МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет40/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   105
ЃАДІН عدن – қ: қ. «Жұмақ».
ОМАР ӘЛ-ФАРУҚ عمر الفروق – (ради Аллаћ‰ ѓанћ‰): (Халифалыѓы: ћижраныњ 13-ші жылы, жємєзиєл-ахир айы: 22 – Милади 634-ші жылы). Аллаһ Елшісінің Ислам шуағын жаһанға жаю толассыз күресінде ең жақын болған сахабалардың бірі, екінші халифа. Мекке қаласында дүниеге келген. Құрайышьың Ади тайпасынан шыққан. Әкесінің аты – Хаттаб ибн Нуфәйл, шешесі – құрайыштың Махзұн тайпасынан шыққан Хантәмә бинт Хашим. Омардың ислам дінін қабылдағанға дейінгі өмірінен көп мәлімет жоқ. Бірақ бала кезінде әкесінің малын бағып, кейіннен саудамен айналысқан. Қараңғылық дәуірінде Меккенең белді адамдарынаң қатарында болып, меккеліктердің елшілік міндетін атқарды. Омар ибн Хаттаб мұсылман болмастан бұрын өзі өскен қоғамның әдеттері бойынша өмір сүріп, сол кезеңнің салтын берік ұстанған. Түйелермен күресіп, әркіммен бір ерегесетін өжет, батыр, қатыгездігімен танылды. Бірақ мұсылман болғаннан кейін қатыгез мінезі иман нұрына шомып, мүлде басқа болып өзгерді. Мекке қаласында дүниеге келген Омар ибн Хаттаб пайғамбарға уахи келген кезде 29 жаста болды. Уахи келгеннен кейін 6 жылдан кейін ғана мұсылманшылықты қабылдап, иман келтірді. Яғни, өмірінің 35 жылын жаһилияда өткізсе, қалған 30 жылын мұсылман болып өткізді. Сескену, қорқу дегенді жат көретін Омар батырлық мінезінің арқасында мұсылмандар алғаш Қағбаға барып жария түрде намаз оқи алатын дәрежеге жетті. Өжеттігі соншалық, мұсылмандарды ертіп мүшріктермен бетпе-бет кезігіп, һижра жасайтынын білдіріп, Қағбаны 7 рет тауаф етті. Күңкілдеп бастаған мүшриктерге: «Кімде-кім орныан қозғалатын болса, басын аламын!» – деп қатаң ескертті. Бірде-бір тірі жан Омардың бетіне қарсы келе алмайтын еді.
Омар Фаруқ (р.а.) да Әбу Бәкір Ас-Сыдық (р.а.) сияқты саудамен айналысқандықтан ел көріп, жер танығандақтан көзі ашық, құрайыштардың ішінде хат таныған адамның бірі болды. Ол Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) үнемі кеңесіп, пікірі тыңдалатын таңдаулы сахабаның бірі болды. Оның ақылдылығы мен парасаттылығы сондай оның пікірі мен сәйкес Аллаһ өз сөзінде Құранға бірнеше сәйкес аяттар түсірген. Пайғамбар (с.а.с.) тәрбиесінен кенжелеп қалмас үшін тырысқан. Сол себептен Аллаһ елшісінен көп білім алған сахаба еді. Оның білімі жайлы Абдуллаһ ибн Масғұт былай деді: «Таразының бір жағына – хазіретті Омардың ілімі, екінші жағына – жер жүзіндегі адамдардың ілімі қойылса, Омардың ілімі ауыр тартар еді. Ол – ішіміздегі Аллаһты ең жақсы таныған, Оның кітабын жете түсінген, дініміздің мәселелерін егжей-тегжейін жетік меңгергендердің бірі болатын.» Ардақты Елшінің (с.а.с.) сенімді серігі, адал досы Омар Фаруқ, Ол (с.а.с.) қайтыс болған кезде мұсылмандардың басшысы болып сайланған хазіреті Әбу Бәкірдің ең жақын жәрдемшісі болды. Әбу Бәкір Сыддықтың дәуірінде Омардың ұсынысы бойынша Ислам тарихы тұрғысынан аса маңызды іс - Құран - Кәрім аяттарын жинастыру жүзеге асырылады.
Сирия, Мысыр, Ирак, Армения, Азербайжан, Парсы шығанағы, Қорасан секілді елдерді қол астына қаратқан күндердің өзінде де хазіретті Омар (р.а.) дүниенің өткінші ләззаттарына көз салмады, рахатқа бөленіп, құс жүнді мамық төсекте жатпады. Байлық пен дүниеге құнықпай, қара басының қамын күйттемей, халықтың игілігін ойлап, өзінің қажеттілігінен олардікін жоғары қойған еді. Омар (р.а.)- тақуалығы және құлшылығымен де шыңның ұшар басындағы біртуар тұлға. Болмысынан ашулы болған Омар, ашуға мінген кезінде қасында біреу Құран оқыса, ашуы тез тарқайтын. Омар (р.а.) қой терісін жамылған жалған мұсылман, түбі-ирандық,Куфа әкімі Муғира ибн Шәғбаның қызыметшісінің намаз оқып тұрғанынан қайтыс болды. Хазіреті Омар (р.а.) бірнеше рет үйленіп, балалы-шағалы болған. Балаларының ішінде төртеуі танымал болған. Олар: Пайғамбарымыз (с.а.с.) жұбайы – мүминдердің анасы, Хазіреті Хафса (р.а.), кемеңгер әрі хадис ғалымы – Абдуллаһ ибн Омар, қаһармандығымен Ислам жолында қызмет еткен Убайдуллаһ, парасатымен және тақуалығымен танымал мәшһүр Асым. Әбу Бәкірден кейін халифа болып саналған Омар Фаруқ мұсылмандарды он жыл басқарды. Оның кезінде Ислам мемлекетінің жер өлшемі 2 252 030 шаршы км-ге жетті. Хазіреті Омар халифа ретінде ел басқару саясатында үлкен рөл атқарды.
Өз ел басқару ісінде мынадай жаңалықтар енгізді:

  1. Мемлекетті басқару үшін кеңес мәжілісін құрды. Бұл мәжіліске халық арасында абыройға ие болған адамдарды шақырған.

  2. Мемлекетті әкімшіліктерге бөлді.

  3. Мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлер үшін жаңа жобалар жасады. Қызметкерлердің жалақысын көтерді.

  4. Әкімдерге халқына ұнамайтын әрекеттерге бармаулары жайлы ант қабылдатты.Қызметкерлерге қызметке алынған кездерінен бастап мал- мүлікі тез арада көбейетін болса, жауапқа тартылатындықтарын, әкімдердің жыл сайын қажылыққа келген кездерінде халықпен кездесулерін, егер бір қызметкердің үстінен арыз жазылса, істің анық- қанығына көз жеткізу үшін үш адамнан тұратын комиссия құрылып, тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.

  5. Экономика саласындағы жаналықтары: соғысып алынған жерлерді мемлекеттікі деп жарялап, оны жергілікті халықтың қолында қалдырып, салықты азайтты. Бұл адамдардың салықты төлеуін артырып, басқа жерлердің де алуын тездетті.

  6. Әділет жүйесін орнатуы;

  7. Исламдық жазалау құқықтығын ретке келтірді. Ол алғашқы түрмелерді құрды;

  8. Тұрақты және тәртіпті әскер құру ісін қолға алуы;

  9. Мұсылман емес шет елдіктердің мұсылман мемлекеті аймағында сауда жасауларына рұқсат берді.

  1. Ешкімі жоқ және қартайып, әлсіздігінен яһудилер мен христяндарға айлық тағайындалды;

  2. Жыл санауына хижраны негіз етіп алып, мұсылманша жыл санауды бастатты.

Мемлекеттің басты қызметінің бірі –білімді жаю екенін жақсы білген Омар (р.а.) алынған жер жерде мектептер ашып, сол жерлерге Құран және Ислам дінінің негізгі заңдылықтары мен өмір салтын үйрету үшін мұғалімдер жіберді. Мұғалімдердің қызметтерін мінсіз атқаруы үшін жоғары мөлшерде жалақы тағайындалды.
Әрине, хазіреті Омардың (р.а.) еңгізген жаңалықтары мұнымен ғана шектеліп қалмаған.
Ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев те өз қолжазбаларына Хақ дін – Исламды тілге тиек еткендіктен Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) адал да ең сенімді достары болған сахабалар жайында көп жазды. Соның ішінде Омар (р.а.) жайында
«Елу төртінші бап. Он түрлі боп адамның тірілмегі» атты өлеңінде былай деген еді:
«Мұхаммед- Алла досы, Хақ- пайғамбар,
Болыпты оған үмбет талай жандар.
Алланың шын әулие, жақсы құлы,
Дүниеде о да өтті төрт шарияр.
Сыздық пен: Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман,
Алланың шер құдасы Ғали қайдар.
Сахаба отыз үш мың бәрі-шейіт,
Сұм жалған соларды алған,-бәрін айдар:
Құл болып дін жолына Құдай үшін,
Өлімге бұрынғылар басын байлар.»
«Өлеңмен берілген аят» атты өлеңінде Омар (р.а.) дәрежесін көрсетеді.
«Һәмма пұтны сындырған,
Кәпірлерге қылыш ұрған,
Дін жолына мәхкам ашқан,
Хазірет Ғұмар, сенен медет!»
Оныњ исламды ќабылдауымен м±сылмандар ‰лкен к‰ш ќуатќа ќол жеткізген. Хазірет Єбу Бєкірден (ради Аллаћ‰ ѓанћ‰) кейін халифа болып сайланды. Омар (р.а.) – таќуалыѓы жєне ќ±лшылыѓымен де шыњныњ ±шар басындаѓы біртуар т±лѓа. Болмысынан ашулы болѓан Омар, ашуѓа мінген кезінде ќасында біреу Ќ±ран оќыса, ашуы тез тарќайтын. Омар (р.а.) ‰немі Пайѓамбарымыздыњ (с.а.у.) тєрбиесінен кенжелеп ќалмауѓа тырысатын. Сондыќтан да Аллаћ Расулыныњ (с.а.у.) ілімі мен руханиятынан ењ кµп нєр алѓан сахабалардыњ бірі болатын. Оныњ заманында Иран, Шам мемлекеттері Ислам мемлекетіне ќосылды. Соњында Ирандыќ Мєжуси Єбу Л‰'л‰ (негізгі аты Фируз), тањ намазын оќып т±рѓан кезінде пышаќпен µлтірді. Осылайша, 63 жасында шєћид болды. Халифалыѓы 10 жыл 6 ай 8 к‰н жалѓасты.
Орнынан тұра келіеп төрт шаһариар:
Ғалы менен Әбубәкір, Ғұсман, Ғұмар.
Деп айтты:
- Жә, Ғакаша, қысас қылма!
Берейік бұ хақыңды саған біздер (бізлер)!
Єдеб.: Жанарыс Х. Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері: оќулыќ. С.Торайѓыров атындаѓы Павлодар мемлекеттік университеті Мєшћ‰ртану ѓылыми-практикалыќ орталыѓы. – Павлодар, 2006. – Б. 107. Єділбаев А. Сањлаќ Сахабалар – Алматы, 2004. –Б. 50. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 77.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет