Жаңаны қолдану.
– 3-ке көбейту кестесін қайда қолдана аламыз? (Мысалдарды шығаруда, теңдеуді шешуде.) Дəптердегі 4-тапсырманы орындау – теңдеулерді критерийлер бойынша тексере отырып шешу.
Бағалау критерийлері.
Амалдардың компоненттері мен нəтижелерінің өзара байланысын білемін.
Белгісіз компонентті қалай табу керегін білемін.
Теңдеуді шығарып, тексеруді орындай аламын.
Өткенді қолдану.
Өткен материалмен жұмысқа 3 санына кестелік көбейту мен бөлудің жаңа жағдайлары да кіреді жəне оқушыларды өздері құрастырған кестеге жүгінуге итермелейді. Мұғалім кестені есте сақтауға тапсырма береді жəне кестені білудің маңыздылығын атап көрсетеді. Қалған тапсырмалар оқушыларға таныс жəне мұғалім оларды саралай орындауға ұсынады.
|