Магнит өрісін оқыту әдістемесі орындағАН: Қалдыбаева Назым


Магнит индукциясының векторы



бет4/4
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#143428
1   2   3   4
Байланысты:
магнит

Магнит индукциясының векторы

Магнит индукциясының векторы магнит өрiсiнiң күштiк сипаттамасы болып табылады.

Магнит индукциясы векторының бағыты ретiнде ток әсерiнен туған кейбiр магнит өрiсiнде еркiн қозғала алатын магнит тiлшесiнiң оңтүстiк S полюсiнен солтүстiк N полюсiне бағыты алынған. Бұл бағыт тогы бар тұйық контурға түсiрiлген оң нормаль бағытымен сәйкес келедi.

Магнит индукциясы векторының модулi магнит өрiсi тарапынан тогы бар өткiзгiштiң бiр бөлiгiне әсер ететiн максималды күштiң ток күшiнiң сол бөлiк ұзындығына көбейтiндiсiнiң қатынасына тең:

СИ жүйесiнде Магнит индукциясының бiрлiгi ретiнде бiр тесла (1 Тл) – ұзындығы 1 м өткiзгiш бөлiгiне 1 А ток күшi болғанда өрiс тарапынан Fmax = 1 H максималды күш әсер ететiн бiртектi өрiстiң магнит индукциясы қабылданған.

Ампер күші – магнетизмнiң негiзгi заңы

Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан әсер ететiн күштi Ампер күшi деп атайды.

Ток элементiмен α бұрышын құрайтын индукциясы болатын магнит өрiсi тарапынан I тогы бар өткiзгiштiң аз ғана кесiндiсiне әсер ететiн Ампер күшiнiң модулi F мына формула бойынша анықталады:

Ампер күші магнит индукциясы векторын ток күшіне, өткізгіш бөлігінің

ұзындығына және магнит индукциясы менөткізгіш бөлігінің арасындағы бұрыштың синусына көбейткендегі көбейтіндісіне тең.

Ампер күшінің бағытын сол қол ережесі бойынша анықтаймыз

Сол қол ережесі

Егер сол қолымызды В магнит индукция векторының өткізгішке перпендикуляр құраушысы алақанға кiретiндей етiп, ал ашылған төрт саусақ токпен бағытталатындай етiп орналастырсақ, онда 90o-қа қайырылған бас бармақ өткізгіш кесiндiсiне әсер ететiн күштiң бағытын көрсетедi.

Лоренц күші-қозғалысқа түскен зарядталған бөлшекке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күш

Магнит өрiсiнде қозғалатын электрондардың бастапқы бағытынан ауытқуына әкелiп соғатын Лоренц күшi, табиғаттың көптеген құбылыстарында кездеседi. Мысалы, «полярлық шұғыла» құбылысы

Лоренц күшiнiң модулi ұзындығы Δl өткiзгiш бөлiгiне әсер ететiн F күшiнiң модулiнiң өткiзгiштiң осы бөлiгiндегi қалыптасып қозғалатын зарядталған бөлшектердiң N санына қатынасына тең:

Лоренц күшiнiң бағыты сол қол ережесi бойынша анықталады.

Егер сол қолды заряд жылдамдығына перпендикуляр магнит индукциясының құраушысы алақанға кiретiндей етiп, ал төрт шығыңқы саусақ оң заряд қозғалысының бағытына нұсқайтындай етiп орналастырса, онда 90o-қа иiлген үлкен саусақ зарядқа әсер ететiн Лоренц күшiнiң бағытын көрсетедi.

Заттың магниттiк қасиеттерi. Ферромагнетиктер

Магнит өтiмдiлiгi μ - бұл ортаның магниттiк қасиеттерiн сипаттайтын өлшемсiз шама және ол ортаның В магнит индукциясы векторының модулiнiң кеңiстiктiң сол нүктесiндегi вакуумдағы В0 магнит индукциясы векторының модулiне қатынасына тең:

Магнит өрiсiне енгiзiлген барлық денелер магниттеледi, яғни меншiктi магнит өрiсiн туғызады. Магниттiк қасиеттерi бойынша магнетиктер шартты түрде 3 топқа бөлiнедi: диамагнетиктер, парамагнетиктер және ферромагнетиктер.

назарларыңызға рахмет!

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет