Мамандығы: 0304000 «Стоматология»


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы



бет4/10
Дата15.09.2017
өлшемі3,19 Mb.
#33876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 34,5 мин (35%)

1. Перкуторлық дыбысты төмендететін негізгі фактор:



  1. Мүшенің тығыздығы

  2. Дыбыс толқындарының амплитудасының төмендеуі

  3. тері және теріасты клетчаткасы

  4. Қабынуға байланысты мүшенің тығыздалуы

  5. Кеуде торшасының айқын қалыңдауы

2. Перкуторлық дыбыстың негізгі параметрлері: а) мүше тығыздығы b) ұзақтығы

c) биіктігі

d) күші e) Кеуде торшасының айқын қалыңдауы

3. Перкуторлық дыбыстың күшеюі неге байланысты: а) тіндердегі тербеліс амплитудасына

b) дыбыстың ұзақтығына c) мүше ауалағының жоғарылауы

d) соққы күшіне e) дыбыс толқындарының амплитудасының жоғарылауы

4. Тікелей аускультацияның негізгі кемшілігі:

а) шағын аймақтан дыбыстың естілмеуі

b) ыңғайсыз

c) гигиенаға сай емес

d) әдепсіз

e) жүргізілмейді

5) Тікелей аускультацияның негізгі кемшілігі:

а) төмендегілердің жиынтығы

b) кейбір дыбыстардың естілмеуі

c) кеуде торшасының тербелісінің болмауы

d) дыбыстардың сықырлауы

e) шектеу мүмкіндігі

6. Амфоралық тыныс пайда болады:

а) өкпенің ауалығының жоғарылауы

b) бронхпен байланысқан қуыстың болуы

c) тығыздалудың болуы

d) плевра қуысында сұйықтықтың болуы

e) плевра қуысында қанның болуы

7. Ылғалды сырылдар қандай жағдайда естіледі:

а) плевралдық қуыста қабыну үдерісі болса

b) бронхтардың тарылуы

c) альвеолалардың жабысуы

d) бронхта сұйықтықтың жиналуы

e) плевра қуысында сұйықтықтың болуы

8. Қандай өкпелік синдромда перкуторлық тұйықтық болып, тыныс шулары болмайды?

а) өкпелік инфильтрат

b) эмфизема

c) пневмоторакс

d) гидроторакс

e) дренаждалған өкпе абсцесі

9. Крепитация пайда болуының негізгі себебін атаңыз:

а) альвеолаларда аздаған экссудаттың болуы

b) бронхтардың шырышты қабатының ісінуі

c) бронхоспазм

d) гидроторакс

e) бронхтарда тұтқыр қақырықтың жиналуы

10. Айналасындағы тіндердің зақымдалуынсыз бронхтарда сұйық секреттің болуы кезінде тыңдалады:

а) дыбыссыз ылғалды сырылдар

b) ысқырықты сырылдар

c) крепитация

d) дыбысты ылғалды сырылдар

e) ызыңдаған құрғақ сырылдар


Есептер:

1. Дәрігер науқастың кеуде торшасын қараған кезде оң жақ қабырғааралықтардың жазылуын, кейбір қабырғалардың ісінгенін байқады. Сонымен қатар оң жақ кеуде торшасының тыныс актісінде қалыңқылығы анықталады.

Дәрігер қандай патологиялық үдеріс туралы және қай жердің зақымданғаны туралы ойлауы керек?


2. Соңғы 2-3 айда И атты науқасты, 42 ж, жұмыс аяғында әлсіздік, шаршағыштық мазалаған. Температурасы жоғарыламаған, 4 кг арықтаған. Құрғақ жөтел мазалай бастаған. Түскен күні сол жақ кеуде торшасында ауырсыну және жөтелгенде қанды қақырық бөлінуі байқалған, бозарған, азғын. АІТ жағынан ешқандай шағымдары болмаған. Тромбофлебитпен ауырмаған. Сол жақ мойын, бұғана аймағында тығыз ауырсынусыз түйін сезіледі. ТЖЖ 28рет мин. Перкуссияда сол жақта жауырынның төмен деңгейінде перкуторлық дыбыстың қысқаруы, тыныс әлсіреген бронхиалды реңмен. Пульс 100 рет. мин., жүрек тондары анық, шекаралары қалыпты. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.

Науқастағы негізгі клиникалық синдромдарды атаңыз, тексеру жоспарын құрастырыңыз.



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

  1. Плевра қуысына су жиналу синдромын қандай жағдайда кездеседі?

  2. Транссудат деген не?

  3. Экссудат деген не?

4. Плевра қуысына су жиналу синдромында қандай клиникалық көрініс болады.

5. Рентгенологиялық белгілер.

6. Плевра қуысына ауа жиналу синдромын қандай жағдайда кездеседі?

7. ЭКГ, УЗИ зерттеу әдісі?



13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

• Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

• Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1 бөлім 3;

Н-2 бөлім 3;
4 Сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Жүрек-қантамыр жүйесінің негізгі аурулары. Жүрек-кантамыр жүйесінің негізгі аурулары туралы түсінік: артериалды гипертензия, атеросклероз

2. Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: Аралас

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: - студентерге жүрек- қантамыр жүйесінің негізгі аурулары - артериалды гипертензия, атеросклероз аурулары кезінде этиопатогенезі, симптомы және синдромдарын анықтауды үйрету.

тәрбиелік:- студентерге жүрек- қантамыр жүйесінің негізгі аурулары - артериалды гипертензия, атеросклероз аурулары бар науқастарға дұрыс күтім жасауды таныстыру.

дамыту: - жүрек- қантамыр жүйесінің негізгі аурулары - артериалды гипертензия, атеросклероз аурулары кезінде зерттеу әдістері мен емдеу қағидаларын жетілдіру



5. Оқыту әдісі: Пресс-конференция

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Қағазбен басып шығарылған тесттер; Қағазға басып шығарылған оқу-әдістемелік нұсқаулар; Оқу фильмдері; Тақырыптық плакаттар, кестелер.

б) оқыту орны: оқу бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Қазақ тілінде:

1. Ішкі аурулар. Б.С. Калимурзина. - 2005.

Орыс тілінде:

1. Внутренние болезни: учебник: в 2-х т. + CD. Мухин Н.А., Моисеев B.C., Мартынов А.И. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2009. Т. 1 - 672с; Т. 2 - 592 с.

2. Терапия с курсом ПМСП. Смолева Э.В - Ростов-на Дону «Феникс», 2008.

3.Внутренние болезни. В.И.Маколкин, С.И.Овчаренко. – М., Медицина, 2005г.
Қосымша:

1. Акушерство и гинекология. Г.К. Степанковский, Б.М. Венцковский. - М., 2008.

2. Лекарственные средства. Машковский М.Д. - М., 2009.

3. Новые технологии в образовательном процессе. УчебнН-методическое пособие. Муминов Т.А., Даулетбакова М.И. - Алматы, 2003.

4. Синдромная патология дифференциальная диагностика и фармакотерапия. Г.Д. Тобулток. - М., 2006.

5. Скорая медицинская помощь. Руководство для фельдшеров А.Л. Верткий. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 400 с.

6. Терапия с курсом ПМСП. Э.В. Смолева. - Ростов-на Дону, «Феникс», 2008.

7. Туберкулез легких и его дифференциальная диагностика (клиникН-рентгенологический атлас). В 2-х т. Муминов Т.А. -Алматы, 2003.- 808 с.

8. Фельдшер скорой помощи. Шелехов К.К. - «Феникс», 2007.

9. Болезни оргонов дыхания. Палеев Н.П. - М. - Медицина. - 2000. - 728 с.

10. Фельдшер общей практики. Э.В. Смолева, Степанова Л.А. - «Феникс» 2003.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 4,5 мин (5%)

• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

• Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

• Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.12,5 мин (15%)

Білімді тест арқылы бағалау



10. Жаңа сабақты түсіндіру : 30 мин (30%)

Жүрек патологиялары бар науқастардың негізгі шағымдары: ентігу, жүрек тұсының ауырсынуы, жүрек қағуы, жүректің дүрсілдеуі, ісіну, жөтел, қан түкіру, бас ауыру, бас айналу.



Ентігу (dyspnoe) – жүрек ауруының жиі кездесетін себептерінің бірі. Бұл қанайналым қызметінің жетіспеушілігін көрсететін бірден бір белгі болып есептеледі. Ентігуге қарап жүрек қызметі жетіспеушілігінің шамасын анықтауға болады. Жүрек ауруының бастапқы сатысында ентігу тек ағзаға физикалық күш түскенде ғана білінеді. Кейінірек ол сөйлесу кезінде, ас ішкеннен кейін де, жүрген кезде де біліне бастайды. Ал асқынған жүрек ауруларында ентігу орталығын қоздыратын бірнеше себеп-шарттарға байланысты өрбиді. Ентігу кезінде тұншығу пайда болуы мүмкін, мұны жүрек демікпесі деп те атайды. Бұл ұстама тыныштық күйде де, физикалық және эмоционалдық күш түскеннен кейін де пайда болады, сол сияқты ол ұйықтаған кезде де болуы мүмкін. Бұл кезде кейде көбінесе қан аралас көбікті қақырық түскені байқалады.

Жүрек тұсындағы ауыруын жүреі ауыратын науқастар шағымының маңызды түрі. Ауыру көп жағдайда жүректің тәж артерияларының қан айналымының жіті жетіспеушілігі кезінде туады, кейін миокардтың ишемиялық ауруына душар етеді. Бұл стенокардия синдромын құрайды. Оның сипаты өткір, тұйық шаншып ауыру, төс артында ауырлық немесе қысу сезімі, төс ұшы аймағы ауыруы, көбіне физикалық күш түскенде, кейде тыныштық күйде де дамиды.

Ауыру әдетте төс астынан не одан біршама солға қарай және көп жағдайда сол жақ жауырын астына беріледі. Ауырғаны мойынға, иекке немесе сол жақ қолға да берілуі мүмкін. Стенокардиядағы ауырсыну нитроглицерин қабылдағанда немесе физикалық күшті тоқтатқанда басылады.

Ауырсыну басқа себептеріне жүрек аймағындағы миокардта, перикардта, тәж тамырларында қабыну үдерістерінің болуы да тудыруы мүмкін.

Жүректің қағуы ауру адамның жүрегінің дүрсілі күшейіп, дүмпуі жиілейді. Ол жүрек қызметін реттейтін нерв жүйесінің жоғарғы дәрежеде қозуына байланысты өрбиді. Жүрек дүрсілінің күшеюі (миокардит, миокард инфаркті, жүрек ақауы кезіндегі) жүрек бұлшықеті зақымдалуының белгісі болып табылады. Жүрек ауруларының ауыр түрімен ауыратын адамдарда әрдайым жүрек дүрсілі байқалады, ол әсіресе пароксизмалды тахикардия кезінде ұстамалы түрде білінеді. Кейде науқастар жүректің ауытқуын, оның тоқтап қалғаны сияқты сезеді.

Қарау. Ауру адамның жалпы сыртқы түріне, төсектегі қалпына, терісі мен көрінетін кілегей қабаттарының түсіне қарайды. Осы кезде цианоз бар ма жоқ па анықталады. Жүрек аурулары бар науқастарда шеткері цианоз, яғни акроцианозды (мұрын ұшы, құлақ қалқаны, еріндері, тілі, саусақтардың тырнақты фалангалары) жиі байқаймыз. Митралды стенозы бар науқастарда бозарған беттегі цианоздық реңді қызару байқалады ("facІ)es mІ)tralІ)s").

Мойын аймағын қарағанда тамырлар жағдайына көңіл аударған жөн. Дені сау адамдарда ұйқы артериясының тек болмашы ғана пульсациясын байқаймыз. Қолқа қақпағының жеткіліксіздігінде бұл пульсация өте байқалады және «каротидтер биі» деген атқа ие. Оңқарыншалық жеткіліксіздігі бар, үшжармалы қақпақтың зақымдалуымен жүретін науқастарда мойын көктамырларының ісінуі байқалады.



Жүрек аймағын пальпациялау. Пальпация арқылы жүрек ұшының түрткісін, жалпы жүректің соғуын, жүрек тұсындағы пульсацияларды, кеуде дірілін анықтауға болады. Жүрек ұшының түрткісін анықтау үшін оң қолдың алақанын жүрек тұсына қоямыз, саусақтар қолтыққа бағытталып 3-ші, 4-ші қабырғалар аралығында анықталуы тиіс. Алақан жүрек ұшын басып жатуы тиіс. Сонымен жүрек ұшын анықтаған соң, оның жалпы сипатына мән береді: жүрек ұшының жатқан жерін, оның аумағын, күшін, биіктігін, серпімділігін зерттей қарайды. Қалыпты жағдайда жүрек ұшы түрткісі ортаңғы бұғана сызығынан 1-2 см оңға қарай 5-ші қабырға аралықта жатады. Адам тік тұрса өзгерістер болмауы тиіс.

Жүрек ұшының солға ығысуы сол қарынша кеңейгенде (миокардтың зақымдалуы, жүрек ақаулары) кездеседі. Плевра қуысында сұйықтық жиналуы жүректі және оның ұшының түрткісін сау жағына қарай ығытырады, ал плевроперикардиалды жабысулар оларды ауру жағына қарай ығыстырады.



Артериалды пульс қасиетін анықтау. Сфигмография

Жүрек-тамыр жүйесін тексерудегі пальпация әдісі шынтақ буынынан төмен орналасқан шынтақ артериясының пульсін анықтаудан басталады. Шынтақ артериясын пальпациялағанда оның келесі қасиеттерін анықтайды:

1) ырғағын;

2) жиілігін;

3) толымдылығын;

4) кернеулігін;

5) биіктігін;

6) түрін.



Аускультация. Жүрек-тамыр жүйесін тексерудегі физикалды әдістердің ішіндегі ең маңыздысы жүректі тыңдау болып табылады. Аускультацияда жүректің жұмысы кезінде туындайтын дыбыстар бағаланады (тондар, шулар).

Жүрек аускультациясының жалпы ережелері тура өкпе аускультациясының ережелеріндегідей.

- жүректі дем алудың әр фазасында тыңдау қажет: жүректі дем алмай тұрғанда тыңдаған өте дұрыс, неге десеңіз бұл кезде өкпедегі дыбыс жүректің дыбысына кедергі болмайды.

- жүректі жатқан және тұрған (отырған) қалыпта кезектестіріп тыңдаған жөн.

- кейбір жағдайларда жүректі физикалық жүктемеден кейін қайта тыңдаған дұрыс, ол дыбыстардың өзгерістерін анықтауда маңызы зор болып келеді.

Жүректі төменде көрсетілген тәртіппен тыңдайды: ең бірінші жүрек ұшынан екі жармалы қақпақша , екінші қабырғааралығы оң жақтан қолқа қақпақшасы, кейін сол жақ екінші қабырғааралығында өкпе артериясы қақпақшасы, төстің төменгі жағында семсер тәрізді өсіндіні негізінде үшжармалы қақпақша, ең соңында Боткин нүктесі ол үшінші мен төртінші қабырғаның арасында төстің сол жағында орналасады.

Қалыпты жағдайда сау адамдарда бес нүктенің бәрінде де екі тон естіледі: І тон қарыншаның систоласында пайда болады, сондықтан оны систолалық деп атайды. ІІ тон қарыншаның диастола фазасында пайда болады, сондықтан оны диастолалық деп атайды. І дыбыс (тон) қысқа үзіліспен, яғни қарыншаның систола фазасынан тұрады. ІІ дыбыс (тон) ұзақ үзіліспен, яғни қарыншаның диастола фазасынан тұрады.

Жүрек шуларының пайда болуы

Пайда болу түріне қарай екіге бөлінеді:

• жүректің ішінде пайда болатын шулар (жүрек ішілік, эндокардиалды)

• жүрек сыртында пайда болатын шулар – жүректен тыс, экстракардиалды

Жүрек ішінде пайда болатын шулар жүрек қақпақшаларының деформациялық өзгерістерінен, ақаулардан, атриовентрикулярлық және айшық тәрізді қолқа және өкпе артериясының қақпақтарының әрбір бөлек немесе бірімен-бірі қосылып, тарамыс тәрізді хордалардың қысқаруы және басқа да өзгерістер жүрек ішінен пайда болатын шуларды туғызады. Жүректе органикалық өзгерістердің әсерінен болатын шуларды органикалық деп атайды.

Жүректе қақпақшалар қызметінің өзгерісінсіз пайда болатын шуларды функционалдық деп атайды, бұлар әсіресе жұқпалы ауруларда, анемияда, нерв жүйесініңқозғыштығында, Базед ауруында, т.б. жағдайларда кездеседі.

Артериялық гипертония немесе артериялдық гипертензия – артериялдық қысымның жоғарылауын білдіретін симптом. Артериялдық гипертензия гипертониялық аурудың және басқа да симптоматикалық артериялық гипертонияның негізгі белгісі болып табылады.

АГ жіктелуі

Категориясы

САД (мм с.б.б.)

ДАД (мм с.б.б.)

Оптималды

<120 (100 -119)

<80 (60 -79)

Қалыпты

<130 (120 -129)

<85 (80 -84)

Жоғары қалыпты

130-139

85-89

1 дәрежесі жеңіл

140 -159

90 -99

2 дәрежесі орташа

160 -179

100 - 109

3 дәрежесі ауыр

>180

>110

Аяқтағы қалыпты сандары 150-180/90-100 мм с.б.б. (аяқтардағы АҚ қолдағыға қарағанда 20-40 мм с.б.б. жоғары).

Гипертониялық ауру (эссенциалды гипертензия) жүрек-қантамыр ауруларының ең жиі тараған түріне жатады. Гипертониялық ауру барлық артериялдық гипертониямен ауыратындардың 65-75%, симптоматикалық артериалық гипертониямен ауыратындар - 25-35% құрайды.



АГ синдромының белгілері

Бастапқы кезеңдерінде науқастар еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, жалпы әлсіздікке, жұмысқа ден қоя алмауына, ұйқысыздыққа, өтпелі бас ауруына, бас айналуға, құлақтың шуылдауына, бастағы ауырлық сезіміне, кейінірек физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, бас ауруы мен бас айналудың тұрақты сипат алуына шағымданады.



Ағымының 4 нұсқасын ажыратады:

1 - қатерлі (тез өршитін);

2 – баяу өршитін;

3 - өршімейтін;

4 – қайтымды дамуымен;

Қатерлі түрінде АҚ бастапқы кезден-ақ тез өршиді, АҚ өте жоғары сандарына жетеді ( 220/130-140 мм с.б.б. жоғары), көз түбінің торқабықтың және көру нервінің ісінуі ретінде зақымдалады, геморрагиялар болады; бүйрек тамырларындағы органикалық өзгерістер (фибриндік некроз) орны алуы да жиі кездесіп отырады. Сонымен қатар гипертониялық энцефалопатиялар, ми қанайналымының бұзылысы, жіті солқарыншалық және бүйректік жеткіліксіздік дамиды.



Гипертониялық криз

Гипертониялық ауруға кезеңді түрде АҚ көтерілуі – гипертониялық криздер тән. Криздердің дамуына психикалық жарақаттар, жүйкелік қозу, атмосфералық қысымның ауытқуы әсер етеді. Гипертониялық криз әртүрлі ұзақтықтағы (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) АҚ кенеттен көтерілуімен байқалады, ол бастың бірден ауыруымен, бас айналумен, ыстық сезімінің болуымен, тершеңдікпен, жүрек қағуымен, жүрек тұсының шаншып ауруымен, кейде көрудің бұзылуымен, жүрек айнумен, құсумен сипатталады. Ауыр жағдайда криз кезінде естен тану да болуы мүмкін.

