Математиканы



Pdf көрінісі
бет25/89
Дата20.05.2024
өлшемі62,31 Mb.
#202595
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   89
Байланысты:
матем 2 кітап

а
= 4 болғанда, 4 + 2 = 6 тура санды теңдік шығады. Олай болса, 
теңдеудің ш еш імі 
а
= 4. Басқа да қарапайым теңдеулер осыған 
ұқсас «сынап көру» тәсілімен ш еш іледі.
9. Осы тақы ры пта м атем атикалы қ ж атты ғуларды ң ерекше 
және арнайы түрі «есеп» туралы түсінік беріледі. Есеп және
77


оның құрам ды бөліктері, есепті ш ы ғару процесі ж айы ндағы
түсініктер біртіндеп ңалы птасты ры лады ж әне сабақтаса дами- 
ды. Тіпті «есеп» түсінігін м атем атикалы қ үғым деңгейіне жет- 
кізу түрғысынан ж үйелі жұмыс ж үргізу көрсетіледі. Сондық- 
тан да осы үғы м ны ң ең мәнді белгілерін оқуш ы ларға аңғартуға 
ерекш е көңіл бөлінеді. Ш ыны нда да алғаш қы күннен бастап 
есептің мәтінмен берілетіні, ол мәтінде өмірдегі, яғни өзімізді 
қорш аған ортада қандай да бір ж ағдай м азм үнды қ тұрғы дан 
сипатталаты нды ғы , оның міндетті түрде сүрағы болатындығы, 
ондағы сүраққа ж ауап беру үш ін ең аз болғанда бір арифмети- 
калы қ амалды ң орындалуы қаж еттігі біртіндеп аш ы лады . Осы- 
ған орай алғаш үсынылатын есеп мәтін түрінде беріледі ж әне 
онымен тан ы сты ру бары сы нда ж оғары д а бөліп көрсетілген
«есептің» үғы мды қ мәнді белгілері тағайы ндалады және ажы- 
ратылады. А лдағы тарауларда есеп мәтінін басқадай мәтінмен 
немесе тапсырмамен салыстыру ж ұмы сы үнемі ж үргізіліп оты- 
рады. Осының бәрі «есеп» үғымын оқуш ы ларды ң саналы мең- 
геруін қам там асы з етеді.
Әрине мүның бәрі есептің нақты түрін мысалға ала отырып, 
жүзеге асырылады. Сонда қосу мен азайту амалдарының мән- 
мағынасын ашуда қосындыны және қалды қты табу, ал әр алуан 
түрлі қатынастардың (артық, кем, қанш а арты қ, қанш а кем) мән- 
мағынасы туралы түсінік беруде бірнеше бірлікке артық не кем 
санды табу және айырмалық салыстыру қаж ет болатын негізгі 
ж ай есептер қарастырылады. Осындай есептерді таңдап алу және 
қарастырылу уақыты на қарай оларды орналастыру жүйесі мен 
реті қандай да бір үқсастығы бар, сондай-ақ өзара кері есептерді 
салыстыру, қарама-қарсы қою үшін неғүрлым қолайлы ж ағдай 
туатындай етіп құрылған. Мүның бәрі сәйкес есепті ш ығаруға 
қатысты біліктілік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ж алпы алғанда, қосындыны ж әне қалды қты табумен байла- 
нысты есептер өзара кері есептердің мысалдары бола алмайды. 
Мұндай есептерде сәйкес амалдарды аны қтауды ң негізіне алы- 
натын сөздер қарама-қарсы үғымды білдіреді, мәселен келді -
кетті, алды - берді, үш ып келді - ұш ып кетті, болды - болады 
және т. б. Ал өзара кері есептерде бірінің сүрағы екінш ісінде 
белгілі дерек ретінде және керісінш е, бірінің белгілі деректері 
екінш ісінің сұрағы ретінде беріледі. Сонда есептің ш артындағы
78


белгілі екі дерек арңылы оның сұрағы ізделеді, ал кері есепте 
белгісіз мәселе алмастырылады да, сөйтіп кері есептер құрасты- 
рылады. Өзара кері есептердің мысалы ретінде «бірнеше бірлікке 
арты қ санды табуға», «бірнеше б ірлікке кем санды табуға», 
«айырмалық салыстыруға» берілген есептерді айтуға болады.
Өзара кері есептермен жұмыс осы ескертпелерді басш ылыққа 
ала отырып, ұйымдастырылғаны жөн.
Есепті оқысымен есепте ненің белгілі екендігін, ізделінді сан 
нені білдіретінін, есептің шартынан не ш ығатынын және қан- 
дай амалды орындағанда есеп сұрағына жауап берілетінін дәл, 
тиянақты және ы қш ам түрде түсіндіріп беруді үйрету керек.
Ж алп ы алғанда, оқуш ы есепті ш ы ғару процесінің негізгі 
кезеңдеріне (есеп мәтінін оқу, есеп ш еш уінің жоспарын қүру, 
есептің ш ешуін ж азу, есеп сұрағына ж ауап беру ж әне дұрыс- 
тығын тексеру) сәйкес іс-әрекетті орындауды еркін үйренбесе, 
есепті оқуш ылар өздігінен ш ы ғары п кете алады деуге болмай- 
ды. Демек, күнделікті сабақта есеп ж айы нда сөз болған сәттер- 
дің бәрінде де, мұғалім есепті шешуде оқуш ы ларға қарапайы м
білік пен дағдыларды қалы птасты ру тұрғысынан дәйекті жұ- 
мыс ж үргізгені жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет