2 санымен таныстыру. Неге ұқсайды? «Кім табады?»
Дид.ойын: «Екеу және көп» Мақсаты: сан жайлы түсініктерін қалыптастыру,санауға үйрету.
Сөздік жұмыс: екі саны, екеу , екінші .Билингвальді компонент: екі-два,сан-цифр, екінші-второй.
Суреттермен жұмыс:
2саны-2алма ,2 шар,2 қарындаш, 2 доп.
Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Алақанды ашамын Беске-бесті қосамын.
Апта күндері:
Бірінші күн-дүйсенбі Екінші күн-сейсенбі Үшінші күн-сәрсенбі Төртінші күн-бейсенбі Бесінші күн-жұма Алтыншы күн-сенбі Жетінші күн- жексенбі.
Дид. ойын: «Сонша көрсет»
Мақсаты: санай білуге үйрету,байқағыштыққа баулу.
|
Санамақты ынтамен тыңдайды.
Балалар cұрақтарға жауап береді.
Балалар 2 санының неге ұқсайтынын айтады.
Балалар топпен қайталайды.
-Екі алма, екі шар, екі доп.
Топпен,жеке-жеке қайталайды.
Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге орындайды.
Балалар топпен қайталайды.
Ойынды қызыға ойнайды.
|
Рефлексивті түзетуші
|
Балалар біз қандай санмен таныстық ? Мынау қандай сан?
Сендер неше жастасыңдар? Сендердің бір жастағы бауырларың бар ма?
Балаларды мақтап, мадақтау.
|
-Екі санымен таныстық.
-Екі саны
- Мен үш жастамын- Менің бауырым бір жаста.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:2саны жайлы,санай білу;
Үйрену керек: дұрыс сөйлеуді,санауды, заттарды топтастыра білуді;
Істей алады : аз және көпті ажырата алады, санай алады;
* * *
Білім беру саласы: Таным
Достарыңызбен бөлісу: |