МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК
Мемлекеттік мүліктің түрлері
1. Мемлекеттік мүлік республикалық және коммуналдық мүлік болып бөлінеді.
2. Республикалық мүліктің құрамына:
1) мемлекеттік қазынаның мүлкі:
-республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
- республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік;
2) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.
3. КОММУНАЛДЫҚ МҮЛІКТІҢ ҚҰРАМЫНА:
1) жергілікті қазынаның мүлкі:
жергілікті бюджеттің қаражаты;
коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік;
2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.
Мемлекеттік мүлікті басқару:
1) заңдылық;
2) есеп берушілік және бақылауда болу;
3) жариялылық;
4) мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану;
5) бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету принциптеріне сәйкес
жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мүлікті басқару субъектілері
1. Мемлекеттік мүліктің түріне қарай мемлекеттік мүлікті басқаруды Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісі жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады және республикалық мүлікті басқарады.
3. Жергілікті атқарушы органдар әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан коммуналдық мүлікті басқаруды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мүлікті басқару
Республикалық мүлікті басқару кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның 2-тарауында және осы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актілерде белгіленген өздерінің құзыреті шеңберінде республикалық мүлікке Қазақстан Республикасының құқықтарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
1
Коммуналдық мүлікті басқару кезінде жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның 2-тарауында және осы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актілерде белгіленген өздерінің құзыреті шеңберінде коммуналдық мүлікке құқықтарын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің коммуналдық мүлікке қатысты құзыреті осы Заңның 11-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалады.
2
3
Республикалық және коммуналдық мүліктің сақталуына бақылау жасауды тиісті салалардың уәкілетті органдарының және облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметі жүзеге асырады. Мемлекеттік мүліктің сақталуына бақылау жасауды мемлекеттік қаржылық бақылаудың өзге де органдары жүзеге асыруы мүмкін.
4
Мемлекеттік мүлік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында
мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілуі мүмкін.
5
Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) болуы мүмкін. Мемлекеттің өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда коммерциялық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, мүшесі) болуына жол берілмейді.
6
Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс) коммерциялық емес ұйым болып табылатын мемлекеттік қордың құрылтайшысы болуы
мүмкін. Мемлекеттік қорды, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардағы басқа да коммерциялық емес ұйымдарды құру және олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі
РАҚМЕТ!