Математикадан тест тапсырмалары (4 сынып) 1-тоқсан
1. Бірінші кластың 14 бірлігі мен екінші кластың 14 бірлігі бар санды тап
А) 101441 Б) 140014 С) 14014 Д) 104014
2. 75 394 санындағы 5 цифры нені білдіреді?
А. жүздік В. ондық мың С. ондық Д. бірлік мың
3. Амалдарды орында: (842+19)+910
А) 1011 Б) 1771 С) 1010 Д) 991
4. Амалды орында: 2мин 30сек - 56 сек
А) 1мин 34с Б) 1мин 36с С) 1мин 44с Д) 2 мин 30с
5. Сағатпен өрнекте: 4 тәул. 18 сағ
А) 114сағ Б) 73сағ С) 96сағ Д) 22сағ
6. (548+452)- 100
А) 700 Б) 900 С) 600 Д) 800
7. Теңдеуді шеш: 450: х=9
А) 50 Б) 405 С) 459 Д) 441
8. Жүк машинасы70км/сағ жылдамдықпен 280 км жүрді. Ол жолда неше сағат болды?
А) 4сағ Б) 3сағ С) 2сағ Д) 1сағ
9. 6 бірдей жейдеге 36 м мата жұмсалды. Осындай 9 жейдеге неше м мата жұмсалды?
А) 48м Б) 28м С) 65м Д) 54м
10. Перимерті 230см болатын тіктөртбұрыштың ені 2 см. Ұзындығын тап.
А) 10см Б) 8см С) 6см Д) 4см
11. Алпыс жеті мың 435 санын белгіле
А) 67435 Б) 67400 С) 60740 Д) 67040
12. (А-1000): 4 =50
А) 1200 Б) 1300 С) 1250 Д) 1350
13. а*7=3360
А) 450 Б) 460 С) 480 Д) 470
14. Автомобиль 160км қашықтықты 2 сағ. жүрді. Жылдамдығы нешеге тең?
А) 90км/сағ Б) 80км/сағ С) 70км/сағ Д) 60км/сағ
15. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 20дм, ал ені 7 дм. Тіктөртбұрыштың ауданын тап.
А) 140дм2 Б) 140дм С) 54дм2 Д) 414дм2
16. Цифрмен жаз: жетінші разрядтың жеті бірлігі, екінші разрядтың бес бірлігі бар сан.
А) 70050 Б) 7050 С) 70005 Д) 7000050
17. Ойлаған саннан 27 - ні азайтып, оның айырмасын 2 - ге көбейткенде 144 шықты. Ойлаған санды тап.
А. 261 В. 72 С. 45 Д. 99
18. Қай санға 1 - ді қоссақ, 160 000 шығады?
А. 159 999 В. 159 С. 15 999 Д. 159 000
19. 14 390 санын 3 жүздікке азайтсақ, қанша қалады?
А. 14 090 В. 1 390 С. 1 090 Д. 14 690
20. 1 тәулікте неше минут бар? 1тәул = 24 сағ 1сағ = мин
А. 1440 мин В. 2400 мин С. 6000мин Д. 144 мин
Қазақ тілі 4-сынып 1-тоқсан
1. Зат есімді тап
А. сыйлы В. қонақ С. келді Д. Кеше
2. Жалғаулы сөзді тап
А. аспаз В. өнерлі С. биші Д. биге
3. «Көзді ашып - жұмғанша» дегенді қалай түсінесің?
А. пысық В. баяу С. өткір Д. Лезде
4. Жайылма сөйлемді тап.
А. Мұхтар Әуезов – жазушы. В. Концертке бардық.
С. Кезекші сүртіп жатыр Д. Екеуі әңгімелесіп отыр.
5. Болымсыз етістікті тап.
А. Бұлбұл сайрады С. Ол өлеңді айта алмады
В. Әнші ән шырқады Д. Құмырсқа жорғалады
6. Күрделі мүшесі бар сөйлемді тап.
А. Жанкүйерлер көп жиналды. В. Мұз еріп жатыр.
С. Дарияда сең жүрді. Д. Футбол басталды.
7. «Домбырашылардан» деген сөзде неше қосымша бар?
А. 1 В. 2 С. 3 Д. 4
8. Тәуелдеулі зат есімді тап.
