Массаждың шығу тарихы


Массаждың денеге тигізетін әсері



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі35,09 Kb.
#89483
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
массаж

Массаждың денеге тигізетін әсері
Массаж дегеннің өзі адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру. Ол массажистің қолымен немесе арнайы аппаратпен орындалады. Осындай тітіркендіруге ішкі ағзалар, мүшелер қарап қалмай, өз қызметтерін өзгертіп, массажға қарсы «жауабын» береді. Массаждың денеге әсерін, оның физиологиялық қасиетін атақты ғалымдар И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский, Н. А. Ухтомский т.б. өз еңбектерінде айқын көрсеткен. Массаждың әсері өте тереңде жатыр. Ол – жүйкелі-рефлекторлы, гуморалды және механикалық ықпал жасау. Массаж жасағанда теріде, бұлшыұ етте, буындарда жатқан жүйке талшықтары тітіркенеді. Ол тітіркеністер ми қабығына беріледі. Әрбір жүйке талшықтары ұштарының өз аттары бар. Мәселен, теріде – экстрорецептор, бұлшық ет, сіңір, шандырдан шыққандар – проприоцептор, қан тамырларынан кеткендер – ангиорецептор және ішкі ағзалардағы – интерорецептор деп аталады. Осы рецепторлардың бәрі тітіркеністен бірлесіп, миға әсер етеді. Ал оның өзі жоғарғы реттеуіш күштің қызметіне әсерін тигізіп «қарауындағы» барлық мүше ағзаларға жауап реакция келіп түседі. Содан денеде әр түрлі қимылдық өзгерістер туады. Жауап реакциясының күші, айқындалуы жоғарғы жүйке жүйесіне тікелей байланысты, сол сияқты, тітіркенген жердің көлеміне, массаждың методикасы мен тәсілдеріне, аурудың біліну белгілеріне де тығыз байланысты. Тағы бір көңіл аударатын мәселе – массаждың тиімділігінде үлкен роль атқаратын – гуморалды фактор. Массаждың әсерімен ұлпалардың ішінде жоғарғғы активті (белсенді) зат құрылады. Ол қан айналымын және зат алмасуын үдетеді. Міне, соны гуморалды зат дейді. Массаж денедегі барлық сұйық заттардық қозғалысын арттырады. Мәселен: қан, лимфа, ұлпааралық сұйықтың, ұлпалардың өзара созылуы, орын ауыстыруы т.б. Механикалық фактор зат алмасуын арттырып, денедегі тоқыраушылыққа жол бермейді. Массаж жасаған жердің ыстығын көтереді. Сонымен массаждан жүйке импульстары ағындап, мми қыртысына келеді. Онда қоздыру және тежеу сияқты екі түрлі толқын пайда болады. Олар сол жүйке талшықтары арқылы денедегі мүшелерге беріледі. Олардың жауап реакциясы бойындағы аурудың өршуіне не өшуіне әсер етеді. Осыған орай емдік массажды тек тәжірибелі маман жасау керек деген ұғым туады. Массаждан кейін адамның денесі сергіп, рахатттанып, көңіл – күйі көтеріліп, жылынып, ауырған жері басылады. Кейбір кезде бойда ширақтық аңғарылса, басқа жағдайда керісінше, ұйқы басып кетеді. Массаж дұрыс орындалмағанда, массаждың өзіне тән талаптары бұзылғанда немесе аурудың асқынып, массаж болмайтын кезінде организм массажды көтере алмайды. Сондықтан массажды аурудың ерекшелігіне лайықтап жасау керек. Кейбір ғалымдар массаждан кейін дененің қызарып, талаурап, қаты ауыратын жағымсыз реакцияларын көрсеткен. Бұл көбінесе жасы келген қарияларда байқалады. Сол сияқты науқас адамды дұрыс отырғызбасане дұрыс жатқызбаса да осындай жағымсыз реакция береді. Мысалы, жүрегі ауыратын адамның белінде құяң болса, оны етпетінен жатқызғанда жүрек нашарлап кетеді. Сондқтан ондай ауруға массажды отырғызып жасаған абзал. Ішкі ағзалардың функционалды қызметін, науқастың ауырған жерін анық білмей массаж жасауға болмайды. Массажды зерттеген ғалымдар оның орталық жүйке жүйесіне, қан тамырына, теріге, бұлшық еттерге, буындарға, зат алмасуына үлкен әсер ететінін айқын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет