Бағалау критерийі
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларды орындайды.
|
1
|
- мәтіннен берілген сөздердің лексикалық баламасын табады;
- перифраз түрінде жазады;
- сұрақтарға өз сөздерімен жауап береді;
|
2
1
2
|
Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сай эссе жазады.
|
2
| |
1
1
1
1
|
Барлық балл:
|
|
|
9
|
Қорытынды
Қазақ тілі пәнінің қорытынды аттестаттауға енгізілуі – тіл мәртебесін көтеретін факторлардың бірі, мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуды жүзеге асырудың сара жолы.
Қорытынды аттестаттау – жаңа технологияға негізделген мектеп бітірушілердің білім сапасын бағалаудың ерекше жүйесі екені баршамызға белгілі.Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жаңартылған білім мазмұны бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша (оқыту қазақ тілінде емес) үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады.
Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезінде, алдымызда отырған шәкірттер білімді терең қажет етеді. Олар бізден көп нәрсені талап етеді. Біз бір пәнге дайындалғанда олар 5-6 пәнге дайындалады. Заман талабынан артта қалмай оқушы алдында барлық жақтан хабарын, өз біліміңді олардың бойына бере алатындай болуымыз керек.Оқыту процесінің маңызды компоненттерінің бірі – оқушы білімін тексеру, бағалау.
Оқушылардың білімін тексеру әдістері арқылы мұғалім оқушылардың білімді, іскерлікті игеру сапасын тексеріп қана қоймайды, ол оларды ойлау тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді және біліміндегі кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді. Оқушылармен әрдайым бірлікте отырып, жаңа тақырыпты меңгеру, әрбір өтілген тақырыпты дайындық тапсырмаларымен байланыстыру, негізгі қажетті деген сөздерді түрлендіре отырып, сұрақтар қойдырта білу, әрбір сұраққа дұрыс жауап бере білуге, дұрыс жауапты есте сақтап қалуға үйрету негізгі міндетіміз болды. Қорытынды аттестаттаудың сапалы өтуі, алдымен, мұғалім мен оқушының уақытты тиімді пайдалануында және мұғалімнің тапсырмаларды түрлендіріп қолдануында. Тапсырманы түрлендіріп қолдануындағы мақсат оқушылардың пәнге деген құштарлығын арттырып, жоғарғы деңгейде білім алуына көмектесу. Сондықтан оқушылар теориялық білімдерін үнемі практикалық тұрғыда пайдаланып отырады. Қазақ тілінен оқушыларды дайындау үшін қажетті тапсырма түрлерін ала білу өте маңызды. Тапсырма түрлері мынадай: мәтінді оқу, мағынасы жақын сөздерді анықтау, сұрақтарға толық жауап беру, берілген сөйлемді өз сөзімен қайта жазу.
Қорытынды аттестаттауға дайындықтан күтілетін нәтиже:
Оқушылар тақырыпты қайталау, пысықтау арқылы білімін жетілдіреді.
Қорытынды аттестаттауға психологиялық тұрғыдан өзін-өзі жан-жақты дайындайды.
Қиын сәттерден өзі жол тауып шығуға қалыптасады.
Қазақ тілі мен әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға үлесін қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |