орнында 
мектептегі оқыту әдістерінен бөлек, білім беру 
процесінің өзіндік ерекшеліктері, оқу тәртібі мен 
талаптарындағы жаңашылдықтары болуымен, 
күнделікті тұрмыс жағдайындағы өзгерістер, 
яғни білім алушылардың тұрғылықты мекен
-
жайын отбасынан бөлек жатақханаларға ауыс-
тыруы, топішілік оқу үлгерімдеріндегі айырма-
шылықтар, жаңадан университет қабырғасында 
оқытушылармен және басқа студенттермен 
тұлғааралық қарым-қатынастар ережелерін иге
-
ру, қалыптастыруымен байланысты. 
Қазіргі кезде ғылым салаларындағы үздіксіз 
жаңалықтар, қоғамның қарқынды технологиза
-
циясы процесі жастардың жаңашылдықтарға, 
инновацияларға, өзгерістерге икемді, тез бейім-
делгіш қасиеттерінің болуын талап етеді. 


153
А.К. Болысбаева
Жақын арада орын алған пандемия қоғамның 
барлық салаларында көптеген өзгерістер әкелді. 
Соның ішінде білім беру саласында да каран
-
тин жағдайына байланысты көптеген өзгерістер 
орын алды. Соның бірі – қашықтықтан оқыту 
форматының оқу процесінде кең пайдаланылуы. 
Қашықтықтан оқыту форматы, негізінен алғанда, 
бұрыннан қолданыста бар оқыту формаларының 
бірі болып табылатынымен, мұндай өткір 
қажеттіліктен туындаған, жаппай кең етек алған 
емес деуге болады. Бүгінгі күні қашықтықтан 
оқыту форматына студенттердің бейімделуі 
өзекті тақырыптардың біріне айналды. 
Бірінші курс студенттерінің жоғары оқу 
орнына интеграциясы білім беру жүйесіндегі 
күрделі мәселелердің бірі болып табылады. 
Өйткені студенттердің алғашқы оқу жылында 
бейімделуі процесінің өту барысы, нәтижелілігі 
олардың мамандығы бойынша білімдер мен 
практикалық дағдыларды игеруіне тікелей әсер 
етеді. Зерттелініп отырған мәселенің көптеген 
тұстары біраз жылдар бойы әлеуметтік-
гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдар сала
-
лары тарапынан қарастырылады. Студенттердің 
жоғары білім алу мәселелерін, олардың 
университеттік ортаға бейімделуін отандық 
зерттеушілер Г.С. Абдирайымова, Г.О. Абдике
-
рова, Г.Т. Алимбекова, К.У. Биекенов, З.Ж. Жа
-
назарова, Г.А. Кенжакимова, Б.Н. Кылышбаева, 
А.Т. Омарова, И.С. Сарыбаева және басқалары 
жан-жақты зерттеген. Алайда, пандемия салда
-
рынан орын алған қашықтықтан оқыту кезінде 
студенттердің жоғары білім беру жүйесіне ин
-
теграциясы тақырыбына қатысты зерттеулер 
қажеттігі туындап отыр. Сондықтан бұл зерт
-
теу жұмысымызда бірінші курс студенттерінің 
онлайн форматында оқыту кезінде жоғары оқу 
орнына бейімделуі процесінің өту барысын жан-
жақты қарастыру өзектілігі артып отыр.
Жастардың студенттік өмірге әлеуметтік 
бейімделуі көп қырлы, ұзақ процестердің бірі 
болып табылады. Бірінші курс студенттерінің 
жоғары оқу орнына әлеуметтік бейімделуінің 
нәтижелі, оңай өтуі бұл процеске тікелей 
қатысатын екі тарапқа, яғни, студенттердің 
өздеріне және университет ортасына, яғни уни
-
верситет басшылығына, оқытушыларға, басқа 
студенттерге байланысты. Сондықтан білім беру 
жүйесін тек студенттердің кәсіби білім алуына 
ғана емес, сонымен бірге, қоғамды дамытуға 
өз үлесін қоса алатын жеке тұлғаны, танымдық 
және шығармашылық қабілеттерін дамыту
студенттердің қоғамда сәтті әлеуметтенуін және 
еңбек нарығына тез әрі нәтижелі бейімделуін 
қамтамасыз ету сияқты жоғары оқу орындары
-
на қойылатын маңызды әлеуметтік талаптар
-
ды орындауы үшін бірінші курс студенттерінің 
университеттік ортаға тез әрі сәтті бейімделу 
процесіне көмектесуі өзекті екендігі анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет