Оқу жылы
|
Оқушы саны
|
Сапа
%
|
Қызы
|
1-4 сынып-
тар
|
5-9 сынып-
тар
|
10-11 сынып-
тар
|
Сынып-
тар саны
|
2016-2017
|
584
|
61,6
|
306
|
281
|
235
|
68
|
29
|
2017-2018
|
628
|
64,4
|
330
|
313
|
256
|
59
|
31
|
2018-2019
|
663
|
65,0
|
340
|
328
|
287
|
48
|
35
|
2017-2018 оқу жылымен салыстырмалы түрде алғанда сынып саны4-ке; оқушы саны-45-ке артқан.
1-4 сыныптар
|
2018-2019
оқу жылы
|
2017-2018
оқу жылы
|
2016-2017
оқу жылы
|
Оқушы саны
|
328
|
313
|
281
|
Үздіктер саны
|
102
|
100
|
77
|
Екпінділер саны
|
130
|
130
|
130
|
Орташалар
|
96
|
83
|
74
|
Оқу сапасы
|
71%
|
73,5
|
73,7
|
Жалпы бастауыш буында жыл қорытындысы бойынша үздіктер саны 2 оқушыға, екпінділер саны өзгеріссіз, орташалар саны-13 оқушыға, білім сапасы 2,5% төмендегені байқалады.
Себебі: Оқушы санының көбейіп, орташалар санының артуына байланысты білім сапасы төмендеуі, бастауыш сынып мұғалімдерінің құрамы жас мамандармен толықтырылуы.
5-9 сыныптар
|
2018-2019
оқу жылы
|
2017-2018
оқу жылы
|
2016-2017
оқу жылы
|
Оқушы саны
|
287
|
256
|
235
|
Үздіктер саны
|
18
|
17
|
20
|
Екпінділер саны
|
160
|
133
|
101
|
Орташалар
|
109
|
106
|
114
|
Оқу сапасы
|
62,0%
|
58,6
|
51,5
|
Жалпы орта буында жыл қорытындысы бойынша үздіктер саны 1 оқушыға артып, екпінділер саны 27 оқушыға артып, білім сапасы 3,4 % өскендігі байқалады. Себебі: Оқушылар құрамының көбеюі, екпінділердің қатарға қосылуы.
10-11 сыныптар
|
2018-2019
оқу жылы
|
2017-2018
оқу жылында
|
2016-2017
оқу жылында
|
Оқушы саны
|
48
|
59
|
68
|
Үздіктер саны
|
6
|
3
|
7
|
Екпінділер саны
|
15
|
22
|
25
|
Орташалар
|
27
|
34
|
36
|
Оқу сапасы
|
43,7%
|
42,4
|
47,1
|
Жалпы жоғары буында жыл қорытындысы бойынша үздіктер саны 3 оқушыға, екпінділер саны 7 оқушыға кеміп, білім сапасы 1,3 % артқан. Жоғарғы буындағы білім сапасының өсу себебі оқушыларының санының кемуіне байланысты.
Жалпы 1-11 сыныптар аралығында:
|
2018-2019
оқу жылы
|
2017-2018
оқу жылында
|
2016-2017
оқу жылында
|
Үздіктер саны
|
126
|
120
|
104
|
Екпінділер саны
|
305
|
285
|
256
|
Орташалар
|
232
|
223
|
224
|
Оқу сапасы
|
65,0
|
64,5
|
61,6
|
Оқушы саны
|
663
|
628
|
584
|
Жалпы, 1-11 сынып аралығында жыл қорытындысы бойынша үздіктер саны 6 оқушыға, екпінділер саны 20 оқушыға артқан. Білім сапасы 0,5 % өскен. 2017-2018 оқу жылында оқушылар саны-628 болса; 2018-2019 оқу жылында 663 болды. Оқушы құрамы+35 артқан. Білім сапасының көтерілуінің негізгі себебі гимназия сыныптарының жоғары көрсеткішінің әсерінен жалпы мектептің білім сапасының өсуі.
Пәндердің білім сапасын үш жыл деңгейінде салыстырсақ қорытындысы төмендегідей:
Пәндер / жылдар
|
2016-2017
|
2017-2018
|
2018-2019
|
Қазақ тілі
|
73,8
|
73,0
|
73,2
|
Қазақ әдебиеті
|
77,8
|
78,2
|
74,0
|
Орыс тілі
|
77,1
|
69,9
|
79,2
|
Ағылшын тілі
|
72,1
|
69,2
|
71,7
|
Қазақстан тарихы
|
73,6
|
69
|
69,9
|
Математика
|
74,7
|
77,4
|
74,4
|
Алгебра
|
50,0
|
51,0
|
57,4
|
Геометрия
|
52,8
|
53,0
|
58,4
|
Физика
|
62,4
|
59,0
|
61,9
|
Химия
|
65,4
|
63,0
|
64,5
|
Биология
|
76,0
|
72,0
|
73,6
|
География
|
78,0
|
73,4
|
73,1
|
Информатика
|
100,0
|
94,0
|
87,1
|
Үш жыл көлемінде пәндер бойынша білім сапасын салыстыра қарайтын болсақ, алгебра, геометрия пәндерінен өсу динамикасы, ал информатика, география пәндерінен түсу динамикасы байқалады. Ал қалған пәндердің білім сапасы бір өсіп, бір көтерілген. Соңғы екі жылмен салыстырғанда биылғы оқу жылында математика пәні -3,0℅, қазақ әдебиеті -4,2℅ түскен.
Себебі:
-Алгебра, геометрия пәндерінің білім сапасының жоғары болуы, жоғары дәрежелі, тәжірибелі мұғалімдердің қалыпты сақталуы. Білім беру барысында оқушылардың алдына талап қоя білуі.
-информатика, география пәндерінің сапа деңгейінің төмен нәтиже көрсетуі, тәжірибелі мұғалімдердің аздығы. Мұғалімдер құрамының үнемі әр түрлі себептермен өзгеруі. Жас мамандармен толықтырылуы.
Шешу жолдары:
-Төмен нәтиже көрсеткен математика (2ә, 3а,б,в,г, 4в, 6б); қазақ әдебиеті (3в,6б,7ә,10а,б, 11а); география (8в, 10 а); информатика (4а, 6б,в, 9 а,б) пәндерін мектепішілік бақылау мен басқаруға қою.
-Тоқсан барысында оқушылардың білім деңгейін саралап, бақылайтын кесінділер өткізу.
-Жас мамандар мен тәлімгерлердің тәжірибе алмасу жұмысын жандандырып, нәтижесін бақылауды мектеп әдіскерінің бақылауына жүктеу.
-мектеп әкімшілігі тарапынан сабақ барысында оқушылардың белсенділігі мен білім сапасын арттыруда жаңартылған технологиялардың ұтымды қолданылуын бақылауға алу.
-Бастауыш буындағы мұғалімдердің дәрежелік деігейін өсіру.
Мамыр айының 29 бастап қорытынды аттестация жұмыстары кестеге сай жүргізілді. 11-сыныптан 18 оқушы, 9-сыныптар 47 оқушы емтихан тапсырды. Емтихандар белгіленген уақытында нұсқаулыққа сай жүргізілді.Емтихан барысында босатылған оқушылар болған жоқ. 9-сыныптар алгебрадан жазбаша, қазақ тілінен диктант, орыс тілінен ауызша, таңдау пәні бойынша 9 «А» сыныбы география пәнінін, 9 «Б» сыныбы Қазақстан тарихын тапсырды. 11-сыныптарда қазақ тілінен (эссе) жазбаша, орыс тілі мен таңдау пәндерінен тыңдалым және тестілеу; алгебрадан жазбаша, Қазақстан тарихынан ауызша өтті. Емтихан барысында оқушылар толығымен өз білімдерін дәлелдей алды. Емтихан соңында нәтижесі электрондық түрде қалалық білім бөліміне жіберіліп отырды. Қорытынды аттестаттау емтиханының бағасымен келіспей, аппеляцияға берген балалар болған жоқ. Қорытынды аттестаттау емтиханының нәтижесінде 11-сыныптан 1 оқушы (Айтжанов Мирас), 9-сыныптан 4 оқушы (Айтжанова Аружан, Фазылова Мөлдір, Большевикова Нейла, Кушубаева Дильнур «Үздік аттестат» иеленді.
2018-2019 оқу жылында 11-сыныпты бітірген оқушылар саны-18. Барлық оқушылар да ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш білдіріп, толық қатысты.
Соңғы 2 жылдағы ҰБТ-дің көрсеткішін салыстырмалы түрде алатын болсақ:
Мазмұны
|
2017-2018
оқу жылы
|
2018-2019
оқу жылы
|
ҰБТ-ге барлық қатысқан оқушы саны
|
40 оқушы
|
18 оқушы
|
Жинаған жалпы ұпай саны
|
3114
|
1386
|
Орта ұпайы
|
79,8
|
77,0 (-2,8 төмен)
|
Өту деңгейі 50 ұпайға жетпеген оқушы
|
8 оқушы
|
2 оқушы
|
0-49 ұпай
|
8 оқушы
|
2 оқушы
|
50-80 ұпай
|
11 оқушы
|
7 оқушы
|
81-100 ұпай
|
10 оқушы
|
5 оқушы
|
101-жоғары ұпай
|
10 оқушы
|
4 оқушы
|
Өткен оқу жылымен салыстырғанда келесі қадамдарда төмендеу динамикасы байқалады:
Межелі деңгейге жетпеген оқушылар саны – 2 оқушы (Мәмет Айарыс, Сайранова Жанерке);
Орта ұпай саны – 77,0 (өткен оқу жылы 79,8);
«Үздік аттестат» иегері Айтжанов Мирастың бағаға ауыстырғанда балдық деңгейінің жетпей қалуы. (Жинаған ұпай саны-101 ұпай)
Себебі:
Математикалық сауаттылық, оқу сауаттылық тапсырмаларының күрделілігі.
Мәмет Айарыстың ҰБТ-ге барған кезде жыл бойы дайындалған таңдау пәні географияны физикаға ауыстырып жіберуі.
ҰБТ кезіндегі оқушының қобалжуы.
Кемшіліктерді болдырмау мақсатында келесі оқу жылында төмендегі жұмыстар көздетіп отыр:
Жыл басынан бастап педагог-психолог мамандарының түлектермен тығыз жұмыс жүргізуін жоспарлау, психологиялық тұрғыда оқушыларға демеулік көрсету.
Қажетті бейіндік пәндерін дұрыс таңдауға бағдар беру.
Жыл басынан бастап ҰБТ-ге дайындықты қорытынды аттестаттау дайындығымен қатар жүргізу.
«Юстади», «Достық» орталықтарына жоспарлы түрде апарып, сынақ тестілеулерінен өткізу.
Бейіндік оқытуды іске асырудың негізі - білім алушылардың саналы түрде өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық қажеттіліктерін қанағаттандыру. Гимназия сыныптарында жоспарға сәйкес «Бейіндік оқыту - оқушы қызығушылығына сай саралай оқыту» тақырыбында факультатив апталығы өтіп, гимназия сыныптарына сабақ беретін мұғалімдер іс-тәжірибе таратты, оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау мақсатында түрлі сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды. Кәсіби бағдар беру, әлеуметтік серіктестік орнату мақсатымен Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университетімен, «Көкшетау дарыны» орталығымен, М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханамен серіктестік орнатылып, оқушылар топ серуендер ұйымдастырды. Оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру мақсатымен А.Мырзахметов атындағы университетінің ағылшын тілі кафедрасының мұғалімі мистер Людвигпен кездесу болды. №17 орта мектеп-гимназиясының жылыжайына топсеруен ұйымдастырылды. «Бэйби Бум» ЖШС «Мансур» балабақшасымен қарым-қатынас меморандумы жасалды. Мақсаты:екі жақты іс-шаралар, конференция, семинарлар өткізіп іс-тәжірибе алмасу. «Мансур», «Амина» балабақшасының тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері мектебімізге саяхат жасады, ересек топтарымен бірлесе отырып ертеңгіліктер, іс-шаралар өткізіліп, тәрбиешілермен дайындық сынып мұғалімдері өз ара тәжірибе алмасты. Алдағы уақытта жұмыс жоспарлы түрде жалғастырылады.
4 гимназия алды сыныптардың оқушыларының зейіні мен қабілетін зерттеу мақсатында психологтар сабақтарына қатысып, диагностика өткізді. Сенбі күндері, тоқсандық демалыс кездерінде арнайы кестеге сай оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Жыл барысында 4-сыныптарының білім, білік, дағдыларын бақылау мақсатында арнайы құрылған комиссия мүшелерінің ұйымдастыруымен сынақ алынды. Гимназияалды сыныптары оқушыларының іріктеу емтиханына дайындықтарының аздығы байқалды. Болашақта ол кедергілердің алдын-алу үшін келесі оқу жылында гимназия сыныптарына өтініш білдіретін оқушылармен жыл басынан бастап жұмысты қолға алып, ата-анамен тығыз жұмыс жасау көзделіп отыр. 2019 жылғы 21 мамыр күні комиссия мүшелері отырысының қорытындысы негізінде 5-сыныпқа қоғамдық-гуманитарлық бағытына жалпы құрамы 29 оқушы қабылданды. 6 «А» жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныпқа 3оқушы, 6 «Ә» қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныпқа 3оқушы, 7 «Б» қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы сыныапқа 1 оқушы, 7 «А» гимназия сыныбына 1 оқушы, 8 «А» жаратылыстану-математика бағытына 1 оқушы қабылданды.
Оқушылармен бейіндік жұмыс жүргізу бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 арнайы жобасының бірі «Сәтті қадам» және «Нұр Отан» партиясының 20 игі ісі» атты республикалық акция бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспар бойынша жүргізілді. 9-сынып оқушылары Красный Яр селосындағы «Ақсай нан» ЖШС мен «Ақ биік» ЖШС барып осы мамандық қыр-сырымен танысып, мамандардың кеңесін тыңдап қайтты. Көкшетау қаласындағы Медициналық колледж және Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы колледжі, Құрылыс-техникалық колледжі, Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі, «Бурабай»колледжінен әдіскерлері мектепке келіп, кәсіптік мамандық бойынша, оқу орындары туралы мәліметтер беріп, кітапшалар таратылды. «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледж» қызметкерлерімен кездесті. «Ақсай» тігін ательесіне кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша саяхатқа апарылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде мектеп-гимназия оқушылары С.Қаратай, А.Бермаганбетов «Ақан сері» колледжіне, А.Мейрамбек, Т.Ермек, А.Есхан, Ж.Құрманбай педагогикалық колледжге, Н.Өмірзақ, Д.Женисов, Р.Ермеков, А.Ермеков құрылыс техникалық колледжіне, Ә.Сайлаубеков Біржан сал колледжіне, М.Қажымұрат Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы колледжіне, А.Алданыш «Медициналық колледжіне», Э.Жанболат, Р.Жұмабек, Н.Нұрбай «Бурабай колледжіне» оқуға түсуді жоспарлап отыр.
Гимназия сыныптарының жылдық оқу сапасы 100 болғанмен, оқу озаттарының саны аз, сондықтан келесі оқу жылында пән мұғалімдері жеке жоспар құрып, әр оқушымен жеке жұмыс жасау арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, үздіктер санын көбейту жоспарланып отыр.
Қоғамдық-гуманитар бағытындағы гимназия сыныбында оқитын 6 «Б» сынып оқушысы Қ.Әділбекова жылдық қорытынды бойынша барлық пәннен «3»-ке қорытылғандықтан, 2016 жылы 7 сәуірде бекітілген гимназия сыныптарының ережесіне сәйкес және 2019 жылғы 23 мамырдағы №5 педагогикалық кеңес шешімімен ата-анасына түсіндіріле отырып, өтініші негізінде жалпы білім алатын 6 «Ә» сыныбына ауыстырылды.
Алдағы уақытта гимназияалды сыныптарын іріктеу емтихандарына жоғары деңгейде дайындық жұмыстарын жүргізу. Әр оқушының дарын қабілетін арттыру мақсатында жекелей жұмыс жүргізе отырып, оқу озаттарының санын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізу. Оқу үздіктерінің үлесін 70%-ға жеткізу, үздік аттестат үміткерлерімен жұмыс жүргізу. Гимназия сыныптары оқушылары арасында пәндік олимпиадалар, зерттеу жұмыстары байқауларының жеңімпаздар үлесін -70%-ға жеткізу.
Тәрбие жұмысы бойынша жұмыс мектеп-гимназияның «Қоғамда табысты әлеуметтену үшін гимназия сыныптарын енгізу арқылы білім беру процесіне қатысушылардың тұлғалық дамуына және серіктестік қарым – қатынас орнататын шығармашылық орта құру» тақырыбы негізінде атқарылды. Әр баланың тұлғалық жан –жақты дамуы үшін тәрбиенің 8 бағыты негізінде жүргізген жұмыстар өзінің оң нәтижесін берді. Бала рухани адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру үшін және бойында азаматтық құндылықтарды дамыту мақсатында жүргізілген ең ауқымды жұмыстың бірі ол -«Мектепке жол» акциясы болып табылады. Осы акция барысында 51 баланы демеушілер тарапынан қамқорлықта жүрген, отбасы төмен, көпбалалы отбасының балаларын киіндіріп, канцелярлық тауарлармен қамтамасыз етті.
Мектеп-гимназия мен Красный Яр селосында орналасқан жеке өндіріс орындарымен серіктестік қарым – қатынас орнату мақсатында «Ақ Биік» ағаш өңдеу жеке серіктестігімен меморандумға қол қойылып, осы серіктестіктің директоры Қ.А.Курсарин мектептің шағын би залының ішіне айна іліп, биге дайындық барысында қолданатын ағаш құрылғыларды орнатуға демеушілік жасады, «Мектепке жол» акциясы барысында екі оқушыны мектепке дайындауға демеушілік жасады, «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған 14 балаға өз тарапынан сыйлықтар табыс етті. Жазғы сауықтыру алаңына бала алаңын сыйға тартты.
Бала бойына тағы бір ерекше қасиет ол – Қазақстандық патриотизм сезімін ұялату, Отанға, жерге деген сүйіспеншілігін, ел арасынан шыққан батыр ағалардың ерліктерін мақтан тұтып, айтып жүру қасиеттерін мектеп ішінде ашылған «Балуан Шолақ» клубының берері мол болды. Ұлы палуан жайлы ақпарат жинаған оқушылар, қазақ даласындағы алыптар, ел даңқын шығарған жандар жайлы мақтанышпен айта алды.
Әр сыныптарда өткен тақырыптық тәрбие сағаттары, атаулы даталар Желтоқсан оқиғасы, Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу кеші, Қөкшетау қаласындағы М. Ғабдуллин мұражайымен бірлесе өткізген іс –шаралар, қала деңгейінде өткен Әскери саптүзеу сайысы, Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына байланысты өткен кештер әр баланың тағы бір мәрте тұлғалық жағынан дамуына ықпалын тигізді. Өткен жылмен салыстырсақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жоспары негізінде жақсы іс – шаралар өткізілді. Ең ұтымдысы «Жас Ұлан» жасөспірімдер мен балалар ұйымының қала мектептерінде осы бағдарлама бойынша жүргізілген жұмыстары туралы іс-тәжірибе бөлісіп, сабақтаса жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған конференцияға «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Ж.Ерғалиев қатысып, оқушылардың «Рухани жаңғыру» бойынша атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдірді, мақала жариялауы - біздің оқушыларымыздың тұлғалық дамуын көрсетті.
Бала жан – жақты дамудың бір жолы ол – Ұлттық тәрбие беру. Заман ағымымен өсіп келе жатқан ұрпақ өзінің салты мен дәстүрін, әдет – ғұрпын ұмытпай сақтай білуге тәрбиелеу үшін «Балқадиша» әжелер мектебі ашылды. Мектептің іс – шараларына ел әжелері қатысып, қыздарымызға ақыл-кеңес беріп, қазақ елінің байлығы, ескінің көзі, әжелер қолынан шыққан бұйымдармен бірнеше мәрте таныстырып, балаларды ойландыратын жайттармен таныстырып, үлкен кеңестер берді. Ол әр қыз баланың бойында бар қасиеттерін дұрыс сақтап, қазақ қыздарына сай инабатылық, ибалылық қасиеттер жайлы үлкен ақпарат қана алып қоймай, сонымен қатар әжелер өмірімен танысты. «Қазақ елінің жеті қыры» бағдарламасы аясында оқушыларды саятшылық, құсбегілік мамандығы туралы терең мағлұматтар берілді. Монғолия жерінде қазақтың саятшылық өнерін дәріптеп, ұстанып жүрген бүркітші Мұқай Тұмархан ағамызбен кездесу ұйымдастырып, құсбегінің айтқан әңгімесі мен көрсеткен бұйымдарымен танысқан оқушылар қазақтың өнерін насихаттауға тартты. Осы бағыт бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы бойынша киіз үй құрылып, қазақи нақышта безендіріліп, жоғарғы сынып оқушыларытарихқа сүйене отырып қойылым негізінде көрсетіп, есеп беріп марапаттау қағазын алдық. Ол баланың рухани жағынан есеюінің дәлелі болса, екінші жағынан ел тарихын дұрыс түсініп, дұрыс жеткізе алуы жан жақтылығын көрсете білуі болды. Басқа ұлт өкілдерінің салты мен дәстүрін біліп қана қоймай, оны насихаттаудың жолын Тілдер фестивалі барысында ұйғыр халқын насихаттап, сол тілде сөйлеп, ән айтып, тағамдарымен таныстырды.
Тәрбие жұмысының Зияткерлік бағыты бойынша «Жас Ұлан» біріңғай жасөспірім балалар ұйымымен мектеп ішінде баланың жекелей қасиеттерін, дарындылығын анықтау мақсатында әдістемелік-тақырыптық іс шараларға қатысып, өздерінің сыныптарымен бірлесе отырып, басқа сыныптармен сайыс барысында өздерінің білімдерін ғана емес, сонымен қатар тәрбиелілігін де көрсете білді. Оқушылар жыл бойына Көкшетау қаласындағы мұрағатқа бірнеше мәрте саяхатқа барып, ондағы құжаттармен танысып, соған байланысты ойларын эссе бетіне түсіріп, жазып берді.
Бала отбасында қандай тәрбие алады, сол тәрбие оны өмір бойына азық ретінде ұстанатындығын білеміз. Отбасылық тәрбие бағыты бойынша әр сынып жетекші өздері жоспарлаған сынып сағаттары, тәрбие сағаттары, мектепте өткен іс – шараларға ата –аналарды қатыстырып, жыл бойына үздіксіз жұмыстар атқарды. Баланың уақытылы сабаққа келіп кетуі, денсаулығының дұрыс болуы, өзі отырған сыныптағы сыныптастарының арасындағы қарым – қатынастың дұрыстығын, бала өмірінің қауіпсіздігін жыл барысында тексеріп, арайы түсіндіру жұмыстарын өткізіп, рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд жұмыстары барысында отбасыларда кездескен келеңсіздіктер ата – анамен уақытында шешіліп отырылды. Жыл бойына мектепішілік және сыныпішілік ата – аналар жиналыстары жүргізілді, балалардың оқуы мен тәртібі мәселесі үнемі талқыға салынып, әр сыныптың ата – аналар комитетінің төрайымдарымен оң жолға қойылып отырылды. Ата – аналар жиналыстары әр тақырып аясында жүргізілді. Атап айтсақ, «Бала тәрбиесі мен білімі біздің болашағымыздың кепілі», «Баланың бос уақытын тиімді пайдалану жолдары», «Бала бойына ұлттық құндылықтарды дұрыс дарыту», «Бала құқығы және біз» тақырыбы аясында жүргізіліп, ата – аналарға дәрістер берілді. Ата анамен қауымдастық құра отырып, сынып жетекшілер жыл бойына жақсы жұмыс атқарды. Жыл басынан бастап сынып жетекшілер бірлетігі отырысы өткізілді. Әр отырыс тәрбиенің түрлі формаларын қолдана отырып жүргізілді. Өткен оқу жылымен салыстырсақ, осы оқу жылында бұзықтық жасап немесе сабақты көп босатып, тізімге тұрған, Тәуекел топқа кірген оқушылар саны 1. Оның өзі тест орындау барысында кей сұрақтарды дұрыс түсінбегендіктен болып шықты.
Сынып жетекшілер отырысы әр сыныпта жұмыс жасайтын сынып жетекшілердің жұмыстарынан бағыт – бағдар беріп, қорыту үшін өткізіледі. Сынып жетекшілердің бір жылғы жұмыстарын қорыта отырып олардың жұмыстары мектепішілік іс – шараларды сапалы өткізуге, әлеуметтік жағдайларды дұрыс шешуге бағытталғандығы анықталып, жаңадан ортамызға қосылып отырған, жас мамандар өздерінің ата – анамен және балалармен жұмыс істей алатындықтарын көрсете алды, әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сыныптың сынып жетекшілерін айтсақ, С.Б.Кадиржанова, С.Т.Оспанова, Н.Е.Бркенова, Г.Б.Абильмаженова, А.А.Абилова ата – аналары белсенділік танытып, балалармен бірлесе жұмыс атқарды.
Орындалған жұмыстардың ішінде сынып жетекшілерде мынандай кемшіліктер анықталды: мектепте салауатты өмір салтының алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді және жүзеге асырылды. Жыл басынан бастап құрылған жоспар негізінде мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері күз айында дала ойындарын, қыс ішінде шаңғы, хоккей сайыстарын, көктем кезінде футболдан сайыстар мен мектеп ішінде орналасқан теннис ойындарын өткізіп, оқушылардың денсаулығын нығайту жұмыстарымен айналысты. Мектепте жыл бойына волейбол, баскетбол, теннис, футбол ойындары сапалы жүргізілді. Жыл ішінде мектепте екі спартакиада өтті, бірі тоғызқұмалақтан облыстық сайыс, екіншісі облыстық қазақша күрестен сайысы өткізілді. Сайыстарға қатысқан оқушыларымыз Ә.Сайлаубек тоғызқұмалақтан 1 орын, Э.Жасболат 2 орынды иеленсе, қазақша күрестен А.Сағынай 1 орынды және Е.Құдайберген 1 орынды иеленді. Мектеп-гимназия ішінде қазақша ойындарды жаңғырту мақсатында А.Шайхан «Бес асық», «Асық ату» ойындарына оқушыларды баулыды. Қосымша білім беру жүйесінде 3 үйірме мен 6 секция жұмыс істеді. Бұл әрбір оқушының өзін-өзі дамыту және өз білімін жетілдіру үшін жағдай жасады. 2018-2019 оқу жылында жалпы үйірме жұмысына 333 оқушы қатыстырылды.
Мектептегі әр бала тегін оқуға, денсаулығын нығайтуға, достарымен жақсы қарым – қатынаста болуға құқылы. Бала құқығы мен ата – ана құқығы бойынша мектеп ішінде жыл басынан бастап сынып жетекшілер отырысында да, ата-аналар жиналысында да, сынып ішінде өтетін сынып сағаттарында да, ОДН инспекторы Айжан Батырбекқызының қатысумен өткен лекциялар мен дөңгелек столдар барысында да біраз жұмыстар жүргізілді. Мектеп ішінде жыл бойына сабақты босататын оқушылар, мектеп формасын сақтамаған оқушылар, дене шынықтыру формасын үйде тастап кетіп сабаққа келген оқушылар болды. Әр оқушымен және ата – анамен жекелей жұмыстар жүргізіліп, түсіндірілді. Әр жұма сайын өтілетін лездеме барысында да айтылып, ескертіліп отырылды. Жалғыз ұлдар ғана емес қыздар арасында 9 «б» сынып қыздарының «Ақсай нан» ЖСС барғанда өздерін дұрыс ұстмағандығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бірақ жыл басынан бастап оқу жылы аяқталғанға дейін өрескел қылық көрсеткен оқушылар анықталған жоқ. Қандай жағдай болса да ата – анамен бірлесе отырып, шешіліп отырылды.
Осы жылдың сәуір айында мектеп жанындағы учаскеде біз гүлзарлар жасалды, көпжылдық және бір жылдық гүлдердің бірнеше түрлерін отырғыздық. Жыл сайын орта және жоғары мектеп оқушылары үшін жазғы еңбек тәжірибесі өткізіледі. Биылғы жылы да сол жоспарға еніп, 10 «А», «Б» сыныптары жұмыстарын бастады. Мектеп оқушылары шілде-тамыз айларында мектеп аумағында жұмыс істейді. Мектеп жанынан жылда ашылатын «Болашақ» сауықтыру алаңы жұмысын бастады. Алаңға әр аусымға 75 баладан жоспарланған. Алаңда баланың дамуына, жазғы уақытын тиімді өткізу үшін үйірмелер және Тілдік алаңдар жұмыс жасайды. Басқа сыныптар жоспарланған кесте бойынша көгалдандыру жұмыстарына келіп, баланы еңбекке тарту жұмыстарын жүргізеді.
Мөлтек аудандар бойынша оқушылар толығымен оқумен қамтылды, оқумен қамтылмаған балалар саны анықталған жоқ;
«Мектепке жол» , «Қамқорлық» қайырымдылық акциялары өткізілді.
Жанұя жағдай төмен оқушыларға қажетінше көмек көрсетілді;
Әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға кезекшілік рейді өткізілді;
Жетім және қамқорлықтағы оқушыларға киім-кешек беріліп, көмектер жасалынды;
Жаңадан келген оқушылардың үйлеріне рейд жүргізіп , жанұя жағдайымен танысып, актілері жасалынды;
Жанұя жағдайы төмен, көпбалалы оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етілді;
Оқушылардың мектепке келуін анықтау жайлы уақытылы мәлімет беріліп отырды;
Достарыңызбен бөлісу: |