Өткенді қолдану.
Мұғалім берілген тапсырмаларды саралай орындауды ұсынады.
Өзіндік жұмыс
Дəптердегі 2-тапсырма көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығару. Өз бетінше өзін-өзі тексерумен орындалады.
Мұғалім 5-тапсырманы орындау алдында барлық қауындардың массасы бірдей жəне барлық қарбыздардың да массасы бірдей екендігін ескертіп айтады. Əрине, өмірде бұлай болмайды, бірақ осындай түрдегі есептің бұл – қажетті шарты болып табылады.
Мұғалім тапсырманы орындауда шешуін табуды мына бағытқа бағыттайды.
–Заттардың ішінде əр түрлі табақтарда бірдей заттар бар ма? Егер бірдей заттарды таразының оң жəне сол табақтарынан алып тастаса, онда тепе–теңдік бұзыла ма? (жоқ)
Есептің бірінші бөлігін шешу жоспары: табақтың оң жəне сол бөлігінен үш қауынды алып тастаймыз. сол жақтағы табақта қарбыз жəне 2 кг-дық гіртас қалады, ал оң жақтағы табақта 5 кг-дық гіртас қалады. Қарбыздың массасы неге тең? (5-2=3)
|