10
2
ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» заңы 5.12.1995 жылы.
3
Қазақстан Республикасының Президентінің 1994 жылғы12 ақпандағы
"Қазақстан
Республикасындағы
құқықтық
реформаның
мемлекеттік
бағдарламасы туралы" қаулысы
4
Қазақстан
Республикасының
Президентінің
"Қазақстан
Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы" 2004 жыл қаңтар.
5
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық Iс Жүргізу Кодексі 1999 жылы
13 шiлде..
6
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Iс Жүргізу Кодексі 13.12.1997ж.
7
Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 30
қаңтар 2001 жыл.
8
Общий кодекс правил для адвокатов. Европейского сообщество.
«Адвокат» 1995. №10.
9
ҚР Президентiнiң лицензиялау туралы заң күшi бар Жарлығы. 17 сәуiр
1995 жыл.
10
«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия
беру тәртiбi туралы
Ереже»ҚР Әдiлет Министрiнiң 1998 жыл 21 қаңтар № 19 бұйрығымен
бекiтiлген.
Адвокаттық қызметтің кәсіби стандарты – бұл қолданыстағы заңдар мен
халықаралық актілерде көрсетілген, адвокаттардың тиімді негіздерде жалпы
және нақты бір істер бойынша адвокаттар қызметінің ұйымдастыру құралдары
мен адвокаттық практикамен пісіп-жетілген тәсілдерді адвокаттардың іс
жүргізуде қолданудағы сапасына қойылатын талаптарды айтамыз.
Адвокаттар қызметінің кәсіби сапасына
қойылатын ең маңызды және
жалпы талаптар Нью-Иоркте 1990 жылы тамыз айында өткен қылмыстарға
ескертпелер негізінде БҰҰ-ның сегізінші конгресінде қабылданған Адвокаттар
ролінің Негізгі Ережелерінде бекітілген.
Бірақ бұл Ережелер адвокаттардвң қылмыстық және әкімшілік істерге
қатысуы бойынша қарастырылса да ол адвокаттардың азаматтық және басқа да
істерге қатысуына қолданылады.
Халықаралық Пакте азаматтардың азаматтық саяси құқықтарымен бірге
экономикалық,әлеуметтік және мәдени құқықтарында БҰҰ Жарғысына сай
адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және құрметпен қарау
мемлекеттің міндеті екені баса айтылған.
Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы –
адам және адамның өмiрi,
құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi.
Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң
жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен азамат
құқығы – Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы, ол
адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.
Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы
келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес,
сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар,
сондай-ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдік азаматтар Қазақстан аумағында
11
құқықтары мен бостандықтарына
қысым жасалған болса, олар өз құқықтары
мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.
Адвокаттық қызметті реттейтін нормативтік актілердің қайнар көзіне
жатпаса да адвокатураны ұйымдастыру мен қызметін реттеуде тиісті заңдар
негізінде жасалған адвокаттар алқасының Жарғысы мен оның Жалпы
Жиналысының шешімдері үлкен маңызға ие болады.
Адвокаттардың барлығы осы заң талаптарымен басқа да құқықтық
нормативтер, заң актілеріне сүйенеді.
Жақсы адвокат болу оңай емес. Ол үшін білімді, білікті,
жоғары
мәдениетті болумен бірге ҚР заңдарын терең білу қажет. Сонда ғана оның
беделі өсіп, мәртебесі биіктей түседі, азаматтар құқығының нағыз қорғаушысы,
тағдырымыздың арашашысы бола алады. Сонда ғана адвокатқа деген
адамдардың сенімі артады
Достарыңызбен бөлісу: