Мазмұны 1-тарау. Спирт технологиясы


Шикізатты қайта өңдеуге дайындау



бет20/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130783
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69
Байланысты:
Технология спирта111 (копия)
10 сынып БЖБ 2 тоқсан, Билет8., Әмірғали Диана БҚБ-303 ОСӨЖ 2 СБ, дүниетану тест
Шикізатты қайта өңдеуге дайындау

Картопты дайындау
Өндіріске беру алдында картопты қоспалардан арылтады және жуады.
Картопты айналма қоймаларынан (рештактардан) немесе бурттардан гидравликалық тасымалдағыш көмегімен тасымалдайды. Ол рештак немесе бурттардың төменгі жағынан көлденең өтетін ашық науа болып табылады. Науаларды темір бетоннан жасайды, олардың тікбұрышты қимасы болады, ені 0,35 м-ден кем емес, биіктігі шамамен 0,7 м, зауыт корпусына аздап көлбеу орнатылады.
Тасымалдау үшін жылу алмастырғыштарынан келетін суды пайдаланады, оны тұндырудан кейін көп рет өткізеді. Картоптың сумен қозғалу жылдамдығы 0,75 м/с-қа жуық, су шығыны – картоп массасына 400...700%. Одан азырақ жылдамдықта топырақ тұнып қалады, көбірек болғанда – су шығыны артады. Картопты қолмен, күректермен не гидранттармен тиейді. Су тасымалдағыш соңындағы болат тордан бөлініп шығады. Картоптың жеңіл қоспалары сабан ұстағыштарда тасымалдау үдерісінде, ауырлары – тас ұстағыштарда бөлінеді. Сабан ұстағыш ең қарапайым жағдайда қозғалып жатқан масса бетінің үстінде орнатылған тырма болып табылады. Тас ұстағыш науа түбіндегі шұңқыр түрінде жасап шығарылады, онда ауыр қоспалар бөгеліп қалады, ал картоп арнайы келте құбыр арқылы берілетін су ағынымен итеріліп шығарылады. Тасымалдауда ластың бір бөлігі жуылып кетеді.
Картопты соңғы жуу әртүрлі конструкциядағы картоп жуғыштарында жүзеге асырылады, мысалы, Добровольский жүйесінде, тамыржемістерді жуу үшін жұдырықшалы немесе әмбебап машиналарда. Түйнектердің машинада болу ұзақтығы 5-7 минут болса, су шығыны картоп массасына 200-ден 400%-ға дейін құрайды. Қатты ластанған, механикаландырылған жинаудан кейін картопты жуудағы су шығыны 600-800%-ға жетеді, ал жуу уақыты – 10-14 минут.
Қазіргі кездегі спирт зауыттарында картопты жуу технологиялық желілері бар. Кейде ондай желіге жуу машинасын кіргізбейді, өйткені картоп тасымалдау құбырынан өткенде және сорғышта жуылып шығады.
Жуылып шықпаған топырақ мөлшері 0,1%-дан аспауы тиіс, картоп шығындары – 0,2%-ға дейін.
Астықты дайындау. Өндіріске келіп түсетін барлық астықты шөп-шалам қоспалардан, топырақтан, шаңнан, металды қоспалардан босатады. Уыт өсіруге арналған астықты астық қоспалары, арамшөп дәндерінен қосымша тазалайды және сұрыптайды.
Шаң, сабан, ірі қоспалардан астықты ауалы-електі сепараторда бөледі, содан соң магнитті сепараторларда металды қоспаларды алып тастайды. Олардың өнімділігі – 1,08-ден 3,06 т/сағ-қа дейін. Электромагнитті сепараторлар одан жоғарылау өнімділікке ие. Олар 0,6-0,9 кВт қуаттылықты тұтына отырып, 4-тен 9 т/сағ-қа дейін тазартады.
Қайнатуға баратын астықты тазалаудан соң, металды қоспалар, шөп-шалам минералды қоспалардың мөлшері 1%-дан артық болмауы тиіс.
Периодты және жартылай үздіксіз қайнатуда астықты бүтін түрінде қайта өңдейді. Қабықты астықты (сұлы, тары, арпаны) суслода астық массасынан 8%-дан көп емес қабықтар мөлшерін қамтамасыз ететін арақатынасында қабықсыз астықпен немесе картоппен қоспасында қайта өңдейді. Картоп немесе қабықсыз астық болмаған жағдайда арпа, тарыны ұсақталған түрінде қайнатады, ал сұлыны алдын-ала құлатады (гүлді және тұқымды қабықтардан 70%-дан кем емес етіп ажыратады).
Үздіксіз қайнатуда астықтың барлық түрін балғалы ұнтақтағыштарда немесе вальцелі білдектерде ұсақтайды. Қабықсыз астықпен құлатылмаған сұлыдан алынған 20%-ға дейін жармашықты қайта өңдейді, сұлының өзін пайдаланғанда, оны алдын-ала қамшылы құлатқыштарда құлатады. Құлатуда крахмал шығындары 1,5%-дан аспауы тиіс.
Қайнатуға бағыттау алдында құлатылған астықты қауызын бөле отырып, жалпақ виброелектерде елейді.
Уыт өсіруге арналған астықты негізгі дақылдан ұзындығы бойынша ерекшеленетін астық қоспаларынан босатады. Қарамықша бөлгіштерді немесе қарасұлы бөлгіштерді пайдаланады. Спирт өнеркәсібінде, әдетте, өнімділігі жоғары цилиндрлі триерлерді қолданады.
Қоспаларды бөліп алған соң астықты сұрыптау машиналарында 3 сұрыпқа сұрыптайды. Алғашқы екеуін уыт өндірісіне пайдаланады, үшіншісін қайнатуға бағыттайды.
Уыт өсіруге баратын тарыны сұрыптамайды, тек ауалы-електі және магнитті сепараторлардан өткізеді.
Мелассаны дайындау. Мелассаны қоймадан тәуліктік қор жинағышына береді. Қыс кезінде оның тұтқырлығын төмендету үшін жылантүтік арқылы меласса құбырын іріктеу жерінде құрғақ бумен жылытады.
Өлшеу алдында мелассаны цилиндрлі жинағыш – гомогенизатордың – оның биіктігі бойынша әртүрлі жерлеріне сорғышпен ауыстырып құю жолымен гомогендейді, себебі ұзақ мерзімді сақтау кезінде мелассаның қатпарлануы өтеді және де жинағыштың жоғарғы жағына қарағанда, төменгі аймағында қанттардың концентрациясы жоғарырақ бола бастайды.
Кейін мелассаны қышқылдатады, асептиктейді және сумен сұйылтады. Ашытқылы сусло үшін мелассаны қоректік тұздармен байытады. Қатты инфекцияланған мелассаны пластинкалы жылу алмастырғыштарда, түйіспелі бас көмегімен немесе инжекторлы типті қондырғыларда зарарсыздандырады, ал спиртпен бір уақытта нан пісіру ашытқысын шығарғанда, қосымша ағартады. Зарарсыздандырудан кейін ақаулы мелассаны қалыптымен араластырады.
Таңдап алынған сұлбаға байланысты бір немесе екі концентрацияда рассиропканы (меласса суслосын) дайындайды. Спирт өндірісінің бірағынды тәсілінде ашу және ашытқыны сұйықпен езу үшін меласса ерітіндісін бір концентрацияда – 22% дайындайды. Бірағынды сұлбаны бір уақытта спирт және нан пісіру ашытқысын өндіретін зауыттарда қолданады.
Екіағынды тәсілде ашытқы генерациясы үшін меласса ерітіндісін 12%, ашу үшін 32% концентрацияда дайындайды. Бүкіл меласса массасына қышқыл мен қоректік тұздардың есептелген мөлшерін ашытқылы суслоға енгізеді, ал негізгі сусло үшін мелассаны тек асептиктейді және сұйылтады. Ашытқы мен суслоны араластырған соң концентрация 22-24% деңгейінде орнатылады. Мұндай тәсілдің артықшылығы оларға қолайлы концентрациясы төмен суслода белсенді ашытқыны алу болып табылады. Ашытқылы сусло үшін ашуға қарағанда сапасы жақсырақ пайдалануға болады.
Суслоны өте жиі инфекциялайтын қышқыл түзуші бактериялардың жетілуіне жол бермейтін ашыту жағдайларын қамтамасыз ету үшін 2,8-3,0-ден аспайтын рН-ты ұстап тұру қажет. Алайда бұл жағдайда ашытқы да басылады. Сол үшін ашытудың бірағынды тәсілінде суслоның рН-ын шамамен 5-те ұстайды, бұл 0,4-0,60 жалпы қышқылдылыққа сәйкес келеді. Екіағынды тәсілде ашытқылы суслоның қышқылдылығы 1,1-1,30 құрайды, негізгісімен араластырғаннан кейін қышқылдылық 0,6-0,70 деңгейінде орнатылады. Асептиктеу үшін антимикробты заттарды (хлорлы әк, антибиотиктерді) қосады.
Қышқыл және антисептиктерді сұйылтылмаған мелассаға енгізген дұрыстау, себебі олар сұйылтылған суслоға есептелумен енгізіледі. Бұл жоғарылау қышқылдылық пен антисептик концентрациясын тудырады, микроағзалар жақсырақ жойылады. Күкірт немесе тұз қышқылымен бірағынды тәсілде 1,6-2,40, екіағындыда 3,5-4,50 орта қышқылдылығына дейін қышқылдатады. Осы мақсатқа тұз қышқылын қолдану аса үнемді, оған қоса, күкірт қышқылын қосқанда, ашытқы сепарациялануын және барданың булануын қиындататын гипс түзіле алады. Бірақ хлорид-ион ашытқыға нашар әсер етеді. Сонымен бірге, соңғы зерттеулермен рН 5-ке дейін қышқылдатқанда гипс түзілмейтіні, ал барданы рН 6-ға дейін бейтараптағанда, оны буландыру аппаратарында қақ түзілмейтіндей етіп буландыруға болатыны көрсетілген. Мелассаны асептиктеу үшін хлорлы әк, сульфонол, формалинді белгіленген мөлшерлерде /1/ пайдаланады.
Ашытқыны қоректендіру үшін мелассаға арнайы жинағышта фосфор көзін – 70%-дық ортофосфор қышқылын және азотты қоректендіру көзін – несепнәр немесе аммоний сульфатын қосады, сирек жағдайда құрамында азот та, фосфор да бар диаммонийфосфатты қолданады. Қоректік тұздар мен қышқыл шығынын есептеулер жолымен анықтайды. Спирт өндірісінде 70%-дық концентрацияда ортофосфор қышқылын енгізу нормасы – 13 кг/1000 дал, нан пісіру ашытқысы өндірісінде – 5 кг/т. Ашытқы шығымын арттыру үшін ортофосфор қышқылының бірыңғай нормасы белгіленген – меласса массасына 0,06%. Аммоний сульфатының қалыпты шығыны – 20 кг, несепнәр – 8 кг/1000 дал спирт.
Мелассаны сумен үздіксіз араластыру үшін және біртекті суслоны алу үшін үздіксіз әрекетті араластырғыштардың (рассиропниктердің) екі типін қолданады: механикалық араластыру және онсыз.
Меласса үшін рассиропниктер ыстық және суық су, қоректік тұздар жеткізілетін цилиндрлі көлденең не тік сыйымдылықтар болып табылады. Меласса мен судың жақсырақ араласуы үшін ішінде қоршаулар немесе електі тәрелкелер орнатылады, сонымен қатар, қосымша араластыруға суды жеткізу үшін келте құбырдағы сақиналы тістер мүмкіндік береді. Механикалық типті араластырғыштарда араластыру үшін аппарат корпусындағы қозғалмайтын өзектермен кезектесетін, білікте бекітілген өзектер қызмет етеді. Біліктің айналу жиілігі – 70-80 айн/мин. Осындай араластырғыштардың көмегімен мелассаны қоректік тұздармен және сумен араластырады.
Нан пісіру ашытқысының өндірісінде мелассаны қалқыма, кремний қышқылының тұздары, темір тотықтары және басқа да ашытқыны ластайтын, оған күңгірт түс беретін нашар еритін қосылыстардан босату үшін кларификаторларда тазалайды. Кларификаторлар – ластық камерасының көлемі үлкен болатын сепараторлар. Меласса массасынан 0,08% құрайтын қалқымалар тұнбасын қолмен (ВСМ маркасы) немесе кларификаторды тоқтатпай, гидравликалық әдіспен түсіреді. Қалқымалар мен коллоидтармен бірге 40%-ға дейін меласса микроағзалары бөлініп кетеді. Мелассаны тазалау дәрежесі сұйылту еселігін арттырғанда жақсарады. Тұнбамен қанттардың шығындары 0,026%-ға жетеді, алайда оларды сумен шығарып тастау мүмкіндігі бар және асептиктеуден кейін ерітіндіні мелассаны сұйылтуға пайдалануға болады.
Кларификацияланған мелассаны пайдаланғанда, ашытқы сапасы жақсарады, бірақ коллоидтармен бірге биостимуляторлар алынып тасталғаннан соң, ондай мелассаның ашу үдерісінің нашарлауы жайлы мәліметтер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет