Тақырыбы: Әдептілік - әдемілік.
Мақсаты:
Көрнекіліктер: гүлдер, жүрекшелер, жұлдыз, күн суреттері, слайд
Шаттық шеңбері
Сабақтың алдында қағаздан қиылған жүрекшелер қобдишаға салынып қойылады.
- Балалар мен бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп, сүйсініп тұрмын. Сол себептен мен сендерді көңілашар сәтіне шақырамын! Бұнда түрлі-түсті жүрекшелерге толы. Есімізде түстерді сақтайық. Олар адамның құнды қасиеттерін білдіреді екен. Қызыл-адамгершілік, сары-адалдық, қызғылт- мейірімділік, көгілдрі- сүйіспеншілік, жасыл- әдептілік, көк-ізеттілік, ақ- қайырымдылық.
- Балалар осы жүрекшелерді алып, биікке ұшыруға тырысайық. Балалар жүрекшелерді аспанға лақтырады.
- Қараңдаршы қандай керемет! Біздің сыныптың іші осы құнды қасиеттерге толды. Балалар бұл түрлі-түсті қағаздан жасалған жүрекшелердің ұшқанын неге ұқсаттыңдар?
Балалардың жауаптары.
- Ондай болса бәріміз бірге әдептілік, мейірімділік сыйлайтын күнмен сәлемдесейік.
Сәлем Күн-Анамыз! /қол жоғарыда/
Қуанатын күн бүгін / қол ұстасады/
Қайырлы таң! Қайырлы күн! /қол көкіректе/
Күліп шықты күн бүгін! /қол жоғарыда/
Достарыңызбен бөлісу: |