Қорытынды
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай
келе, бірінші курс студенттерінің университеттік
ортаға, жоғары білім беру жүйесіне тез әрі
толыққанды бейімделуі үшін бірқатар ұсыныстар
жасалынды.
Бірінші курс студенттеріне университеттік
ортаға бейімделу әдістерінің оқытушылармен,
куратор-эдвайзерлермен бірігіп жүргізетін кон-
сультациялар, тренинг, тәлімгерлік сияқты
әдістерінің маңыздылығы анықталды. Сондық-
тан оқытушылар мен куратор-эдвайзерлер
бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына,
жоғары білім беру жүйесіне бейімделу процесін
оптимизациялау үшін консультация, тренинг,
тәлімгерлік әдістерін көптеп қолдануы қажет.
Оқытушылар мен кураторлар консультация
-
ларды емтихан алдында, сонымен бірге жыл бой
-
ына өткізіп, пән бойынша, әрі білім алушылардың
басқа да студенттік өміріндегі мәселелер бойын
-
161
А.К. Болысбаева
ша кеңес бергені абзал. Көріп тұрғанымыздай,
студенттердің университеттік ортаға әлеуметтік
бейімделуінде куратор-эдвайзерлердің орны
айрықша. Көбіне көп, университет қабырғасында
бірінші курс студенттерінің тәлімгері рөлін
куратор-эдвайзерлер атқарады. Бірінші курс
студенттері университетке алғашқы келген
күндерінен бастап, оқытушылар тарапынан
олармен куратор-эдвайзерлер жиі араласады.
Сондықтан кураторлар студенттеріне таңдаған
мамандықтары туралы көбірек ақпарат беріп,
болашақ кәсіп түріне қызығушылықтары мен
сүйіспеншілігін арттыруы тиіс. Өйткені, оқып
жатқан мамандығына қызығушылығы жоғары
студенттің жаңа білімдер алуға, өз кәсібінің
нағыз шебері болуға ынтасы артады. Бұл өз
кезегінде, бірінші курс студентінің жоғары
оқу орнында тез әрі сәтті бейімделу процесіне
жағымды ықпал етеді. Куратор-эдвайзерлер мен
студент арасында сенімді, өзара түсіністікке
және өзара сыйластыққа негізделген қарым-
қатынас қалыптасуы үшін куратор өзінің ба
-
рынша кәсіби және тұлғалық қасиеттерін
көрсете білуі тиіс. Кураторлардың студенттерді
университеттік ортаға бейімдеу қызметінің
сәтті өтуі эдвайзерлердің өз тобындағы әрбір
студенттің тұлғалық ерекшеліктері, оқу
үлгерімі, қызығушылықтары, құндылықтары,
қажеттіліктері, топ ішіндегі өзара қарым-
қатынас, студенттің отбасындағы жағдайы, дос-
тары туралы хабардар болуымен байланысты.
Ол үшін тек құжаттармен жұмыс жасап қана
қоймай, студенттермен, оқытушылармен, ата-
аналарымен жеке және топтық әңгімелесулер,
сауалнама сияқты әдістер қолдану қажет.
Зерттеуге қатысқан студенттердің көпші-
лігінің өзінің мамандығын қоғамға пайда
-
лы болу және бала кезінен бергі арманын
орындау үшін таңдағаны анықталды. Зерттеу
нәтижесінде студенттердің мамандығын таңдау
мотивтерінің олардың жоғары оқу орнына, білім
беру жүйесіне бейімделуіне тікелей әсер ететіні
анықталды. Өйткені қоғамға пайдалы болу
және бала кезінен осы кәсіп түрімен айналысу
үшін осы мамандықты таңдаған бірінші курс
студенттері пәннің оқу-әдістемелік кешенімен
жұмыс жасауға, оқу процесінің ұйымдастырылу
(дәріс, практикалық сабақтар, студенттің өзіндік
жұмыстары) ерекшеліктеріне, тобындағы басқа
сту денттермен және оқытушылармен бірі-
гіп жұмыс жасауға тез үйренісіп, бейімдел ге ні
анық талды. Осыған байланысты кураторлар тәр-
бие сағаттарында студенттерге қоғам алдындағы
жауапкершілігін, өзінің мамандығына қызы-
ғу шылығын, сүйіспеншілігін арттыру үшін,
дәрістер мен практикалық сабақтарда оқы-
ту шылар студенттердің пәнге деген қызығу-
шылығын арттыру үшін түрлі алдыңғы қатарлы,
жаңашыл оқыту әдістерін таңдауы қажет.
Зерттеуге қатысқан студенттердің пікірі
бойынша университеттік ортаға тез әрі сәтті
бейімделу үшін жеке тұлғалық және кәсіби
қасиеттердің маңызы өте зор. Оның ішінде,
әсіресе, коммуникативтілігі, тез тіл табыса
білуі, тәрбиелігі, өнегелігі, алғырлығы сияқты
тұлғалық қасиеттердің, өзінің мамандығын
бастапқы уақытта тез әрі сәтті игеруге қажетті
теориялық және практикалық білімдердің бо
-
луы, өз бетімен және топпен жұмыс жасай
білуінің маңыздылығы ерекше атап көрсетілді.
Сондықтан бірінші курс студенттерінің оқыту-
шылармен және басқа студенттермен бірігіп
жұмыс жасағанда, араласқанда қолайлы жағ-
дайлар жасау үшін, білім алушылардың
коммуникативтік қабілеттерін дамыту үшін,
студенттердің теориялық және практикалық
білімдерін арттыру үшін, студенттердің өздері
де, оқытушылар да үлес қосқаны жөн.
Қорытындылай келе, зерттеудің мақсаты,
яғни бірінші курс студенттерінің жоғары оқу
орнына бейімделуі жан-жақты қарастырылып,
өзекті мәселелері анықталды. Алға қойылған
зерттеу гипотезалары сауалнама нәтижелерін
талдау негізінде дәлелденді. Ғылыми жұмыстың
нәтижелері алдағы уақытта студенттердің
университеттік ортаға бейімделуіне байланыс-
ты теориялық және практикалық жұмыстарда
қолданыла алады.
Студенттердің жоғары оқу орнына бейім-
делуі барлық оқу жылдары бойына жал ғасуы
мүмкін процесс болып табылады. Өйткені сту
-
дент оқу тобына, кураторына, бұрын танысқан
оқытушыларына үйренісіп, сәтті бейімделсе
де, мұнымен бейімделу процесі аяқталмайды.
Себебі, әрбір семестрде жаңадан пәндер баста
-
лады, нәтижесінде студенттер жаңа білімдер
және жаңа оқытушылармен танысады. Әрбір
оқытушының оқыту стилінде өзгешеліктер
болуы мүмкін. Сонымен бірге, әрбір пәннің
өзіндік ерекшеліктері бар. Осымен қатар,
өндірістік тәжірибелер кезінде студенттер
болашақтағы кәсібі бойынша қызметінің нақты
жағдайларына жақындай түсуге мүмкіндік ала
-
ды. Яғни студенттерде бұл кезеңде де жоғары
білім беру жүйесіне бейімделу процесі жүреді.
Сондықтан, студенттердің жоғары оқу орнына,
жоғары білім беру жүйесіне, студенттік өмірге
бейімделу процесіне барлық оқу жылдары бой
-
ына студенттің өзі де, жанұясы да, университет
тарапынан да ерекше көңіл бөліну қажет.
162
Бірінші курс студенттерінің жоғары білім беру жүйесіне бейімделуі (қашықтықтан оқыту контексінде)
Достарыңызбен бөлісу: |