А. мұғалім В. Көлге С. өзендер Д. Көлігім
9. Лепті сөйлемді тап:
А) Сөйлемді жазып шық В) Білім - адамның қанаты
С) Мақтан қума, керек қу Д) Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай
10. Тасымалданбайтын сөзді тап
А. арық В. бала С. сұлы Д. дәптер
11. Сөйлемнен сын есімді тап Сүңгі мөлдір суға айналды.
А. айналды В. суға С. сүңгі Д. мөлдір
12. Жалпы есімді тап
А. Өзен В. Сырдария С. Есіл Д. Ертіс
13.Сөз тіркесі неден құралады?
А)бір не екі сөзден. В)Екі не одан көп сөзден. С)Бір ғана сөзден. Д)Буындардан.
14.Жай сөйлем дегеніміз-
А)бір ғана ойды білдіретін дара сөйлем. В)бірнеше сөйлемнен құралған әңгіме.
С)күрделі ойды білдіретін сөйлем. Д)бірдеңені хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем.
15.Заттың атын білдіретін сөзді тап:
А) он сегіз. В) таза. С) күреді. Д) оқулық.
16. Бірыңғай мүшесі бар сөйлемді тап:
А) Бекжан інісін өте жақсы көреді. В) Әкем маған қызықты кітаптар сатып әперді.
С) Атам үйінің дәл жанында терек пен шырша өсіп тұр.
Д) Оқушылар бүгінгі сабақта ерекше тыныш отырды.
17. Бес буыны бар сөзді белгіле:
А) аулаймыз. В) шомыламыз.
С) демаламыз Д)көмектесеміз.
18.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:
А)бастауыш пен сан есім В)қаратпа сөз бен сан есім.
С)бастауыш пен баяндауыш. Д)зат есім.
19. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:
А) бастауыш пен сан есім. В) қаратпа сөз бен зат есім.
С) бастауыш пен баяндауыш. Д) зат есім.
20. Жалаң сөйлемді көрсет:
А) Ол оқып жүр. В) Мен таңға дейін отырдым.
С) Олардың әндерін бәріміз тыңдаймыз. Д) Оның музыкалық мәдениеті өте бай.
Дүниетану 4 – сынып 1-тоқсан
1. Өсімдіктердің көбеюі
а) тұқым в) сабақ с) жеміс д) гүл
2. Жер шарында судың алып жатқан көлемі
а) төрттен екі бөлігі с) төрттен үш бөлігі
в) бестен бір бөлігі д) төрттен бір бөлігі
3. Өзеннің ағып шығатын жері
а) сала в) қайнар көз с) жылға д) бастау
4. Ластанған ауаны тазартудың ең тиімді жолы
а) тыңайту в) ылғалдандыру с) көгалдандыру д) от жағу
5. Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмашылығы
а) тұздылығы в) ылғалдылығы с) көп түрлілігі д) құнарлылығы
6. Тығыз тау жыныстары
а) тас көмір, гранит, саз, мәрмәр с) құм, гранит, мәрмәр, құмтас
в) гранит, мәрмәр, құмтас, тас көмір д) мәрмәр, құмтас, құм, саз
7. Жер бетінің жырылып, тілімденуінен пайда болған шұңқыр
а) қыраттар в) террикондар с) жыра д) сай
8. Құрылысқа пайдаланылатын пайдалы қазбаларды белгіле
а) мақта в) алтын с) әктас д) тас көмір
9. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды анықта
а) мыс, темір в) газ, мұнай с) тас көмір, мұнай д) тұз, гранит
10. Дүние жүзіндегі ең терең көлді анықта
а) Арал в) Балқаш с) Жайық д) Байкал
11. Ауа жылынғанда көлемі ұлғаятындықтан
а) төмен түседі в) жаңбыр жауады с) ауыр тартады д) жел соғады
12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын құрал
а) термометр в) сағат с) желбағар д) компас
13. Ашық даланы, шөлейт жерлерде тіршілік ететін жүйрік жануар
а) ақбөкен в) саршұнақ с) тасбақа д) қасқыр
14. Төбелер бір – бірімен тұтасып
а) дөңдерді құрайды в) үстіртті құрайды с) қыратты құрайды д) ойпатты құрайды
15. Жазықтардың түрлерінің саны
а) 3 в) 2 с) 4 д) 5
16. Тас көмірдің басты кен орны
а) Атырау в) Жезқазған с) Қарағанды д) Алтай
17. Мұнайлы өлке
а) Каспий маңы, Атырау, Ақтау с) Қарағанды, Екібастұз
в) Орал, Көкшетау д) Қызылорда, Орал
18. Жарық сүйгіш өсімдік
а) мақта в) қаракөз с) қырлышөп д) жоңышқа
19. Картада таулардың түсі
а) қоңыр в) жасыл с) қызыл д) көк
20. Жер бетінің биік бөлігі
а) тау в) қырат с) дөң д) төбе
Әдебиеттік оқу 4-сынып 1-тоқсан
1.Халық ауыз әдебиеті деген не?
а) Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар.
ә) Оқиғаны күшейтіп, үлкейту б) Халық ауыз әдебиетінің бір түрі.
2. Халық ауыз әдебиетінің түрлері:
а) Ертегі, аңыз, батырлар жыры, айтыс т.б ә) Өлең, жаңылтпаш, шығарма
б) Айтыс, ертегі, әңгімелер, прозалар.
3. Әсірелеу-деген не?
а) Батырлар жыры ә) Бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейту
б) Елімізді сыртқы жаудан қорғап қалған батырлар туралы жыр үлгісі
4. Жау келгенін білген соң,
Бұл әскерді көрген соң ...-қай жырдан үзінді?
а) Қамбар батыр ә) Тайбурылдың шабысы б) Ер Тарғын
5. Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?
а) Қара қасқа ә) Тайбурыл б) Тарлан
6. Теңеу – деген не?
а) Өмірде болған адамның басынан өткен оқиғалар ә) Оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту
б) Екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату
7. Ертегінің түрлері қандай?
а) Қасқырлар, түлкілер туралы ә) Кемпір мен шал туралы
б) Шыншыл, Қиял-ғажайып және жануарлар туралы
8.Сөз мәйегі не?
А. Аңыз В.Жұмбақ С.Мақал Д.Өлең
9.Төрт жыл мезгілдеріне байланысты өлең жазған ақын:
А.Мұқағали Мақатаев В.Олжас Сүлейменов С.Мұхтар Шаханов Д.Абай Құнанбаев
10.«Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалына сай келетін мақал-мәтел:
А.Ашу – дұшпан, ақыл –дос В.Білім – инемен құдық қазғандай С.Бірлік түбі – тірлік
11.Көбінесе тарихта болған адамның басына құрылған шығарма:
А.Аңыз В.Ертегі С.Мысал Д.Әңгіме
12.Әдеби ертегі деген не?
А.Ертеде шыққан В.Әдебиетке жазылған С.Авторы белгілі болады Д.Авторы белгісіз
13.Адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарма:
А.Аңыз В.Ертегі С.Мысал Д.Әңгіме
14.Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлеуін қалай атайды?
А.Диалог В.Монолог С.Кейіптеу Д.Әсірелеу
15.«Тіл тағылымы», «Маса», «Қырық мысалдың» авторы:
А.Ахмет Байтұрсынов В.Міржақып Дулатов
С.Сәкен Сейфуллин Д.Мағжан Жұмабаев
16.Табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып, т.б. кейіпте суреттеу:
А.Бейнелеу В.Суреттеу С.Әсірелеу Д.Кейіптеу
17.«Аққу, шортан һәм шаян» мысалының авторы:
А.Міржақып Дулатов В.Ахмет Байтұрсынов С.Мағжан Жұмабаев Д. Ж.Аймауытов
18.«Үйір болса жұмысқа,
Жатпас еді үйіліп,
Уыстай бір қуыста.» осы өлең шумағында не туралы айтылған?
А.Маса В.Ара С.Көбелек Д.Шыбын
19.Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен-өзі сөйлескен сөзі:
А.Диалог В.Монолог С.Кейіптеу Д.Әсірелеу
20.Азан шақырып қойған аты – Ибраһим. Ол кім еді?
А. А. Құнанбаев В. М. Мақатаев С. Ж. Аймауытов Д. Ш. Құдайбердіұлы
Достарыңызбен бөлісу: |