жазыңыз») тәсілін қолданыңыз: төрттіктегі оқушылар ойдан шығарылған бөлшекті атайды, оны параққа жазып, үстел ортасына бетін жоғары қаратып қояды. Кезекті ұстану арқылы әрбір оқушы 4 парақты толтыру керек (1 – дұрыс бөлшек, 1 – бұрыс бөлшек, 2 – аралас сан). Нәтижесінде үстел ортасында 16 парақ пайда болады.
Топтар парақтармен алмасады және оларды өсу ретімен қойып шығады. Тапсырманы орындауға болады ма? Неліктен?
Бөлшектердің бірдей алымдары немесе бірдей бөлімдері болуы маңызды.
(Ұ) Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру бірдей бөліктер санын салыстырудан туындайтынын түсіндіріңіз. Ереже: бөлімдері бірдей екі бөлшекте алымы артық бөлшек артық болады, ал алымы кем бөлшек кем болады.
Алымдары бірдей бөлшектерді салыстыру ережесі: алымдары бірдей екі бөлшекте бөлімі кем бөлшек артық болады, ал бөлімі артық бөлшек кем болады.