Өткенді қолдану.
Өздік жұмыс
Оқулықтағы 4-тапсырмада оқушыларға қосындыны санға қосуға жəне саннан қосындыны азайтуға берілген мысалдар жинағы ұсынылады. Есептерді шығарудың алдында осындай түрдегі тапсырмаларды түсіндіре отырып, ауызша орындауға болады.
Бұдан соң оқушылар есептерді өздері шығарады, шешуін жазған соң есептерді шешу мен жазу тəсілдерін талқылайды. Дайындығы жақсырақ оқушылар алдымен дəптердегі 3- тапсырманы – өрнектерді жазуды орындауларына болады. Содан кейін қандай өрнектерді əртүрлі тəсілдермен шығаруға болатынын жəне неліктен екенін анықтайды.
Бұдан кейін барып есептерді шығаруға кіріседі. Дəптердегі 4-өздік шығармашылық жұмыс. Дайындық əңгімесін жүргізуге болады. Көптеген оқушылар кестені құру принциптерін бірден көреді жəне қандай фигуралардың қалып қалғанын қиындықсыз анықтайды.
|