4 Тақырып. Медициналық құқық субъектілері мен объектілері
Тақырып сұрақтары:
Медициналық құқықтық қатынастар субъектілері, түрлері. Медициналық құқықтық қатынастардың пайда болуы мен құрылымы.
Азаматтар медициналық құқықтық қатынастарының субъектілері ретінде. Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттері.
Пациенттердің құқықтары мен міндеттері. Пациенттердің құқықтарын қорғау механизмдері.
Медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымдардың құқықтары мен міндеттері.
Заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы құқықтық қатынастарының субъектілері ретінде.
Медициналық сақтандыру медициналық құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтарын қамтамасыз ету тетігі. ҚР міндетті медициналық сақтандыру.Ерікті медициналық сақтандыру. Медициналық қызметкерлердін кәсіби жауапкершілігін сақтандыру.
Құқықтық жанжал пациенттің құқығын қорғаудың негізі ретінде. Пациенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың сотқа дейінгі және сот органдарында қорғау.
Тапсырмалар:
1. Медициналық қызметкерлердің құқықтары, міндеттері және әлеуметтік кепілдіктері Халық денсаулығы Кодексі ережелерін оқып, кестені толтырыныздар.
2 Кесте
2. «Қазақстан Республикасында халықтың мемлекетпен кепілденген ақысыз медициналық көмек алу құқықтарын жүзеге асыру механизмдері» тақырыбына презентация дайындаңыз.
3. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шартты жасаныздар. Бастапқы деректерді білім алушылар дербес таңдайды (1-қосымша).
4. Ұсынылған кейстерді шешіңіздер.
Кейс 1.
2019 жылы дәрігерлердің немқұрайлылығы Өскеменде адам өліміне себеп болды. Азамат В. ауруханада маскүнем деп қателескен болжау себебінен өкпе-жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды. 46 жастағы ер адам ауруханаға созылмалы алкоголизм диагнозымен жеткізілген болатын. Дәрігерлер оған медициналық қызмет көрсетуден және ауруханаға жатқызудан бас тартты. Осыдан кейін науқас ауруханадан шығып, медициналық мекемеден бірнеше метр қашықтықта қайтыс болды. Медициналық сараптама нәтижелері бойынша қайтыс болған ер адамның қанында алкоголь болған жоқ. Азамат В. Қатыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Достарыңызбен бөлісу: |