8-оқушы: Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын,білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады.Олар туралы не айтар едіңдер?
9-оқушы: Әрине, адамның бәрі бірдей емес,түсінігі төмен,білімі таяз кейбірмәңгүрт жандар болатыны рас,ондайлар жайлы қыргыз ақыны Сарноғаев былай деген:
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас.
10- оқушы: Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді.Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді»деген,сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!
11-оқушы: Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Ол тек отбасы,ошақ қасының тілі емес,мемлекеттік тіл ғой.
12-оқушы: Иә,иә, оның рас.1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді.Ал1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданап, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекетттік тілі-қазақ тілі» екені жазалды.
13-оқушы: Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны жете таныта аламыз.Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп,мәдениетін қадірлей аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |