Байланысты: 9.Оқу жоспары Математика 4 сынып(1)-конвертирован
(Т) «Коллаж» стратегиясы.
Әр топ флипчарт және сөзді алады, мысалы, шеңбер, олар бірқатар материалдарды (ресурстар) пайдалана отырып түсіндірулері тиіс.
(қ) «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі.
Топтар критерийлер бойынша бір-бірінің жұмысын бағалайды:
Барлық топтар үшін тапсырма бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін. Мұғалім коллажды жасау үшін уақыт регламентін және нақты критерийлер белгілеуі мүмкін. Соңында оқушылар сыныпта дөңгелек бойымен қозғалады және басқа топтардың жұмыстарын қарай алады. Олар басқа топта қандай сөз, мәселе немесе тұжырымдама ұсынылғанын аңғара алады.
Циркуль – сызу құралы, онымен абайлап жұмыс істеу керек. Инесін бетке жақындатуға және инесін алдыға қаратып беруге болмайды. Өткір ұшы әрқашан бір нүктеде болуы тиіс, ал аяқтарының арасындағы қашықтық өзгермеуі керек. Оны аяғынан емес басынан ұстау қажет.
диаметр ара қатынасының тәуелділік формуласын шығару үшін топтардағы оқушыларға тапсырма беріңіз.
(Тқ) Осы ара қатынас туралы білімді бекіту үшін оқушыларға ортақ тақырыптар мәнмәтініндегі тапсырмалар мысалында шеңбер радиусын табуды ұсыныңыз.
Мысалы, қазіргі уақытта «Генерал Шерман» текті ағашы, Америка құрама Штатында, Калифорниядағы Ұлттық секвойя паркінде өсіп тұрған үлкен секвойя (Sequoiadendron giganteum) айтарлықтай берік ағаш болып саналады. Оның биіктігі 83,82 м, диаметрі – 11,1 м, ал құлашы – 31,3 м құрайды. Діңгегінің көлемі 1487 м3. Оның салмағы шамамен 2000 т.