Кейсті орындау бойынша тапсырмалар: 1. Берілген жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсінініз.
2. ҚР Еңбек Кодексіне сай қосымша жұмыс қызметкерге жүктелуінің рәсімделу тәртібін анықтаныздар.
3. ҚР Халық денсаулығы Кодексіне талдау жасау арқылы медициналық қызметкерлерді кәсіби міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту негіздерін анықтаныздар
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес медициналық қызметкерлерді қосымша кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға бола ма?
2. Мейіргер (аға фельдшер, аға акушер) лауазымдық міндеттері қандай?
3. Медициналық қызметкердін бұзылған құқықтарын қамтамасыз ету үшін сот қанда шешім шығару керек?
Кейс 2. Азаматша Е. диспансердің физиотерапия кабинетінде медбике болып жұмыс істеді. Ағымдағы жылдың 15 наурызында диспансердің бас дәрігерінің бұйрығымен денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына сәйкес келмеуіне байланысты ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағының 6- тармақшасы бойынша жұмыстан босатылды. Медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес, азаматша Е. «оң қолдың созылмалы экземасы» диагнозымен диспансерлік есепке алынып, оған теріні тітіркендіретін заттармен жұмыс істеуге шектеулер қойылды. Аталып өткен себептерге негізделе отырып теріні тітіркендіретін заттармен байланысты жұмыстан босатылып, бір ай мерзімге басқа жұмысқа бас дәрігерінің бұйрығымен ауыстырылды.
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар: 1. Жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР заңнамасының нормаларын зерделеу негізінде (пп. 6) ҚР ЕК-нің 52-бабының 1-тармағы, 53-бабы) аталған жағдайға құқықтық баға беріңіз.
3. Диспансердің бас дәрігерінің бұйрығының негізділігі мен заңдылығын анықтаңыз.
4. Осы мәселені шешудің мүмкін нұсқаларын ұсыныңыз және олардың ең жақсысын таңдаңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Аталып өткен негізде еңбек шартын бұзу тәртібі қандай?
2. Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма?
3. Қызметкердің еңбек құқықтары қандай тәртіппен қорғалуы мүмкін?
Кейс 3. Рентгенолог Азамат Ә. сәуір айынан бастап шілде айының 20 на дейін пандемия кезінде демалыссыз жұмыс істеген болатын. Азамат Әділбекұлының айтуынша, пандемияның алғашқы толқынында ол 200-ге жуық пациентке, оның ішінде әріптестеріне «пневмония» диагнозын қойған. Сол уақытта Азамат екі күн бойы 39 градус температурамен жұмыс істеген. «Мені ауыстырған екінші рентгенолог ауырып қалды, сондықтан емхана басшылығы маған еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеуге рұқсат бермеді». Компьютерлік томография (КТ) нәтижелері бойынша Азаматта да пневмония анықталды. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда оларға, сондай-ақ қызметкер қайтыс болған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысу қатыспауына қарамастан олардың отбасыларына біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығы) сүйене отырып біржолғы әлеуметтік төлем алуға өтініш береді. Бірақ емхана басшылығы рентгенолог Азаматты біржолғы әлеуметтік төлем алатын үміткерлер тізіміне қоспаған. Азамат Ә. біржолғы әлеуметтік төлем алу үшін қандай әрекеттер жасауы қажет?