Мектепке дейінгі мекемелерде білім салалары бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемелік құрал


ҚОСЫМШАЛАР І кіші тобына арналған ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің



бет32/79
Дата03.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#180086
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79
Байланысты:
Балабақша тәрбиешілеріне әдістемедлік нұсқаулық

ҚОСЫМШАЛАР


І кіші тобына арналған ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің
технологиялық карталары

Қ ұрастырушылар:



Тазабекова Ш.Н.


Қызметі: тәрбиеші
Білімі: жоғары
Санаты:екінші
Еңбек өтілі: 8 жыл

Сулейменова А.С.


Қызметі: тәрбиеші
Білімі: жоғары



Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі:«Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Балабақша бөлмелеріне саяхат»
Мақсаты:Бақшадағыбөлме атауларымен таныстыру;
білімділік: Балаларға балабақша бөлмелері жайында білім беру;
дамытушылық:Тіл мәдениетін жетілдіру;
тәрбиелік:Балабақшаға сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу;
Сөздік жұмыс: асхана,кір жуатын бөлме,ән-күй залы(дұрыс айту)
Билингвальды компонент:балабақша бөлмелері-кабинеты детского сада,асхана-кухня.
Көрнекіліктер:балабақша бөлмелерінің көрнекті суреттері
Әдіс-тәсілі:шаттық шеңбер,ғажайып сәт,саяхат ұйымдастыру,сұрақ-жауап



Әрекет
кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялы
қозғаушы

Шаттық шеңбері «Қайырлы таң»
Қайырлы таң,Алтын күн!
Қайырлы таң,Көк Аспан!
Қайырлы таң,Жер ана!
Қайырлы таң,достарым!
Топқа орманнан қонжық келді.Қонжықты балабақша бөлмелерімен таныстырайық.

Балалар шаттық шеңбер бойында бір-бірімен
амандасады.
Балалар қонжықпен амандасады.
Балабақша бөлмелерімен таныстырғылары келетінін
айтады.

Ұйымдастыру кезеңдері

-Бірінші қабатта асхана бар,асханада тамақ пісіріледі,мейірбике бөлмесі бар,онда мейір бике жұмыс атқарады,мейірбике балалар денсаулығын тексереді,кір жуатын бөлме бар,
онда сендердің төсек-орындарың,орамалдарың
жуылады.
Екінші қабатта ән-күй залы бар, ән-күй залында
балалар өлең айтып би билейді.
Билингвальды компонент:балабақша
бөлмелері-кабинеты детского сада, асхана-кухня,ән-күй бөлмесі-музыкальный зал.
Сергіту сәті: «Ағаштар»
Жел соғады бетіме,
Ағаштарды желпуде.
Жел тына қалған кезде,
Ағаштар биік-биік болып
көрінеді.
Сөздік жұмыс:асхана,
кір жуатын бөлме,ән-күй бөлмесі

Балалар қонжықпен бірге
жүріп балабақша бөлмелерін
аралайды,әр бөлменің не үшін қажет екендігін қонжыққа түсіндіреді.

Қос тілде қайталайды,жаттайды.


Балалар сергіту сәтін орындайды.


Жаңа сөздермен танысады,


сөздерді дұрыс,анық айтып
жаттығады.

Рефлексивті-қорытындылау

Балалар қонжық бізбен бірге қайда саяхат жасады?

Балабақшада қандай бөлмелермен таныстық?


Балаларды мақтау



Балабақша бөлмелеріне саяхат
жасады.

Ән күй залы бар,


кір жуатын бөлме бар,асхана бар

Күтілетін нәтиже:
Білу немесе хабардар болу: Балабақша бөлмелерін атайды;
Қалыптасқан әдет: Балабақша бөлмелерінің маңызы жайында түсініктері бар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет