Мазмұны кіріспе мұнай-газ материалдары аудармасы мұнай-газ терминдері бар мәтіндерін аударудың ерекшеліктері Мұнай-газ мәтіндерінің грамматикалық ерекшеліктері «алтиус петролеум интернэшнл»



бет19/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#79583
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері
Oxidation and extreme-pressure additives are used.
Қышқылдануға және сыдыруға қарсы заттар қолданылады. –Используются противоокислителъные и противозадирные присадки.
Өзгеше айқын анаколуф болғандығына дәлел ретінде, «қышқылдануға қарсы» мағынасын дұрыс қолданғандығына төмендегі мысалды көрсетеміз:
All tests were conducted with a single batch of super-refined naphthenic mineral oil lubricant having proprietary additives (antiwear, antioxi­dant, and antifoam).
Ұқсас түрде, wear requirement – «тозу талабы» емес «аз тозу талабын», ал leakage requirement – «кему, азаю талабы» емес «кему, азаю болмағандығының талабын» білдіреді:
The wear requirement should be reviewed carefully when this is the principal factor favoring the use of gold.
Алтынды қолданудың пайдалығыі үшін аз тозу талабы - негізгі фактор болған жағдайда, оған үлкен сақтықпен қарау қажет. – К требованию малого износа нужно относиться с большой осто­рожностью, когда оно - основной фактор, говорящий в пользу при­менения золота.
Even with the greater length, the leakage requirements still required close clearances so that rubbing had to be anticipated.
(Белдіктердің) ұзын болған жағдайында да, жіберіп қоюларды болдырмау талабы бұрынғыдай кішкене саңылауларды ескертеді, осыған орай үйкелістердің пайда болуын болжамдау қажет еді. – И даже в случае длинных (валов) требование отсутствия утечек по-прежнему обусловливало малые зазоры, а поэтому трения нуж­но было ожидать.
Requirement сөзіне келетін болсақ, бұл сөз қазақ тілі үшін тосын сөз тіркесін құрайды. Мысалы, shock requirements – «соққы талабы» емес «соққы күштеріне қарсы тұру талабы» мағынасын білдіреді. Төменде логикалық ауыстыру туралы талқылағанда, requirement сөзінің басқа бір қайрандығымен танысамыз.
Аудармашылар, ағылшын тілінен қазақшаға аударған кезде protection сөзінің осы ерекшелігін есепке алуы қажет. Әлбетте, ешкім «өртті қорғауы» деп жазбайды, бірақ «өртке қарсы қорғау» және «өрттен қорғау» сөздері, «өрт сөндіру сорғысы», «өрт сөндіру суы», «өрт сөндіру машинасы» сөздері сияқты жиі түрде кездеседі.
Static, physical, measured, variation, material тәрізді тұзақ сөздер де кездеседі. Олардың да аудармасы барысында сақ болу қажет. Static сөзі әрдайым «қозғалмайтын», немесе «тыныштық күйінде тұрған» мағынасын білдірмейді. Бірнеше дәлелді қажет етпейтін мысалдарды берейік, себебі дәлелдеу үшін мамандарды жалықтыратын кең және зеріктіретіне контекстерге сүйінуге тура келеді:
а) Ratio of stage-exit static pressure to ambient static pressure = деңгейден шығу барысындағы статикалық қысымның қоршаған ортадағы статикалық қысымға қатынасы (бұл жерде static сөзі, сөздіктерде белгіленген өзінің тікелей мағынасында қолданылған) – отношение статического давления на выходе из ступени к статическому давлению окружающей среды (здесь static используется в своем прямом, зафиксированном словарями значении);
б) Static performance = тік самғау шарттарындағы жұмыс (екпін ағыны болмағанда және көлденең жылдамдықсыз ұшақтың тік самғауы туралы сөз қарастырылуды ) – работа в условиях вертикального взлета (речь идет о вертикальном взлете самолета в отсутствии горизонтальной скорости и, следовательно, набегающего потока);
в) Static linear design = шудың жұтылуының өзгермейтін параметрлері арқылы қаптау жұмысын жобалау – проектирование облицовки с неизменными параметрами шумопоглощения;
в) Static impedance tube tests = ағынсыз кедергілік (импеданстық) құбырындағы тәжірибелер (қаптаманы үрлейтін) – опыты в импедансной трубе без потока (продувающего облицовку);
г) Static pressure ratio = уақытқа тәуелді болмайтын салыстырмалы қысым – не зависящее от времени относительное давление;
ғ) Static furnace test = жану камерасында тұрақты температурада сынақ жұмысы – испытание в камере сгорания с постоянной температурой.
Кей кезде physical сөзін тіпті қазақшаға аударуға қажет емес. Себебі, бұл сөз тек қана әлсіз түрде қарама-қарсы мағынаны білдіреді («химиялық емес», «теориялық емес», «формалды емес» және т.б.). Мысалы, physical check – қоймада белгілі бір заттарды құжаттары бойынша формалды түрде тексеру емес, заттарды санап, тексеру. Тағы бірнеше мысалдар:
а) Physical observations of the ash deposit = эола шөгінділердің талдануы (химиялық түрде емес, елек арқылы тексеру) –анализ эоловых отложений (не химический, но ситовой);
ә) Physical constraints imposed by the length of the paper = мақала (бап) көлемін шектеу (тек қана қалау емес, сөздердің немесе белгілердің нақты санын е көрсету арқылы ) – ограничения в объеме статьи (не просто пожелания, но точное указание количества слов или знаков);
б) Several of the new design wheels were subjected to a physically destructive drag test – жаңа құрылған бірнеше доңғалақтарды қысып алып, бүлінуіне (толығымен бүлінуіне) дейін тежеу сынағы өткізілді – Несколько колес новой конструкции испытали на торможение прихватыванием до разрушения (полное разрушение);
в) Physical dimensions = нақты өлшемдер (яғни, өлшемдердің есептеуі бойынша емес, өлшеу немесе құрастыру барысында алынған деректер) – фактические размеры (т.е. размеры, которые в отличие от расчетных получены при измерении или изготовлении);
г) A source is a physical location, and you can physically "touch" a Source =Нақты көз (зат) – бұл нақты бар жер және оны «қолмен ұстауға» болады – Источник — это некое реально существующее место, которое можно «потрогать руками».
Соңғы екі мысалда physical сөзі – материалды, нақты бар бір зат ретінде көрсетілген. Ал, поп physi­cal сөзі болса, керісінше материалды емес, есептелген, ойшыл және ұстап көруге болмайтын бір зат. Енді сапаны қамтамасыз ету нұсқауынан алынған шағын мысалды қарастырайық. Бұл мәтінде alteration (өзгеріс) ұғымына түсіндірме беріледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет