Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы



бет18/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
МД психология (1)

Жоспар:
1.Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
2.Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы

3.Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi Әдебиеттер:





  1. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




  1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с.




  1. http://rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_100/#ps

Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның


талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.


Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.


Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.


Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.


Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.


Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.


Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:



  • басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.

  • Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.




  • Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.




  • Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.




  • Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз. Қарым-қатынас стратегиясы

Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.


1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң

көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.


2-шi Монологты стратегия.


3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi).


Қарым-қатынастың түрлерi:



  1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.




  1. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.




  1. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.




  1. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.




  1. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.




  1. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.

Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.


Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:


1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.

2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.


3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.


4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.


Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:
-жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық беру.
-төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр алмасу және т.б.
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек.

  1. хабар берушi

  2. мәлiмет

  3. арнайы ақпарат беру құралы

  4. ақпарат алушы

Коммуникация процесi 5 кезеңнен тұрады.



  1. ақпарат алмасудың басталуы, мұнда хабар жiберушiнiң қандай реакция алатынын ашық бiлу керек.




  1. Ойдың символға мәлiметкен айналуы

Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.


Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.


Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.


1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.


2-шi Монологты стратегия.


3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi). Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi


қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.


Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.

2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.


3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.


4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.


22 Балалар психологиясы пәні


Жоспар

    1. Бала психологиясы пәні




    1. Басқа ғылымдармен байланысы Әдебиеттер:




  1. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




  1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с.




  1. http://rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_100/#ps

1.Балалар психологиясы – жас ерекшелік психологиясының бір бөлімі.


Ол балалық шақтың даму заңдылықтарын зерттейді. Бала психологиясының негізін қалаған 19 ғ өмір сүрген неміс ғалымы В. Прейер. Оның 1882 ж «Бала жаны» атты кітабы жарық көрді. Балалар психологиясының қарастыратын басты мәселесі – баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Балаларды психологиясы бір жас ерекшелігінен екінші жас ерекшелігіне өту кезеңіндегі ерекшеліктер қарастырылады. Сонымен қатар, психикалық процестердің жеке өздері ғана емес, олардың пайда болуы мен қалыптасу мәселесі де зерттеледі. Психикалық дамуды психикалық процесс жаңа сапалар мен қызметтердің пайда болуымен қатар, бар психикалық формалардың түрленіп өзгеруі деп түсінеміз. Психикалық даму әрекет, тұлға, таным үшеуінде өзара байланысты болатын сандық және сапалық өзгерістер. Сонымен, психиканың дамуы – өткенді қайталау ғана емес, сонымен қатар, күрделі, бірте-бірте сапасы артып, өзгеріп тұратын процесс. Психикалық даму өсіп қана қоймай, түрлене де алады, бұл жағдайда сандық өзгерістер сапалық өзгерістерге айналады. Жаңадан пайда болған сапалар өз кезегінде сандық өзгерістерге әкеледі.


Зерттеу обьектісі – туғаннан бастап мектепке дейінгі кезеңдегі психологиялық ерекшеліктері.

Балалар психологиясының негізгі міндеті – даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру б.т.





  1. Педагогика, физиология, педиатрия ғылымдарымен қатар балалар психологиясы да баланың психикасының дамуын зерттейді. Психология ғылымында психикалық даму қоғамдық-тарихи тәжірибе тұрғысынан қарастырылады. Баланың психикалық дамуы үшін адамзаттың бойына жинақтаған қоғамдық-тарихи тәжірибесі маңызды.

Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастар дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық тәжірибе қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірбині игеру процесі болып саналады. Бұл процесс оқытуда жүзеге асырылады.


Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді, іс-әрекет әдістерін күрделенуден тұрады. Қазіргі кезде көптеген психолог-зерттеушілер оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді.





  1. Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалық іс-әрекетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеру болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады.Жасы өскен сайын адамның өз іс-әрекетін жоспарлауы мен оны жүзеге асыра білуі дамиды. Бұл ерекшеліктердің бәрі оқу тапсырмаларын орындаудан, оқу іс-әрекетінен көрініп жатады. Сонымен, іс-әрекеттің психологиялық құрылымының даму процесінде балалардың жалпы мінез-құлқының құрылысы да өзгеріске түседі.Бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөлуге болады.




  1. Оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;

  2. Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;




  1. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің (бағыттылығы, іс-әрекет, сана және ойлаудың психологиялық құрылымы) дамуы. Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктері мен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады да, тек барлығы бірге қосылғанда ғана психикалық даму деп аталынатынын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала-дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С. Высотский жас шағы дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.


Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықтайды. Бұл - әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағыларымен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мыс, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б.) ерекшеліктері де енеді.


Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің тәсілдерінің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.


Соңғы кезде педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында педагогикалық критериилерге негізделген кезеңдерге бөлу жиірек қолданылады.


Мектепке дейінгі шақтың ерте сәбилік, сәбилік, естиярлық және ересектік жас кезеңдерді, бала-бақшадағы топтарға сәйкес (үш жасқа дейін – ерте сәбилік шақ тобы;


кішкентайлар тобы – бесінші жыл; ересектер – алтыншы жыл және даярлық тобы – жетінші жыл) бөлінеді.


23 Баланы дамытудың әлеуметтік және тұқымқуалаушылық факторлары




Жоспар



    1. Баланың психикалық дамуы




    1. Баланың іс-әрекеті Әдебиеттер:




  1. Балалар психологиясы, Мухина В.

  2. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




  1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с




  1. http://www.semgu.kz/video/musicvideo.php?vid=71901ddad

Баланың психикалық дамуы жас ішінде бала қимылқозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар жөнді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы болады. Солардыд арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бул қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың касиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау кимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары интериоризацияланады — көріп қабылдауға ауысады.

Жармасу әрекетінің калыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру





  • б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде түрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және түрақтылыққа ие болады.

Баланың психикалық белсенділігінің сипаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ кимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан бұрын сәби оларды алдын ала болжап қоймаса да, осы қимылға байланысты қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға нәресте кабілетті болады.


Балалық шақтың соңына қарай балалар үлкендердің көптеген іс-әрекеттерін қайталай отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді. Әдейі жасалғаы әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе жатқандығын дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі (тарсылдатып, сілкілеп, бүрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің қарапайым әрекеттеріне еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен соң, балалардың әрекеттерінен ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады. Затпен- қимылдар жасау үстінде бала үшін проблемалық ситуация туады, оны да ол қимылдар жасау жолымен шешуге тырысады. Басқаша сезбен айтқанда, заттық қимылдар үстінде қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп отырады. Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктейді отырып ойлауды әрекет үстінде үйренеді.


Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері (бір жастан үш жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды.


Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұнда өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез-кұлықтың қарапаным формаларьш да игсреді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.


Бір жастан үш жаска дейінғі балаңың психикасының дамуы бірнеше факторларға байладысты.;


Баланың психикалық дамуына тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік түру қалпына ауысу — ол үшін киын іс.Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Локомоция программасы әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе- теңдікті жоғалтып алады. Құлап калу қаупін де жеңіп, осынау алғашқы қадамдарды жасау үшін қайта-қайта күш жұмсауға оны не итермелейді? Жүру кезінде жұмыс істеп тұрған аяк, қол, арқа және бүкіл дене бұлшық еттерінеи пайда болатын бұлшық ет сезімі маңызды ынталандырушы болып табылады. Өз денесін өзі билеу сезімі бала үшін өзін-өзі мадатқау қызметін атқарады. Баланың қозғалып жүру ниетін сол сияқты тілеген «ақсатына жету мүмкіндігі және, сонымен қоса, үлкендердің қатысуы меи мақұлдауы қолдайды. Өте тез арада, алғашкы әлсіз қадамдардан соң үйлесімді тура бағытты кимылдар жасау қабылеті қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай бала орасан зор ынтамен өзіңің жүрген жолынан кедергілер іздестіреді. Қнындықтар және оларды жену сәбиде жағымды эмоцнялық көціл күй туғызады.


Қозғалып жүруге қабылеттілігінің (дене қимылының табысы бола отырып) псыхологиялық салдарлары. Қозғалып жүруге қабылеттілік арқасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым-қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану кабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттың кеңістікте орналасуын есептеу өлшемі болады. Бүл көру, қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері аркылы жүзеге асады. Өзі қарап түрған затқа жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық түрде игереді. Жүру арқылы бала езінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттармен іе-әрекет жасауға кабілетті болады. Жаңа заттар тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уакытқа дейінгі жасырын болып келғен қасиеттері мен олардың арасындағы байла-ныстарын ашады.


Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады.Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің коғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адам жануарлармен салыстырғаңда түрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді. Маймылдың да саптаяқтан су іше алатыны әркімге белгілі. Бір-ақ жануарлар үшін заттардың ситуациялық маңызы бар: егер су саптаяққа қүйылған болса, маймыл оны саптаяқтан, егер су шелекте болса, шелектен, ал егер еденде төгіліп жатса, еденнен ішеді. Бала үлкендерден заттардың адам іс-әрекеті арқылы бе-кітілген түрақты маңызын бағдарлауға үйренеді. Баланы қор-шаған заттық дүние — мебель, киім-кешек, ыдыс-аяқ


— заттар, олардың адамдар емірінде белгілі бір маңызы бар. Бала ерте сәбилік шақта да бұйымдардың маңызын түсінеді.


Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол шкафтың есігін сансыз рет ашып-жабуы, сол сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді тарсылдатуы мүмкін, бірак мұндай белсенділік оны заттардың атқаратын міндетімен таныстыра алмайды. Заттардың функциялық қасиеттері сәбиге үлкендердің тәрбиелік және оқыту ыкпалдары арқылы ашылады.Бала түрлі заттармен жасалынатын іс-әрекеттер түрлі дәрежеде ерікті бола-тынын біледі. Кейбір заттар өздерінің қасиеттері жағынан іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін қатаң сақтауды қажет етеді (бұған қорапшаның қақпақпен жабылуы, пирамиданың шығыршықтарын өткізу, матрешкаларды жинастыру тәрізді арақатынастағы әрекеттер жатады). Баска заттарда әркет тәсілдері олардың қоғамдық міндеттен қатаң бекітілген. Олар — зат-құралдар (қасық, қарындаш, балға). Нақ осы арақатынастық және құралдық әрекеттерді игерудің баланың психикалық дамуына неғурлым елеулі әсер ететінін атап өту маңызды. Ерте сәбилік шақтағы игерген зат-құралдардың сан жағынан шағын болуынан келіп кетер ештеме жоқ. Мәселе санда емес, осы заттар балада әрбір жаңа зат-қүралдан оның езіне тән міндетін іздестіруге деген мақсатын қалыптастыратындығында.


Ерте- сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа карай) іс- әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастаііды. Олар осы жас дегенде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті, іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте сәбилікшақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.


Заттық іс-әрекеттен алынып, жииақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында акиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сезді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік карым-қатынас баладан қатынасу кабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы келде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып калса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет.


Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде бала ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сездер мен олардың ар жағында түрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сәздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен өз іс-әрекетттерінің арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында қалыптасады. Үш жасқа қарай сәбидің, үлкендердің сөзін түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекеленген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым-қатынас жасау ситуациясынан тыскары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып сана-лады. Ол сөйлеуді бааның тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды,


Ерте сәбилік шақтағы баланың ақыл-ойының дамуы. Ерте сәбилік шақтың басында бала айналасындағы заттардың қасиетерін кабылдап, олардьің арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып және оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойының қарапайым формаларын, сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бүдаи арғы ақыл-ой дамуының алғы шарттарын жасайды. Ерте сәбилік шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әре-кеттетерінің жаңа түрлері құрастырады.


Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінің сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі — биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады.,Бүл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады.


Адамның жоғары формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т. б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау кұралы ретінде ерекше заттарды шартты бейңелеулерде, белгілерді іпайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бүл құралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл кұралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірнбені игереді. Баланың ойлауы, есі, кабылдауы тілді, іс-әрекеттін, белгілі бір тәсілдерін, білімді т. б. игерумен айтарлықтай сабақтас.


Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып коймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол — оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму проце-сінде айқындаушы роль атқарады.


Мектеп жасына дейінгі бала дамуынында әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп отырадьь Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мем іскерліктердің болмауыңың ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепте оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады


24 Тәрбие процесінде баланың әлеуметтенуі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет