ӘБ атауы
|
ӘБ жетекшілері
|
Пәні
|
1
|
Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі
|
Жумабаева Ж.Е.
|
Бастауыш сынып мұғалімі
|
2
|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі
|
Ожибаева Г.К.
|
Қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі
|
3
|
Орыс тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі
|
Аскарова Г.Ж.
|
Орыс тілі, әдебиеті пәні мұғалімі
|
4
|
Ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігі
|
Даукенова А.К.
|
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
|
5
|
Математика пәні әдістемелік бірлестігі
|
Кушекова Ж.С.
|
Математика пәні мұғалімі
|
6
|
Физика және информатика пәндері әдістемелік бірлестігі
|
Тулегенова Г.К.
|
Физика пәні мұғалімі
|
7
|
Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі
|
Альбекова Е.М.
|
Химия пәні мұғалімі
|
8
|
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі
|
Шалгинбаева Р.К.
|
Тарих пәні мұғалімі
|
9
|
Сызу, көркем еңбек, музыка, технология пәндері әдістемелік бірлестігі
|
Садыкова Г.Е.
|
Музыка пәні мұғалімі
|
10
|
Дене шынықтыру және АӘД пәндерінің әдістемелік бірлестігі
|
Джолдасов Б.К.
|
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
|
11
|
Өзін-өзі тану пәні әдістемелік бірлестігі
|
Туйгунбекова М.К.
|
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
|
12
|
Сынып жетекшілер бірлестігі
|
Саденова А.С.
|
Бастауыш сынып мұғалімі
|
Мұғалімдердің сапалық құрамы оқу жылы соңында 73 мұғалім қызмет етті. Педагогтардың 57-і жоғары білімді (78, 1%), ал 16-і арнаулы орта (21,9%).
Оқу жылы
|
Мұғалім саны %
|
Білімі
жоғары
саны (%)
|
Білімі арнаулы орта
саны(%)
|
Аяқталмаған жоғары
саны(%)
|
2016-2017
оқу жылы
|
65
|
60
(95,3 %)
|
5
(4,6%)
|
0
|
2017-2018
оқу жылы
|
73
|
67
(91,7%)
|
6
(8,3%)
|
0
|
2018-2019
оқу жылы
|
73
|
57 (78,1)
|
16(21,9)
|
0
|
Біліктілік санаттары бойынша:
Біліктілік санаты
|
2016-2017
оқу жылы
|
2017-2018
оқу жылы
|
2018-2019
оқу жылы
|
Жоғары санатты / педагог-зерттеуші
|
10
|
13
|
10/11
|
Бірінші санатты / педагог-сарапшы
|
19
|
23
|
12/4
|
Екінші санатты / педагог - модератор
|
19
|
19
|
17/2
|
Санаты жоқ
|
17
|
18
|
17
|
Барлық педагогтар
|
65
|
73
|
73
|
Заман талабына сай ұстаздарымыз ұлттық квалификациялық тест тапсырып кәсіби біліктіліктерін арттырып, «педагог-зерттеуші», «педагог - сарапшы», «педагог-модератор» біліктіліктерін алды.
Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес жыл бойы мұғалімдеріміз білім жетілдіру курстарынан өтіп, біліктіліктерін арттырды, оқу жылының соңында жаңартылған білім мазмұны бойынша 12 мұғалімге курс қажеттілігі бар, жазғы демалыс кезінде осы мұғалімдер білім жетілдіру курстарынан өтеді.
Мектеп-гимназиядағы жас мамандар үлесі
№
|
Оқу жылдары
|
2016-2017 оқу жылы
|
2017-2018 оқу жылы
|
2018-2019 оқу жылы
|
1
|
Жас мамандар
|
6
|
13
|
14
|
Жыл соңында 14 жас маман жұмыс жасады. «Жас жалын» жас мамандар мектебінің жетекшісі тәжірибелі ұстаз О.Б.Абишева өте жақсы жұмыстар жүргізді, жас мамандарға нормативтік құжаттар толтыру, электронды журнал толтыру бойынша әдістемелік көмек берілді, деңгейлік курс оқыған мұғалімдер жас мамандарға коучинг, шеберлік сыныптар өткізсе, мектеп тренерлері ҚМЖ құру, критериалды бағалау, сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша іс-тәжірибелерімен алмасып, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетті, мектеп – гимназия психологтары түрлі тренинг, семинарлар өткізіп қолдау көрсетті, тәлімгерлері өзара сабақтарға қатысып, тәлімгерлік көмектер көрсетті. Жас мамандар апталығы өткізілді, «Үздік жас маман-2019» сайысы өтіп, Бас жүлдені қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Е.Дыбыс, I орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Б.Алпысбаева, II орынды дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.А.Темірғали, III орынды бастауыш сынып мұғалімі М.Е.Ғазиз жеңіп алды.
Білім беру мазмұнын жаңғырту – болашақты бағдарлайды. Жаңа білім бағдарламаларын, инновациялар және құзыреттілік тәсілдерді тиімді қолдану – табысты мектептің кепілі болып табылады.Мектеп-гимназияда «Тәжірибедегі рефлексия» курсынан өткен С.Б.Шаймерденова, Л.У.Шарипова, Н.Е.Бркенова, Р.К.Шалгинбаева, Т.Д.Кажибаева, Т.Д.Дуйсембаев сияқты тренерлер мұғалімдермен курс өткізіп мұғалімдерді сертификаттап, курс соңында сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек көрсетті. «Тәжірибедегі рефлексия» апталығы өтті, мектеп тренерлері іс-тәжірибе таратып, мұғалімдерге жаңаша оқыту жолдарын үйрету мақсатында жұмыстар атқарылды, жаңа оқу жылында да жалғасын табады.
Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілік арттыру курсынан 2 педагог өткен. Мектеп-гимназия мұғалімдеріне критериалды бағалау бойынша семинар, коучингтер өткізілілді, нормативтік құжаттар әр пән бойынша жинақталған. Әдістемелік пән бірлестік отырыстарында критериалды бағалау бойынша іс-тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. БЖБ, ТЖБ кестелері дайындалып, бекітілді, Назарбаев Зияткерлік Мектептері іс-тәжірибесі бойынша сынып паралелльдері бойынша алынады, модерация жасалып,хаттамалары жинақталып отырады.
Мұғалімдер кәсіби сайыстарға қатысып, білім-білік дағдыларын үнемі ұштайды. Математика пәні мұғалімі С.Б.Шаймерденова қалалық «Үздік жаратылыстану - математика пәні мұғалімі» олимпиадасына қатысты, бастауыш сынып мұғалімі Абильмаженова Г.Б. қалалық «Үздік педагог-2019» сайысына қатысып III орын алды. Е.М.Альбекова республикалық «Үздік химия пәні мұғалімі олимпиадасы» сайысына қатысып, II орын иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Е.Харақожа қалалық «Қазақтың Сәкен серісі» атты отбасылық сайысқа қатысып I орын жеңіп алса, бастауыш сынып мұғалімі Н.Ж.Калауова қалалық «Сөз шебері» сайысында сертификат иеленді. Қазақ тілі мұғалімі Н.Е.Дыбыс қалалық «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» сайысына қатысып III орын алды. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.А.Темірғали қалалық «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі-2019» сайысына қатысып III орын алды. Ағылшын тілі мұғалімі А.Б.Алпысбаева қалалық «Ағылшын тілі мұғалімінің үздік бейнесабағы» сайысына қатысып III орын иеленді. Қалалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына былтырғы оқу жылында 5 жұмыс ұсынылып, математика пәні мұғалімі С.Б.Шаймерденова III орын алса, биылғы оқу жылында 8 жұмыс ұсынылып, бастауыш сынып мұғалімі Г.Б.Абильмаженова II орын алды. Республикалық, облыстық ғылыми-әдістемелік журналдарға 50-ге тарта ұстаздардың мақаласы жарияланды. Жаратылыстану – математикалық пәндерді ағылшын тілінде жүргізу бойынша білім жетілдірген физика пәні мұғалімі Г.К.Тулегенова, химия пәні мұғалімі Е.М.Альбекова, биология пәні мұғалімі Б.Е.Кулыбекова, ағылшын тілі мұғалімі М.С.Даулетбаевалар Ж.Б Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжі ұйымдастырған «How to design modern English classes in terms of integrated conditions using CLIL» семинар-практикумға қатысып, баяндама оқып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Деңгейлік курс оқыған мұғалімдер» апталығы өтті, тәжірибелі ұстаздар ашық сабақтар, коучингтер, тренингтер өткізіп, іс-тәжірибелерін таратты. «Ағылшынша сөйлейміз!» атты онкүндік жүргізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті, мектеп сайтына, инстаграмм желісіне жарияланды. Озат тәжірибе тарату мақсатында мұғалімдердің ғылыми-практикалық конференция, форум, онлайн семинар, баспаға жариялау, іс-тәжірибе тарату жұмыстарына барлық мұғалімдердің қатысуын қамтамасыз етуді, таңдау курстары мен элективті курс бағдарламаларын жазуды жаңа оқу жылында арттыруды мақсат етіп отырмыз.
Латын әліпбиіне көшу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жоспар құрылып, жоба жасалды. Мектеп-гимназия ішін латын әліпбиімен жазылған стендтермен безендіру жұмыстары, жоғары оқу орындары, колледж, Тілдер орталығы мамандарымен кездесу өткізу, оқушылар арасында дебат ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Көкшетау қаласының білім бөлімінің жоспарына сәйкес № 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында «Жаңа әліпбимен – жаңа болашаққа» тақырыбында семинар өтті.
Мектеп-гимназия жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО мамандары, Ақмола облыстық оқу-әдістемелік кабинеті әдіскерлері, Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі оқытушылары, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық Шеберлік орталығы тренерлері қатысуымен «Жаңартылған білім мазмұны: ізденіс пен тәжірибе» тақырыбында I ғылыми - практикалық конференция өтті. Конференцияның мақсаты заман талабына сай жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс жүргізіп жатқан мұғалімдерге қолдау көрсету, әдістемелік көмек ұйымдастырып, жаңаша ойлап, жаңаша тұжырымдап, жаңаша жұмыс жасаулары үшін жағдай жасау, іс-тәжірибе алмаса отырып, мектеп-гимназия мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін тарату. Осы конференцияда бастауыш сынып секциясы бойынша бастауыш сыныптың тәжірибелі мұғалімі Г.Б.Абильмаженова шебер сынып өткізіп, іс-тәжірибесін таратты, БАҚ желісінде жарияланды.
Ата-аналарға арналып «Ашық есіктер» күні ұйымдастырылды, мақсаты мектеп-ата-ана-оқушы үшбірлігі серіктестігі жұмысын жандандыру, қамқоршылық кеңесінің мектеппен жұмысының нәтижелілігін арттыру, ата-аналардың ашық сабақтарға қатысу арқылы мұғалімнің кәсіби деңгейін байқап, өз баласының мүмкіндіктерін бағалауға жол ашу болды.
«Білікті ұстаздан - білімді оқушы» дегендей, пән олимпиадасында оқушылар жыл бойы ұстазының берген білімін нақтылап жүлделі орындар алды. Қалалық пән олимпиадасы қорытындысы
Достарыңызбен бөлісу: |