Математика əдістемелік нұсқау



бет247/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   327
Байланысты:
docx1559971764
sabaq-kz attachment matem-546b5f6d8bfd8, Электромагниттік толқындар Бжб
сабақ. Есептер шығару.

Тақырыбы: Мақал –халық даналығы.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.5.1.1. 1-2 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

2.5.1.2. **Есептерді шығару барысында «баға», «мөлшер» (сан), «құн»; ұзындығы, ені, периметр шамаларының өзара тəуелділігін пайдалану.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•1-2 амалмен орындалатын есептерді шығаруды біледі.



Көптеген оқушылар:

•1-2 амалмен орындалатын есептерді шығару, есептің шартын кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде жаза алады.



Кейбір оқушылар:

•1-2 амалмен орындалатын есептерді өз бетінше құрастырады жəне шығарады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

•сызбалар, кестелер мен қысқаша жазбалардағы берілгендер нені білдіретінін түсіндіре алады. Есеп бойынша құрылған өрнектер нені білдіретінін біледі.



Пəндік лексика жəне терминология.

Есептің шарты, кесте, сызба, қысқаша жазба, шешуі, жауабы.



Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:

Есеп екі (бір) амалмен шығатындай етіп сұрақты қалай өзгертуге болады?

Өрнектегі əр сан нені білдіретінін түсіндіріңдер.

Өрнектегі əр амал нені білдіретінін түсіндіріңдер.









Жазу:

Есептің шартын, шешуін жəне жауабын жазу.



Тірек білім, білік, дағдылар

Есептің шарты, кесте, сызба, қысқаша жазба, шешуі, жауап.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)



Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0-3



Қызығушылықты ояту.

Мұғалім оқулықтағы 1- тапсырмадағы мақалдарды оқиды. Мұғалім оқушылардан мақалдың мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Неліктен «Мақал – халық даналығы» деп айтылады?

Дəптердегі 1-тапсырма бойынша – мақалдардың мағынасын ашу.

Бүгінгі сабақта біз ерінбейміз, бəріміз бірге жұмыс жасаймыз жəне жақсы нəтижелерге қол жеткіземіз.





4-6



Өзектендіру. Математикалық диктант.

Диктантқа белгілі түрлердегі 1 амалмен орындалатын əртүрлі есептерді қосуға болады. Мысалы:



  1. Асқар қазір 19 жаста. 5 жылдан кейін ол қанша жаста болады?

  2. Маркердің ақшасын төлеу үшін Мақсат 20, 50 жəне 5 теңгелік монеталарды санап алды. Маркер қанша теңге тұрады?

  3. Алаңқайда 6 ұл оқушы ойнап жүр, ал қыздар 3 есе артық. Алаңқайда қанша қыз ойнап жүр?

  4. Еңбек сабағында Сырым 18 санау таяқшасын жасады. Олардың 12-сі қызыл, қалғандары көк түсті болды. Сырым еңбек сабағында қанша көк таяқша жасады?

  5. Мерекелік дастарқанды 16 адамға арнап жайды, бірақ 14 адам келді. Столдағы қанша артық құралды алып тастау керек?

  6. Көлде 8 аққу жəне бірнеше үйрек жүзіп жүрді. Барлығы 20 құс болды. Көлде қанша үйрек жүзіп жүрді?

  7. Көшенің бір бетіне 10 ағаш, келесі бетіне 8 ағаш артық отырғызды. Көшенің екінші бетіне қанша ағаш отырғызды?

  8. Қорапта 20 кəмпит болды. Таңғы аста 4 кəмпит желінді. Қорапта қанша кəмпит қалды?

  9. Маратта 16 машина бар еді, оған тағы 3 машина сыйлады. Маратта барлығы қанша машина болды?

  10. Маратта 16 мəшине бар, ал оның бауырында – 2 есе кем. Мараттың бауырында қанша мəшине бар? 11. Жоғарғы сөреде 5 кітап, ал төменгі сөреде дəл сондай жəне тағы 4 кітап бар. Төменгі сөреде неше кітап болды?

12. Бір көрме залында 16 картина ілінді, ал екінші залда 4 картина кем болды. Екінші көрме залында






қанша картина ілінген?




7-11




Мақсат қою.

Суреттер мен сызбалар бойынша қарапайым есептер құрастыруды ұсыныңыз. Ары қарай мұғалім нақтылайды: екі амалдан тұратын есептер құрастыруға бола ма?

–Бүгінгі сабақтың мақсаты не?

(1 жəне 2 амалдан тұратын есептер құрастыруды жəне шығаруды үйрену.)



Маркерлер

12-29



Жаңаны ашу

Мұғалім оқушылармен бірге оқулықтағы №1 тапсырмадағы есеп шарттарына суреттер таңдайды.

Бір себетке 5 қорап шырын сияды.


  • Есеп шығуы үшін қандай сұрақ қою керек?

  • Оны шешу үшін неше амал орындау қажет?

Бұдан кейін оқушылар келесі суреттерді қарайды жəне талдайды. Оқушылар есептердің шарттарын талдағаннан кейін өз бетімен есептердің шартын, шешуін жəне жауабын жазады.

Жұмысты аяқтағаннан кейін мұғалім ішінара есеп нұсқаларын тыңдайды. Оқушылар есеп шешуінің дұрыстығын бағалайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет