Карапайым түсініктер.
(1-ші сыныпта 16 сағат беріледі).
Тақырыптың мақсаты:
1) 1-сыныпқа келген баланың дайындық деңгейін анықтау.
2) Он көлеміндегі сандардың нөмірленуін үйренуге дайындау.
Тақырыптың міндеттері:
1) Санауға үирету;
2) Бір нәрсені екі қайтара санауға болмайтындығын ескерту;
3) Қалдырмай санау керектігін ескерту;
4) Соңғы нәрсе 5-ші болса небары 5 нәрсе екендігін меңгерту;
5) Тура, кері және кез келген саннан бастап санату;
Тақырып мазмұны:
заттарды санау, заттардың және олардың
топтарын салы сты ру, заттарды ң топтарын «біріктіру» ж әне
«бөліп алу», кеңістік және уақы т туралы түсініктер, қарапай-
ым геометриялық фигуралар ж айы ндағы түсініктер, фигура-
ны «бөліктерге бөлу», «бөліктерден құрастыру» сияқты прак-
тикалы қ іс-әрекеттер орындау.
Б ір ін ш і сы н ы птағы м а тем ати к ал ы қ б іл ім н ің м азм үн ы н
«Қарапайым түсініктер», «Он көлеміндегі сандар», «Кестелік
қосу және азайту», «Толық ондықтар. Ж үз», «Біз нені үйрен-
дік?» тақы ры п тары бойынш а топтасты ры лған м атериалдар
қүрайды. Мүнда: сандардың арифметикасы (сандардың аталуы,
ж азы луы , салыстыру, қосу мен азайту және ш амалар, мәселен,
ұзы нды қ және оны өлшеу) ж айы нда түсініктер, алгебра мен
геометрияның өте қарапайым элементтері қарастырылады.
«Қарапайым түсініктер» тақы ры бы ны ң мазмүны: заттарды
санау, заттарды және олардың топтарын салыстыру, заттардың
топтарын «біріктіру» және «бөліп алу» сияқты практикалы қ іс-
әрекеттер орындау, кеңістік ж әне уақы т туралы түсініктер,
қарапайы м геометриялы қ фигуралар ж айы ндағы түсініктер,
фигураны «бөліктерге бөлу» мен оны «бөліктерден қүрастыру»
сияқты практикалы қ іс-әрекеттер орындау ж әне т. б. бір-біріне
байланысты материалдардан түрады.
64
1.
Әртүрлі заттарды санауды үйрену және соларға ж аттығу.
Соның нәтижесінде «Қанша?» (неше? нешеу?) деген сүраққа
ж ауап беру үшін оқуш ылар кезкелген ретте заттарды санауды
меңгереді. Ал н еш ін ш і?— деген сұраққа ж ауап беру үш ін зат-
тарды көрсетіп, берілген ретте ғана санау қаж еттігін игереді.
Сонымен бірге, осы сүрақтарга ж ауап беру үшін ұйымдастыры-
латы н әр алуан практикалы қ ж атты ғуларды орындау барысын-
да оқуш ылар зат пен санды сәикестендіруді үиренеді, сандар
қатары ны ң ретін түсіндіреді. Осы түсініктердің мән-мағына-
сы ретімен қайталанаты н қүбылыстардан мысалдар келтіру ке-
зінде және апта күндерінің, айдың атаулары мен ретін қарас-
тыру барысында және т. б. жағдайларда аш ыла түседі.
М ұның бәрі келеш екте натурал сандарды ң есептік ж әне
реттік сипаттамаларымен оқуш ыларды таныстырудың негізін
қалай ды және соларды оқы ты п-үйретуге қаж етті дайы нды қ
болып табылады, ягни сан ж айы ндағы түсінікті санаудың нәти-
ж есі ретінде қалыптастыру мүмкін болады.
2. Көптеген практикалы қ жүмыстарды орындаудың нәтиже-
сінде заттардың екі тобын салыстыруды, қайсы топта заттың
арты қ (кем) екенін немесе бір топта қанш а зат болса, екінш ісін-
де де сонша екенін анықтауды үйрету. Орындалған ж үмыс ба-
рысында оқушылар заттардың екі тобын салыстырудың әр түрлі
тәсілдерімен нақты лы іс-әрекет үстінде танысады. Е кі топты
тең естір у тәсіл д ер ін де к езд естір ед і. Қ оры ты н ды н әти ж е:
«арты қ», «кем», «сонша», сөздері мен сөз тіркестерін игеру
және салыстыру кезінде нақты практикалы қ іс-әрекеттер орын-
дауға жаттығу. Мүның бәрі ілгеріде «теңдік», «теңсіздік» және
т.б. түсініктерді енгізуге күнілгері ж асалған дайындық болып
табылады.
3. Заттардың екі тобын біріктіру ж әне топтан бірнеше затты
бөліп алу мен фигураны бөліктерге бөлу, оны бөліктерден қүрас-
тыру мәселелері мазмүндық түрғыдан алганда өте ұқсас, сон-
даи-ақ практикалы қ іс-өрекетке негізделіп түсіндірілетін өзара
ты гыз байланысты және табиғи бірліктегі түсініктердің қата-
рына ж атады. Затты ң екі тобынан бір ғана топ қүрастыру, зат-
ты ң тобынан қандай да белгісіне қарай бірнеше затты ажыра-
тып, топтан бөліп алу, осыларға үқсас фигураны құрамды бөлік-
терге ж іктеу және бөліктерден фигураны құрастыру ілгеріде
5-54
65
I
ңосу ж әне азаиту ам алдары ны ң мән-мағы насы н ашу кезінде
және сол амалдармен ш ы ғары латы н (қосындыны және ңалдық-
ты табумен байланысты) есептерді-қарастыру барысында қол-
данылатын тірек білімнің қатары на ж атады .
Осы амалдар арқылы кез келген санды ш ығарып алуға бола-
тындығын негіздей отырып, сан жайында түсінік қалыптасты-
рудың қаж еттігін де ескермеуге болмайды, яғни санды арифме-
тикалы қ амалдың нәтижесі ретінде қарастыру мүмкін болады.
4. Н ақты лы іс-әрекет үстінде заттарды әр түрлі белгілеріне
(түсіне, өлшеміне, пішініне) қарай салыстыру ж айындағы қара-
пайым практикалы қ дағдылардың үлгілерімен танысу. Сонда
қандай да бір мәнді белгілеріне қарай салыстыру, бақылауды
ұйымдастыру барысында ж үргізілетін ж үйелі ж үмы сты ң бас-
тама кезіндегі іс-әрекеттің үлгісі көрсетіледі. Қорытынды нәти-
же: салыстырудың қорытындысын білдіретін «бірдей», «әр түр-
лі» сөздерін игеру ж әне «түстері бірдей», «пішіндері бірдей»,
«өлшемдері бірдей», «түстері әр түрлі», «пішіндері әртүрлі»,
«өлшемдері әр түрлі» сияқты сөз тіркестерінің мән-мағынасын
түсіну, сондай-ақ, «дөңгелек», «үш бұры ш », «үзы н-қы сқа»,
«биік-аласа», «қалы ң-ж үқа», «үлкен-кіш і» сөздерімен танысу.
Мүның бәрін ілгеріде ж иі пайдалануға тура келеді, сондықтан
да олар дайындық сипатындағы мәселелердің қатарына жатады.
5. Заттарды үзындығына қарай салыстыру, затты ң үзынды-
гын сантиметрмен өлшеу, кесіндінің ұзынды ғы н өлшеу және
ұ зы н д ы қты ң өлш ем б ірл ігі ретінде сан ти м етрдің ен гізіл у і,
ұзынды қты сантиметрмен өлшеу сияқты мәселелер, қарапай-
ым шама үзы нды қ және оны өлшеу ж айы нда түсінік қалыптас-
тыруды көздейді. Мұнда: заттарды ң үзы нды қтары әр түрлі тә-
сілмен салыстырылады, үзы нды қты өлшеу ш артты өлш еуіш тің
қаж еттігіне негізделеді. Үзындығы 1 см ж олақш аны ң ш артты
өлшеуіш ретінде алынатыны айтылады ж әне соның көмегімен
заттың үзынды ғы н, соның ішінде кесіндінің үзындығын өлшеу
процесінің ерекш елігі баяндалады. Осы бағытта орындалатын
практикалы қ іс-әрекеттердің нәтижесінде өте маңызды мәселе
өз шешімін табады, атап айтқанда: ш ама (үзындық) өлшеудің
нәтижесі екендігі ж айлы түсінік беруге қаж етті дайы нды қ жү-
зеге асырылады.
6. Геометриялық ф игураларды ң 1-сыныпта бүрын беріліп
ж үргеннен гөрі бірш ама кеңейтіліп берілу себебі пәніш індік
66
м үқтаж ды қтан ж әне қ аж еттіл ік тен туы ндап отыр. Ө йткені,
олар ілгеріде көрнекілік ретінде ж и і қолданылады , сондай-ақ
д ам ы ту ш ы лы қ си п аттагы ж атты ғу л ар мен тап сы рм аларды
орындауда тірек білім болып табы лады; ал олардың іш індегі
іпығармаш ылықпен байланыстылары, көбінесе геометриялық
ф игураларды бөліктерге бөлу ж ән е бөліктерді қүрасты руды
көздей ді. С онды қтан «дөң гелек», «үш бүры ш », «ш арш ы »,
көпбұрыш тың түрлерінің атаулары , түзу және қисы қ сызық-
тар, «нүкте», «сәуле», «бұрыш», «кесінді» сияқты фигуралар
ілгеріде өте ж иі кездесіп отырады. Осыған орай, бұлармен оқу-
ш ыларды күнілгері таныстыру ж үзеге асырылған. Н егізгі мақ-
сат:оқуш ы ларға геометриялық фигураларды ң әрқайсы сы н та-
ны п-білуді ж әне оларды бір-бірінен аж ы ратуды үйрету. Ал
кесіндіні сызу ж әне оның үзындығын өлшеу келесі тақы ры пта
санды үзы нды қты өлшеудің нәтиж есі ретінде сипаттау мақса-
тында қарастыры лы п отыр. Олай болса, математиканы ң алғаш-
қы тақырыбынан бастап-ақ, геометриялы қ түсініктердің, сан-
дардың арифметикасына қызмет ж асауға бағындырыла қарас-
ты рылатыны байқалады.
7.
Күнделікті сабақ барысында өте ж иі қолдануға тура ке-
летін кеңістік туралы әр алуан түсініктермен танысу, соның
нәтиж есінде заттарды ң кең істіктегі орналасу қалпы н сөзбен
(«жоғары», «төмен», «жоғарыда», «төменде», «солж ақта», «оң
ж ақта», «солданоңғақарай», «алдында», «артында», «арасын-
да», «жанында», «қатар», «үстінде», «астында», «ішінде» және
т. б.) білдірудің үлгілері көрсетіледі ж әне сәйкес практикалы қ
ж үмыстар орындалады. Мақсат: сөздерге орай сәйкес іс-әрекет-
тер ж асауға ж атты ғу.
К елесі м әселе — у ақы т ар ал ы ғы ж ай ы н д а тү сін ік беру.
Соның нәтижесінде құбылыстың өту ретін білдіретін сөздердің
(«бұрын»; «кейін», «алдымен», «соданкейін», «сонансоң», «со-
ңында», «таңертең», «түсте», «кешке», «күндіз» ж ән ет. б.)мән-
мағынасын түсіне отырып, сәйкес практикалы қ іс-әрекет орын-
дауға маш ы қтану.
Ж алпы алғанда кеңістік ж әне уақы т аралығы ж айы нда түсі-
н ік қалы п тасты ру ілгеріде ен гізіл етін көптеген үғы м дарды
оқытып үйретуде тірек білім болумен қатар, баланың ой-өрісін,
қиялы н және т. б. қы рлары н дамы та түсуге себепші болады.
67
т
8.
Ж оғарыда шолу ретінде ғана қарастырылған қарапайы м
түсініктер негізінен оқулы қта берілген ж атты ғулар арқы лы
қалыптастырылады. Ал сол түсініктердің практикалы қ сипат-
тағы қырларын таңдау арнайы математика дәптерлеріндегі тап-
сырмаларды орындау кезінде жүзеге асырылады. Мәселен, әр
сабақ сайын сурет салу, суретті бояу, әр түрлі әш екейлерді бе-
зендіру си яқты тапсы рм аларды дәптерге орындау көзделеді.
Соның барысында бала саусақтарыны ң кіш кене бұлшық еттері
дамиды. Қорытынды нәтиже - ілгеріде цифрларды, амалдар-
дың ж әне қаты н астарды ң таңбалары н ж азу ға оқуш ы ларды
біртіндеп дайындау.
«Қарапайым түсініктер» тақырыбында жоғарыда қарасты-
рылған бағыттардың әрқайсысы бойынша алған тірек біліміне
сүйеніп, «Онкөлеміндегісандар» тақырыбы оқылып үйретіледі.
Мұндағы сан және цифр ж айы нда түсінік: санды ш ығарып алу-
дың әр түрлі жолдары (санауға сүйеніп, үзындықты өлшеудің
нәтижесі ретінде, қосу және азайту амалдарын орындау арқы-
лы) қосу ж әне азайту амалдарының мән-мағынасын ашу және
сәйкес « + », «-» таңбалары; сандарды салыстыру және теңдік-
тер мен теңсіздіктер, сәйкес «=», «>», «<», таңбалары; қосу
және азайту амалдарындағы сандардың атауларын енгізу және
сол амалдардың өзара байланысы мен қосу амалының орын ауыс-
тырымдылық қасиетін білу, орындарын ауыстыру және қолда-
ну; өрнек және өрнектің мәні, қосынды және айырма, қосын-
дының және айырманың мәндері, өрнектерді салыстыру; нату-
рал сандар қатары ны ң негізгі қасиеті туралы түсінік беру; 0
және 1 сандары қаты саты н ж ағдай ларда қосу мен азайтуды
орындау; әр санның сан қатарындағы орнын анықтау; санның
қүрамы ж әне оған негізделген қосу мен азайту ж ағдайлары н
қарастыру, кесінділердің; ұзы нды қтары ны ң қосындысы және
айырмасы сияқты мәселелермен байланысты материалдар осы
тараудың білім мазмүнын қүрайды.
1.
«Ок көлеміндегі сандар» тақырыбын оқытып-үйретудің
ең басты міндеті — сан және цифр ж айы нда түсінік қалыптас-
тыру, осыған орай сандардың атауларын ж әне олардың сәйкес
цифрлармен белгіленетіндігін игерту, цифрларды ж азу дағды-
сын қалыптастыру.
Заттарды санауды және санау арқы лы «қанша?» (неше? не-
шеу?) «нешінші?» сүрақтары на ж ауап беруді алдыңғы тақы-
68
рыпта оқушылар меңгерген болатын. Олай болса, нақтылы зат-
тарды немесе олардың бейнелерін, дыбыстарды, қозғалыстарды,
геометриялық фигураларды, заттың суреттерін және т. б. санауға
сүйеніп, бір таңбалы кез келген санды шығарып алуға болады.
Сантиметрдің көмегімен кесіндінің үзындығын өлшеудің нәти-
жесі ретінде әр санды шығарып алудың мүмкіндігі қоса қарасты-
рылады. Олай болса, санды шығарып алудьің негізгі көздерінің
бірі ретінде - шамалы (нақтырақ айтқанда, үзындықты) өлшеу
санаумен бір мезгілде енгізіледі, яғни санның - үзындықты өлше-
удің нәтижесін сипаттайтынына назар аударылады.
Цифрды оқуш ылар көреді және ж азады , жалпы алғанда, сан-
дарды атау және цифрларды ж азу қатар ж үргізіледі. Демек, он
көлеміндегі сандарды ауызш а және ж азбаш а нөмірлеу қатары-
нан қарастырылады.
Бір таңбалы он санның өзіндік ерекш е аталуын білу және
сәйкес он цифры осы тақыры пты оқытудың қорытынды нәти-
жесі болып табылады.
Оған қоса затқа санды және оған цифрды (және керісінше)
сәйкестендіре білу, сондай-ақ цифрларды оқуды және жазуды
үйрету жүзеге асырылады.
2.
Бір таңбалы сандар қатарын (тізбегін) түзу ж әне олардың
ретін анықтау әр санды оқытып-үйретумен тығыз байланыста
жүзеге асырылады. Осыған орай: санның тікелей алдында ке-
летін санға 1-ді қосу ж әне тікелей одан кейін келетін саннан
1-ді азайту арқы лы сәйкес санды ш ығарып алу; берілген санға
1-ді қосып, келесі санды, ал берілген саннан 1-ді азайты п, ал-
дыңғы санды ш ығарып алу; он көлеміндегі сандардың кез кел-
генінен бастап тура және кері бағытта сандарды ретімен атап
шығу; әр санның қатардағы орнын анықтау; сандарды көрнек-
ілікке немесе қатардағы орнына қарай салыстыру арқы лы үлкен
не кіш і екенін, сондай-ақ санның қандай да бір екі санның ара-
сында, санны ң алды нда ж әне одан кейін орналасқанды ғы н
анықтау; әрбір ж аң а санды бұрыннан белгілі сандармен салыс-
ты ру; ең кіш і бір таңбалы және ең үлкен бір таңбалы санды анық-
тау ж әне т. б. байланысты практикалы қ жүмыстар барысында
сәйкес іс-әрекетке оқуш ы ларды ж етк іл ік ті деңгейде маш ық-
тандыру көзделеді. Соның иәтижесінде сандар қатары жайын-
да түсінік қалы птасы п, әр санның сол қатардағы орнын анық-
тауды оқуш ылар меңгереді.
69
3. Қосу амалын - заттардың екі тобын біріктірудің нәтижесі
ретінде, ал азайту амалын - заттардың тобынан олардың біра-
зын бөліп алуды ң нәтиж есі ретінде, яғни заттарды ң бір ғана
тобын екі топңа ж іктеу арқы лы енгізу әр алуан практикалы ң
жұмыстарды орындауға негізделеді және «Он көлеміндегі сан-
дар» таңырыбының алғаш қы сабақтарында беріліп, әрі ңарай
біртіндеп тиянақтала түседі.
4. Осы тақы ры п ты ң м азм ұны нда санны ң құрам ы н оқы ту
ерекш е орын алады. Өйткені, әр санның құрам ы ны ң мүмкін
ж ағдайлары н қарастыруға және сол білімге сүйеніп қосу мен
азайту амалдарын орындауға м аш ы қтанды руға, әсіресе санға
1-ді қосу және саннан 1-ді азайтудың нәтиж елерін қатесіз та-
буға және қосылғыш тардың біреуі 1 болып келген ж ағдайда 10
көлеміндегі кез келген санның құрамын аны қтауды ж етік мең-
гертуге баса назар аудары лады . Бұл жерде санны ң құрам ы н
оқытуда біршама мәнді өзгеріс болып отыр. Атап айтқанда, сан-
дарды ауыстырып қосуға болатындығына сүйеніп, сан құрамы-
ның түрліш е ж ағдаилары ішінен есте сақтауға қаж еттілерінің
санын екі есе қы сқарту көзделеді; сонымен бірге санның құра-
мын аны қтайты н бір ж ағдайға сәйкес қүры лған қосындыдан,
қосылғыштардың орындарын ауыстырып, екінш і қосындыны
шығарып алады; көрнекілікке сүйеніп (балалар доминосы, бө-
ліктері әр түске боялатын ж олақш алар) қосу, азайту амалдары
арасындағы өзара байланысты айқындайды; азайту амалы ны ң
нәтижесін санның құрамы ж айы ндағы білімге сүйеніп анық-
тайды. Мысалы 5-тің құрамы: 4 және 1, 3 ж әне 2, 2 және 3, 1
және 4. Осылардың ішінде: «4 және 1», «3 және 2» 5 санының
құрамын анықтайтынын білу ж еткілікті. Ш ындығында 4 + 1 = 5
ш ыратынынан ж аңы лмайды . Ал 5 -1 ж әне 5 -4 ж ағдайлары н-
да, нәтиж ені табу үш ін 5 дегенім іздің 4 ж әне 1 екенін есіне
түсіруі ж еткілікті. Осыған ұқсас жұмыс - он көлеміндегі әр сан-
ның құрамын оқып-үйрету барысында ұйымдастырылады.
5.
Алгебраның элементтері қатарына жататын «теңдік», «тең-
сіздік», «өрнек», «өрнектің мәні» сияқты түсініктер сандар мен
ш амалар және олармен ж үргізілетін амалдар, сондай-ақ олар-
ды салыстыру сияқты мәселелермен тығыз байланыста қарас-
тырылады. Сонда алдымен сандарды салыстыру - заттардың екі
тобын алы п, яғни көрнекілікке сүйеніп, қайсы топта заттар-
70
дың арты қ, кем немесе сонша екенін анықтаумен байланысты-
рылады және салыстырудың нәтижесі сәйкес сандардың және
қатынас таңбаларының (=, >, <) көмегімен көрсетіледі, ал шық-
қан ж азулар сәйкес теңдік немесе теңсіздік деп аталаты ны ай-
тылады. Әрі қарай қосу және азайту амалдарының ж әне теңдік
таңбаларының көмегімен орындалатын ж азуларды ң да теңдік
болаты ны айты лады . Осыған ұқсас ілгеріде тең сіздік болып
табылатын ж азулар орындалады. Әрдайым теңдік немесе тең-
сіздік құру көрнекілікке сүйеніп ж үзеге асырылады. Теңдік-
тер немесе теңсіздіктер қүру, оқу ж әне ж азу қатар қарастыры-
лады , сонымен қоса әр ж аңа санның енгізілуіне орай біртіндеп
күрделене береді ж әне тиянақтала түседі.
Сандарды ж әне амал таңбаларын пайдаланы п орындалған
ж азу - өрнек болып табылады. Ал амалды орындағанда шық-
қан нәтиж е - өрнектің мәні деп аталады. Осыны басш ы лы ққа
ала отырып, ілгеріде қарастыры латы н қарапайы м өрнектердің
атаулары енгізіледі. Мәселен, «қосынды» деп «+» таңбасы ж әне
сандарды, ал «айырма» деп «-» таңбасын ж әнесандарды пайда-
ланып орындаған ж азуды айтады. Амалдың нәтиж есін сәйке-
сінше «қосынды» және «айырма» деп атамай, «қосындыныңмә-
ні» және «айырманың мәні» деп атаған жөн.
Сонда м атем атикалы қ терминдерді қолдануға бірізділіктің
сақталуы мүмкін, яғни «өрнек», «қосынды» ж әне «айырма»,
«өрнектіңмәні» - «қосындының мәні» және «айырманыңмәні»
терминдері м ағы налы қ тұрғыдан алғанда бір-бірінен туындай-
тын болады.
Өрнек пен санды өрнектерді бір-бірімен салыстыру жоғары-
да қарасты ры лған мәселелердің заңды ж алғасы болып табыла-
ды және көрнекілікке сүйеніп оқытылады. Тиісті қаты нас таң-
басы негізінен, өрнектердің мәндерін тауып, оларды салыстыр-
ғаннан кейін аны қталады.
6.
Геометриялық фигуралар ж айы ндағы түсініктер де біртін-
деп тиянақтала түседі, сондай-ақ әрдайым арифметикалық мәсе-
лелермен тығыз байланыста қарастырылады. Осы уақы тқа дейін
геометриялық фигуралар «біртүтас» деп түсіндіріліп келсе, енді
олардың элементтерімен таныстыру жүзеге асырылады. Осы-
ған орай үшбұрыштың және ш арш ының қабырғалары - кесінді-
лер, ал бүрыштың қабырғалары - сәулелер, олардың төбелері -
71
I
нүктелер болып табы латы ны на назар аудары лады . Сонымен
бірге үшбұрыш тың, бесбұрыштың, алтыбұрыш тың элементтері
(бұрыштары, төбелері, ңабырғалары) аталу сандарымен (3, 4, 5,
6) сәйкестендіріледі.
Әрі қарай кесінділердің үзы нды қтары н салыстыру, соның
нәтиж есінде «тең», «кем», «ұзын», «қысқа» қаты настары н
анықтау, «қанш а артық? қанш а кем? қанш а ұзын? қанш а қыс-
қа?» сияқты сұрақтарга ж ауап беру, кесіндінің ұзындықтарын
өлшеу, кесіндіні сызу сияқты практикалы қ жұмыстарды орын-
дау да ж иі кездеседі. Осы бағыттағы ж үмыстардың қорытын-
дысы ретінде кесін ділердің ұ зы н д ы қ тар ы н ы ң қосы нды сы н
және айырмасын табу қарастырылады. Мұны екі тәсілмен орын-
дауға болады: кесінділердің ұзы нды қтары өлшенеді және олар-
дың қосындысы, айырмасы есептеліп, ұзындығы сондай бола-
тын кесінді сызылады: алдымен кесінділердің бірі (айырма та-
былатын болса - ұзын кесінді) сызылады да, оған екінш і кесін-
діні ж алғасты ра (айырма табылатын болса, ұзын кесіндінің бір
ұшынан бастап, екінш і ұш ы на қарай) сызады.
Геометриялық фигураларды бір-бірінен аж ыратуға машық-
тандыратын тапсырмалар қайталау және пысықтау мақсатында
кездесуі мүмкін және олардың бәрі жаңадан енгізіліп отырған
түсініктермен тығыз байланыста қарастырылуы тиіс. Үзындық-
ты өлшеу сантиметрдің көмегімен жүзеге асырылады. Дегенмен,
10 санын енгізумен байланысты дециметр жайында қарапайым
түсінік беріліп, үзындықты өлшеу біршама қарастырылады.
7.
Уақыт ж айы ндағы қарапайы м түсінік беру де осы тақы-
рыпта ж алғасады , Өйткені, әрбір ж аң а санды енгізу әрдайым
сандар қатарын құруды және 1 сағатқа дейінгі дәлдікпен уақыт-
ты анықтауды қатар қарастыруды міндеттейді. Мәселен, 3 са-
нын оқыту кезінде бұрыннан белгілі 0 ,1 ,2 сандарының қатары
еске түсіріледі және сол қатардағы 3 санының орны анықтала-
ды. Осыған дейін сағат тілі бойынша 1 сағат, 2 сағат уақы тты ң
қалай аны қталғаны еске^түсіріліп, сағатты ң кіш і тілі 3 санын
көрсетіп, үлкен тілі жоғары бағытталса, сағат қай уақытты көр-
сетіп тұр? - деген сүраққа ж ауап беріледі.
8.
Ж оғарыда қарасты ры лған бағыттардағы білім мазмұнын
оқы ты п-үйрету барысы нда әр сабақ сайы н арнайы дәптерге
практикалы қ жұмыс орындалады. Сонымен бірге практикалы қ
72
білік пен дағдылар қалыптастырылады, яғни цифрларды жазу-
ды үйренеді, амалдарды және қатынас таңбаларын ж азуға ма-
ш ы қтанады , өрнектерді, теңдіктер мен теңсіздіктерді ж азуға
дағдыланады. Ж алпы алғанда ж азу дағдысы мен қарқы ны ның
қалыптасуы дәптерде орындалатын жүмыстың көлемі бойынша
және оның жүйелі түрде жүргізілуіне байланысты анықталады.
9.
«Он көлеміндегі сандар» тақыры бында «таза математика-
лық» мәселелерді қарастыру бірінш і кезекте түрады. Сондық-
тан олардың кейбіреулеріне қаты сты алғанда, тиянақты білім
беріліп, білік пен дағды қалы птасты ры лады . Мәселен: сан жай-
ындағы түсінікті қалыптастыру осы тақы ры пта межелі деңгей-
ге толы қ ж етк ізіл ед і; цифр ж ай ы н д а түсінік қалы птасты ру
ж әне оларды ж азуға үирету шеш ілген мәселенің қатары на жа-
тады; 0 саны қатысатын жағдайдағы қосу мен азайту дағдылары
қалыптастырылады, өйткені әр санды енгізу, оған О-ді қосу және
керісінше 0-ге оны қосу, сол саннан О-ді азайту, сол саннан оның
өзін азайтып, нөлді шығарып алу сияқты ж ағдайларды қарас-
тырумен жалғасады (мәселен 4 + 0, 0 + 4, 4 - 0 ,4 - 4) және дүркін-
дүркін аздаған өзгеріспен қайталанады : 1-ді қосу ж әне азайту
дағдысы да қалы птасты ры лады . Ал басқа мәселелерді оқытып-
үйрету бірден қорытынды нәтиже деңгейіне ж еткізіле қоймай-
ды, ілгеріде біртіндеп тиянақтала және дами түседі. Дегенмен,
осылардың бәрі келесі тақы ры пта кестелік қосу мен азайтуды
оқытып-үйретудің берік негізін қалайды .
«Кестелік қосу мен азайту» тақыры быны ң мазмұнын: он кө-
леміндегі сандарды есептеу тәсілдері; мәтінмен берілген ариф-
метикалы қ ж ай есептер және оларды шығару; кері есептер және
өзара кері есептер; санды өрнек ж әне әріпті өрнек, әр түрлі
өрнектердің мәндерін табу; қарапайы м теңдеулер және оларды
шешу; кесіндінің ұзындығын арттыру және кеміту, кесінділер
сызу сияқты мәселелер құрайды.
Осы тақы ры пты оқытып-үйретудің ең басты міндеті — оқу-
ш ылардың математикалы қ даярлығының басты керсеткіш і кес-
телік қосу мен азайту ж ағдайларын еркін игеруді жүзеге асыру
ж әне негізгі деп аталаты н ж ай мәтінді ариф м етикалы қ есеп-
терді шығаруға үйрету. Ал санды өрнек және әріпті өрнек, олар-
дың мәндерін табу, қарапайым теңдеулер және оларды шешу,
кесіндінің ұзы нды ғы н арттыру және кеміту, кесінділер сызу
73
ж айы ндағы білім, білік және дағдылар алдағы уаңытта дамыта
түсетін мәселелердің қатары на жатады.
1.
Алдыңғы таңырыпта қосу және азайту амалдары көпш ілік
ж ағдайларда көрнекілікке сүйеніп орындалған болатын. Деген-
мен, 0 және 1 сандары ңатысатын ж ағдайларда қосу және азай-
ту амалдарын орындауға ж еткілікті маш ықтандыру мүмкін бол-
ды. Сондықтан осы жағдайларда есептеулер ж үргізуге қатыс-
ты алғанда, білік, қалыптастырылды деуге толық негіз бар. Осы-
ған орай 1-ді қосу және азайту туралы сәйкес қорытынды жаса-
лады, яғни «санға 1-ді қосқанда келесі сан, ал саннан 1-ді азайт-
қанда алдыңғы сан шығады» сөилемі тұж ы ры м далы п, ілгеріде
сандар ж и ы ны ны ң кеңейуіне сәйкес оны қолдану көзделеді.
Осы сәттен бастап 1-ді қосу ж әне азайту ти ян ақты игерілген
мәселе деп есептеледі. Әрі қарай сәйкес есептеу тәсілі енгізі-
леді. Сонда негізгі көрнекілік ретінде сан сызғыш ы қолданы-
лады да, санға 1-ді қосу тура бағытта, ал 1-ді азайту кері бағыт-
та, сандарды ретімен атау (яғни санау) арқы лы түсіндіріледі.
Дегенмен, қосу амалын, әсіресе азайту амалын орындағанда оқу-
шылар өздеріне бүрыннан белгілі санның қүрамы ж айы ндағы
білімге сүйеніп, өзара байланысты мына сияқты төрт мысалды
құры п ж әне ш ы ғара алуы к ер ек, ай тал ы қ 5 + 1 = 6, 1 + 5 = 6,
6 - 1 = 5 , 6 - 5 = 1. Алайда, қосы лғы ш тары ны ң біреуі 1 саны
болатын санның қүрамын есте сақтауға және сол білімге негіздел-
ген сәйкес жағдайдағы азайтуды орындауға басты назар аудары-
лады. Осы себептен де 1-ді қосу және азайту бірге қарастырылады.
2.
Кестелік қосу мен азайтудың 2, 3, 4, 5 сандарына қатысты
ж ағдайлары н оқытып-үйретудің әдістемесінде бірізділік сақ-
талады. Мұндағы қосу тәсілі сан сызғыш ында да бір, екі, үш,
төрт сан аттай отырып тұра бағытта, ал азайту тәсілі - кері ба-
ғытта санау арқы лы түсіндіріледі. Қосы лғыш тарыны ң бірі 2,
3 ,4 ,5 сандары болатын ж агдайларда санның қүрамын есте сақ-
тауға баса көңіл бөлінеді.
Қорытынды нәтиж е - қосу кестесінің 16 теңдігін ж атқ а білу,
яғни
2 + 2 = 4,
3 + 3 = 6
4 + 4 = 8,
5 + 5 - 1 0 ,
3 + 2 = 5
4 + 3 - 7
5 + 4 = 8
4 + 2 = 6
5 + 3 = 8
6 + 4 = 1 0
5 + 2 = 7
6 + 3 = 9
Достарыңызбен бөлісу: |