Криз кезінде науқастар қозулы, қорыққан, немесе әлсіз, ұйқышыл, тежелген күйде болады. АҚ кенет жоғарылайды. Пульсі жиіленген, бірақ өзгермеуі немесе баяулауы да мүмкін, оның кернеулігі жоғарылайды. Кеш сатыларында, яғни ауруда органикалық бұзылыстар пайда болғанда, криз уақытында ми қанайналымының бұзылуы, миокад инфаркті, жіті солқарыншалық жеткіліксіздік дамиды.

Симптоматикалық артериалдық гипертензияларды 5 топқа жіктейді.

Симптоматикалық артериалдық гипертензиялардың жіктелуі (екіншілік гипертензиялар):

І). Бүйректік гипертониялар:

1. Туа пайда болған ақаулар - гипоплазия, гидронефроз, поликистоз, патологиялық қозғалмалы бүйрек; артерияның атрезиясы мен гипоплазиясы, аневризмалар, артериовенозды фистулалар.

2. Жүре пайда болған ақаулар - диффузды гломерулонефрит, созылмалы пиелонефрит, амилоидоз, диабеттік гломерулосклероз, жүйелі васкулиттер (түйінді периартериит, қызыл жегі, склеродермия), бүйректер инфаркті, туберкулезі, ісігі.

3. Жүре пайда болған магистралды бүйрек артерияларының ақаулары - атеросклероз, тромбоз, кальциноз, эмболиялар, аневризмалар, фибромускулярлы дисплазия, аортоартериит, эндоартериит, тыртықтар, гематомалар, неоплазмалар, жаншылып жатқан магистралды бүйрек артериялары, бүйрек көктамырларының стеноздары және тромбоздары.



ІІ). Жүрек және ірі артериялардың зақымдалуымен жүретін гипертониялар – қолқа коарктациясы, атеросклерозы, ұйқы және мықын артерияларының стенозирдаушы зақымдалулары, қолқа қақпақтарының жеткіліксіздігі, толық атриовентрикулярлы бөгеме.

ІІІ). Эндокринді гипертониялар - феохромоцитома, біріншілік альдостерома, кортикостерома, тиреотоксикоз, Иценко-Кушинг ауруы.

ІV). Орталық гипертониялар - энцефалит, полиомиелит, ісіктер, жарақаттар.

V). Қосарланған зақымдалулардағы гипертония - бүйрек артерияларының, бүйрек паренхимасының және оның магистралды артерияларының, бүйрек үсті безі мен бүйректің, бүйректің әртүрлі паренхиматозды ауруларында.

АГ синдромының диагностикасы

1. Отырған, жатқан қалпында АҚ 2-3-рет өлшеу;

2. Бойының ұзындығын, дене салмағын, бел мен мықын айнала шеңберін өлшеу, бел/мықын өлшемдерінің қатынасын есептеу;

3. Гипертониялық ретинопатияның дәрежесін анықтау үшін көз түбін тексеру;

4. Жүрек-қантамыр жүйесін тексеру: жүрек көлемін, тондардың өзгеруін, шулардың болуын; жүрек жеткіліксіздігі белгілерін; ұйқы, бүйрек және шеткері артерияларының патологияларын, қолқа коарктациясын;

5. Құрсақ қуысын тексеру (тамырлық шулар, бүйректердің ұлғаюы, қолқаның патологиялық пульсациясы);

6. Шеткері артериялардың пульсациясын және аяқтардағы ісіктерді анықтау;

7. Цереброваскулярлы патологияны анықтау үшін жүйке жүйесін тексеру.



Міндетті зерттеулер, емнің алдында нысана ағзалардың зақымдалуы мен қауіп факторларын анықтау қажет:

- несеп анализі;

- жалпы қан анализі лейкоформуласымен;

- қан анализі (калий, натрий, креатинин, глюкоза, жалпы холестерин және жоғары тығыздықтағы липопротеидтер);

- 12 тіркемедегі ЭКГ.

Қосымша зерттеулер:

- кеңейтілген қанның биохимиялық анализі: холестерин, төменгі тығыздықты липопротеидтер, триглицеридтер, несеп қышқылы, кальций, гликозирленген гемоглобин;

- креатинин клиренсін анықтау;

- плазмалық рениннің белсенділігін, альдостерон, ТТГ, Т4 деңгейін;

- тәуліктік несепті тексеру (микроальбуминурия, тәуліктік протеинурия, несеппен катехоламиндердің экскрециясын);

- эхокардиография сол қарыншаның гипертрофиясын, систолалық және диастолалық қызметін анықтау үшін;

- бүйректердің УДЗ;

- АҚ тәуліктік мониторинг жүргізу; І) - ангиография;

- компьютерлік томография.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 34,5 мин (35%)

1. ~ Систолалық қан қысымының қалыпты деңгейі сынап бағанасымен:



  1. 100 – 140 мм

  2. 90 – 100 мм

  3. 100 – 120 мм

  4. 120 – 140 мм

  5. 100 - 110 мм

2.~ Диастолалық қан қысымының қалыпты деңгейі сынап бағанасымен:

  1. 60 –90 мм

  2. 60 – 80 мм

  3. 90 – 100 мм

  4. 60 – 70 мм

  5. 100 мм – ге дейін

3.~ Сынап бағанасымен есептелгендегі шынайы артериалды гипертензия деңгейі:

  1. систолалалық АҚҚ 140мм – ден, диастолалақ АҚҚ – ның 90мм – ден жоғары көтерілуі

  2. систолалалық АҚҚ 140мм – ден 160мм – ге дейін көтерілуі

  3. диастолалалық АҚҚ 90 – нан 95мм – ге дейін көтерілуі

  4. систолалалық АҚҚ 140мм – ден жоғарылауы

  5. диастолалалық АҚҚ – ның 95мм – ден жоғарылауы

4.~ Аяқтағы қан қысым деңгейі:

  1. қолдағы деңгейден 20 – 30мм төмен

  2. қолдағы деңгейден 20 – 30мм жоғары

  3. қолдағыдай

  4. маңызы жоқ

  5. веноздык кысымга тен

5.~ Аяқтағы қан қысымының қолдағы деңгейден төмен болуы:

  1. қолқа коарктациясында

  2. қолқалық жетіспеушілікте

  3. гипертония ауруында

  4. қолқа стенозында

  5. қолқа аневризмасында

6.~ Артериальды қан қысымы көтерілгендегі пульс:

  1. толық және кернеулі

  2. толық және жумсақ

  3. тез және жоғары

  4. дикротикалық

  5. альтернациялаушы

7.~ Жүрек пен тамырларды тыңдағанда қалыпты жағдайда ...екі тон естілмейді.

  1. шап артерияларында

  2. ұйқы артерияларында

  3. бұғана асты артерияларында

  4. жүректің барлық тыңдау нуктелерінде

  5. Боткин нуктесiнде

8.~ Траубенің қосарланған тоны ...естіледі.

  1. қолқалық жетіспеушілікте

  2. митральды стенозда

  3. қолқа стенозында

  4. митральды жетіспеушілікте

  5. үш жармалы қақпақша жетіспеушілікте

9.~ Виноградов – Дьюразье қосарланған шуы естілуі тиіс мысал:

  1. қолқалық жетіспеушілік

  2. митральды стеноз

  3. қолқа стенозы

  4. митральды жетіспеушілік

  5. үш жармалы қақпақша жетіспеушілік

10.~ Зырылдауық шуын тыңдайтын нүкте :

  1. мойын веналарында анемияға байланысты

  2. шап артерияларында қолқалық жетіспеушілікте

  3. ұйқы артерияларында қалыпты жағдайда

  4. мойын веналерында қалыпты жағдайда

  5. ұйқы артерияларында қолқа стенозында

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет