Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


а) Сызықты панорамалық түсіру



бет31/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

а) Сызықты панорамалық түсіру кезінде объект бөлшектеп түсіріледі, бірақ мұнда фотоаппаратты тізу сызықтың бойымен кезектілікті сақтай отырып, қарама-қарсы орналасқан объектілер бірнеше нүктелерден түсіріледі. (РИСУНОК 7: Сурет 7. Сызықты-панорама фототүсірілімінің схемасы.) (РИСУНОК 7-1: Сурет 7-1. Сызықты панорама әдісін қолданып түсірілген фототүсірілім.)
Ал көлденең түсіру әдісіне мысалы ретінде: автокөлік жол оқиғасы болған жерді түсіруді айтуға болады. Панорамалық түсіру кезінде ұстау (выдержка) мен диафрагма сақталынатын ереже бойынша өзгеріссіз бір қалыпты болуы тиіс. Дегенмен де объектілердің кейбір бөліктерін, учаскелерін әртүрлі жарықтандыруда түсіру қажеттілігі туындайды, мұндай жағдайларда керегінше тиісті түзетулер жасалады.
ә ) Шеңберлі панорамалық түсіру барысында алдыңғы кадрдың соңғы жағын келесісі 10-15% көлемінде жауып тұратындай етіп, фотоаппаратты бұрып айналдыра жылжыта отырып объектілер бір нүктеден түсіріледі. (РИСУНОК 8: Сурет 8. Шеңберлі-панорама фототүсірілімінің схемасы.) (РИСУНОК 8-1: Сурет 8-1. Шеңберлі-панорама әдісін қолданып түсірілген фототүсірілім.) Түсіретін объектіні толық бейнелеп бекіту үшін қанша кадр керек болса, сонша рет түсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет