Ойлаудың функционалды және операционалды жоспары (М. Мұқанов)
Түсіну ойлау процесі ретінде (А.Ким)
Дәрістің мақсаты:
Ойлауды зерттеген мектептердің зерттеулерін талдау және интерпретациялау
Дәрісте қаралатын сұрақтар:
1. Қазақстандағы психология ғылымындағы ойлауды зерттеу
2. Ақыл-ойдың этнопсихологиясы
3.Түсіну ойлау процесі ретінде.
Қазақстандағы психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі-ғалым ұстаз М.М. Мұқановтың зерттеулерінің негізі, ақыл-ой мәселелерін тарихи-этностық аспектіде қарастырған. М.М. Мұқановтың ақыл-ойдың этностық аспектілері жайлы зерттеулері қазақ халқына тән салт-дәстүрлер, әдет ғұрыптар, тарихи оқиғалар, мәдени даму деңгейлері негізінде ойлауды этностық аспектіде зертеп, қазақ этносының интеллектік дамуының жоғарғы сипатын әлемге паш етті. Барлық теориялық-эксперименттік зерттеулері Қазақстанның этнопсихологиялық зерттеулері үшін фундаменталды білімдер болып саналады.
Кейбір психологтардың (Л. Леви-Брюль т. б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мәселен, атом бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр. Тағы бір нақты мысал. Белгілі АҚШ этнопсихологы Маргарет Мид (1901-1975) Тынық мұхит аралдарының бірінде, өзге дүниемен ешқандай қарым-қатынас жасамай өмір сүріп келе жатқан, бір тайпа ел бар екенін анықтады. Бұл тайпаның тіршілігіндегі көп ерекшеліктің бірі балалар да, үлкендер де қуыршақ дегеннін не екенін білмейді екен. Осы айтылғандар ғалымның Мәдениет эволюциясындағы сабақтастық (1964) сутегінде айтылған.
Ой тәсілдері
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау — түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой аркылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез — бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс.
Бұл екеуі — бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл — анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен қүрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т. б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген.
Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т. б.) әр қилы көрініп отырады. Мәселен, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің қағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді.
Анализ бен синтездің негізівде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады Салыстыруда:загтардың ұқсартық, айырмашылық, қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне, құрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясынын, күрделі түрі — абстракцы мен жалпылау.
Достарыңызбен бөлісу: |