Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет81/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.
0015708a-99bffd3c, ¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ
8. Мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру.

Мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру, оның iшiнде уақтылы ақпарат беру мен азаматтардың өтiнiштерiн қарау және қол жеткiзiлген нәтижелерi негiзiнде мемлекеттiк органдардың қызметi туралы оң пiкiрдi қалыптастыру басты бағыт болуға тиiс.

Мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыруда мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру және жұртшылықпен байланыстар орнату тиiсiнше негiзгi бағыттар саналады.

Азаматтарға бағдарлану, кәсiбилiк, шұғыл әрекет ету, ашықтық және қолжетiмдiлiк мемлекеттiк органдар жұмысының негiзгi қағидаттары болуға тиiс.

Мемлекеттiк қызмет пен жұртшылық, оның iшiнде қоғамдық-саяси бiрлестiктер, үкiметтiк емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы диалог мемлекеттiк органдардың өз қызметi туралы азаматтарға жүйелi түрде ақпарат берiп отыруын, сондай-ақ халықпен байланысты дамытуды және солардың негiзiнде өзара тиiмдi шешiмдер қабылдауды көздейдi.

Осы жұмыста мемлекеттiк органдар мен жұртшылық арасындағы тиiмдi интерактивтi байланысты қамтамасыз етуге, әлеуметтiк топтардың мұқтаждары мен пiкiрiн барлық деңгейдегi мемлекеттiк органдарға жеткiзуге қауқарлы баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетiн толық көлемде пайдаланылады.



Әрбiр мемлекеттiк органның жұмысында (58-сурет):

- ақпараттық материалдарды БАҚ-та орналастыру;

- оңтайлы басқару шешiмiн қабылдау үшiн ақпараттық кеңiстiк пен жұртшылық пiкiрiне мониторингi жүргiзу;

- мемлекеттiк қызметшiлердiң жұртшылықпен тiкелей байланыстары (азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдау, халықпен ресми және бейресми кездесулер, жұртшылықтың қандай да бiр топтары тартылатын әртүрлi кеңейтiлген кеңестер мен әлеуметтiк және басқа да жобалар таныстырылымы);

- азаматтардың әр түрлi санаттарының өкiлдерiмен өзара интерактивтi iс-қимыл жасасу және басқа да осы бағыттағы тетiктер болады.

58-сурет. Мемлекеттiк органның жұмысындағы негізгі бағыттар



9. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын арттыру

Халықтың мемлекеттiк аппаратқа деген көзқарасы мемлекеттiк қызметтердiң сапасымен және қолжетiмдiлiгiмен байланысты екенiн атап өту керек.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң қолданыстағы стандарттары мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбiн, мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нормативтiк және мiндеттi түрде орындалуға тиiс мәндерiн, шағым беру тәртiбiн және байланысу ақпаратын, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiндегi уақытша шектеулердi белгiлейдi.

Алайда, қазiргi кезде мемлекеттiк органдардың қызметiнде мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде тиiмсiз ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң бекiтiлген стандарттарын бұзу деректерi байқалуда. Бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк қызметтер сапасы мен қолжетiмдiлiгiне тиiстi дәрежеде қанағаттанбауына әкеп соғады.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейiнiң төмен болуы, бюрократтық көрiнiстерi және мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде әкiмшiлiк кедергiлердiң болуы мемлекеттiк қызмет имиджiне керi әсерiн тигiзуде және халық пен кәсіпкерліктiң мемлекеттiк органдар жұмысына қанағаттанбауының негiзгi себебi болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасы мемлекеттiк қызметшiлер жұмысы тиiмдiлiгiнiң басты көрсеткiшi бола алады, басқаша айтқанда, мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтердi тұтынушы ретiнде халыққа бағдарланады.

Мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн мемлекеттiк органдарда еңбектi ұйымдастыру мен менеджменттiң, транспаренттiк және нақты лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi қағидаттарына негiзделген шешiмдердi қабылдау үдерістерi мен рәсiмдерiнiң сапасын арттыруға бағытталған нормативтiк-құқықтық, әдiстемелiк және ұйымдастырушылық шаралар айқындалады.

Осыған байланысты, ақпараттық технологияларды қолдану қажеттiгi арта түседi, бұл халыққа және кәсіпкерлікке қызметтер көрсету кезiнде мемлекеттiк органның қызметін оңтайландыру мен автоматтандыруға, әкiмшiлiк кедергiлердi және халық пен кәсіпкерліктiң мемлекеттiк органдармен тiкелей байланысын азайтуға бағытталған.

«Электрондық үкiмет» порталында көрсетiлетiн электрондық мемлекеттiк қызметтер көрсету санының ұлғаюы да мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттырудың басты құралдарының бiрi болып табылады, осыған орай мемлекеттiк органдардың әлеуметтiк маңызы бар мемлекеттiк қызметтер көрсетуi электрондық форматқа ауыстырылады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң бекiтiлген стандарттары мен регламенттерiнiң сақталуына бақылау орнату тиiмдi шара болуға тиiс.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» № 954 Жарлығымен мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға мемлекеттiк қызметтер көрсетудi бағалау өкiлеттiктерi берiлген.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру және оларды көрсету үдерісiн басқару үшiн тиiмдi сыртқы бақылау енгiзіледі.

Мемлекеттiк қызметтердi сапасыз көрсеткенi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерiн бұзғаны үшiн адамдардың жауапкершiлiгi қарастырылады.

Сонымен қатар, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасын бағалау үшiн халықпен керi байланыс тұрақты негiзде, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтердi тiкелей алу кезiнде сауалнамалық сауалдарды, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасы мен қолжетiмдiлiгiне қанағаттану дәрежесiн айқындауға бағытталған әлеуметтiк сауалдарды өткiзу жолымен орнатылу көзделген.

Жоғарыда аталған мақсаттарды iске асыру мемлекеттiк басқарудың функцияларын тиiмдi орындауға және халыққа сапалы мемлекеттiк қызметтер көрсетуге қабiлеттi мемлекеттiк аппаратты кәсiбилендiрудi қамтамасыз етедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет