3. Аминофенолдар
о-, м- және n-аминофенолдар белгілі
Алу тәсілдері. 1.Тиісті нитрофенолдардың тотықсыздандыру аминофенолдар алудың әдеттегі тәсілі болып табылады. Тотықсыздандыруды мырыш ұнтағы мен судың, натрий гидросульфитінің (Na2S2O4) әсерімен сілтілік ерітіндіде жүргізеді:
2. Оларды, сондай-ақ екі атомдық фенолдарды, әсіресе мета-қатардағы екі атомдық фенолдарды аммиакпен қыздыру арқылы алуға болады:
3.Нитробензолды концентрациялы күкірт қышқылының қатысуымен электролиттік тотықсыздандыру n-аминофенол алудың техникалық тәсілі болып табылады. Алдымен түзілетін фенилгидроксиламин қайта топтасуға ұшырап, п-аминофенол түзіледі:
4. Оксиазоқосылыстарды тотықсыздандыру аминофенолдар алудың қолайлы лабораториялық тәсілі болып табылады.
Физикалық қасиеттері. Аминофенолдар — суда еритін,. түссіз кристалдық заттар.
Хамиялық қасиеттері. 1Аминофенолдардың тым активті функционалдық екі тобы бар. Олар қышқылдармен тұздар және күйдіргіш сілтілермен феноляттар түзеді, яғни амфотерлік қасиеттер көрсетеді:
2.Өте күшті тотықсыздандырғыштар болып табылады, соның арқасында фотографияда қолданылады:
3.Ацилдегенде ең алдымен аминотоп әрекеттеседі:
4.Аминофенолдар алуан түрлі деакцияларда гетероциклді қосылыстарды оңай береді. Мысалы, сірке ангидридімен әрекеттескенде,
фосгенмен әрекеттескенде және т. б.
Жеке өкілдері. Аминофенолдар айқындауыш ретінде бояғыштар дайындауда аралық өнімдер және дәрі-дәрмектік заттар есебінде қолданылады.
Кәдімгі айқындаушы болып табылатындар: родиналь, (п-аминофенол), метол (п-метиламино-фенол CH3NH —С6Н4ОН), амидол (2,4-диаминофенол)
Бұл заттардың барлығы да кәдімгі тұздар күйінде қолданылады.
Бояу өндірісінде пайдаланылатындар: анизидиндер, (метоксианиминдер) және фенетидиндер (этоксианилиндер)—азобояғыштар өндірісінде, п-аминофенол — күкіртті бояғыштар өндірісінде, м-диметиламинофенол— родаминді және розамицді бояғыштар өндірісінде.
Медицинада фенацетин,— ацетофенетиднн (1,4) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |