Мектепке дейінгі мекемелерде білім салалары бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемелік құрал



бет12/79
Дата03.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#180086
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79
Байланысты:
Балабақша тәрбиешілеріне әдістемедлік нұсқаулық

«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: дене бітімі жақсы қалыптасқан, денсаулығын сақтауға және шынықтыруға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
- дене шынықтыру;
- валеология.
Дене шынықтыру
Мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын арттыру, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
1. Жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу, еңбектеу және өрмелеу жаттығулары арқылы қозғалыстың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.
2. Сапқа тұру мен қайта тұрғызудың қарапайым дағдыларын дамыту.
3. Дене күшінің қасиетін дамытуға, ептілікке, шыдамдылыққа, тепе-теңдікті сақтауға дағдыландыру.
4. Қол мен аяқ қимылдарын үйлестіріп, басын тік ұстап, аяғын сүйретпей нық басып жүруге үйрету.
5. Балалардың барлығы бірге, бір қарқында қозғалуына үйрету.
6. Жеке гигиеналық дағдылар мен денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыру.
7. Дербестікке, қимылдарының мәнерлілігі мен икемділігіне, табиғи және еркін жүру мен жүгіру ептілігіне, кеудесін түзу ұстауға, тепе-теңдігін сақтауға, топтағы қатарда өз орнын таба білуге, қозғалыс пен ептілігін дамытуға дағдыландыру.
8. Балаларды спорттық ойындармен және жаттығулармен таныстыру.
Мазмұны:
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар
Жалпы дамыту жаттығулары
Спорттық жаттығулар
Дене тәрбиесінен айына 1 рет ұзақтығы 15-20 минут болатын ойын-сауық шараларын ұйымдастыру.
Валеология
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың алғашқы валеологиялық түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Өзінің денесі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, өз ағзасы мен денсаулығына ұқыптылықпен қарауға дағдыландыру.
2. Мәдени-гигиеналық әдеттері мен дағдыларын кеңейтіп, жетілдіру.
3. Қоршаған ортада өзін-өзі ұстаудың қарапайым қауіпсіздік дағдыларымен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет