Үлестірмелі материал. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Олардың əрқайсысында 10 фигурадан бар. Мұғалімоқушылардың біреуі 2 фигура қоюын, ал келесі оқушы 2 фигура артық, 3 фигура артық, осылай бірнеше рет қоюларын сұрайды. Өрнектер құрастыру жəне шығару. Ары қарай оқушылар орындарын ауыстырады, мысалы, біреуі 2 фигура қояды, ал екіншісі 2 есе артық фигура қоюы керек.
Қиындық туындайды. Неліктен біз тапсырманы орындай алмаймыз? (Біз екі есе артық деген не екенін түсінбейміз). Мұғалімоқушылармен бірге мақсат қояды: «...есе артық», «... есе кем» қатынастары нені білдіретінін білу.
Үлестірмелі материал. Оқулық, дəптер
12-29
Жаңаны ашу
Тапсырма алдыңғы тапсырмадан несімен ерекшеленеді?
Бізге «2 есе артық» қою керек.
2- тапсырманы қарастыруды ұсынады. Үлестірмелі материалдарды қолдануға жəне практикалық жұмыс орындауға болады.
Қанша дөңгелек бар? (2)
Шаршылар қалай орналасқан ( 2-ден).
2-ден қанша рет? (2-ден үш рет).
Мұндай жағдайларда шаршылар 3 есе артық деп айтады. Ал шеңберлер 3 есе кем. Шаршылар қанша екенін қалай білеміз? Шеңберлер қанша?
Ары қарай оқушылар ереже шығарады (тұжырымдайды) жəне оны оқулықтағы тұжырымдамамен салыстырады.
Оқулық, дəптер. Үлестірмелі материалдар.
Санды 2 (3, 4 …) есе арттыру үшін, оны 2-ге (3, 4 ...) көбейту керек, ал 2 (3, 4 …) есе кеміту үшін, 2-ге (3, 4 …) бөлу керек.