ЖАННАТ – ҒАДИНجناة عاد - алтыншы жұмақ; қ. «Жұмақ». ЖАННАТ – НАҒИМجناة نعيم - бесінші жұмақ; қ. «Жұмақ». ЖАРАТУШЫ ХАҚ – қ. «Аллаһ». ЖАРТЫ ТОҒЫЗ - қ: Адам ата, Хауа ана
АДАМ АТА أدم - ең алғашқы адам - хазiрет Адам. Алла Тағала хазiрет Адамды топырақтан жаратты. Оған рух бергеннен кейiн, перiштелерге “Адамға сәжде қыл” (Бақара сүресi, 34-аят) деп әмiр еттi. Барлық перiштелер оған сәжде қылды, тек қана шайтан хазiрет Адамды қызғанғандықтан тәкәппарланып сәжде қылмады. Содан соң Алла Тағала оны қуды. Сол үшiн ол “қуылған шайтан” деп аталады. Осылайша шайтан, хазiрет Адамға және оның ұрпақтарына дұшпан болды.
Алла Тағала хәзiрет Хауаны да жаратты. Оны хазiрет Адамның жары қылғаннан кейiн екеуiн де Жұмаққа орналастырды. Оларға: «Әй, Адам! Сен де, жұбайың да Жәннатта тұрыңдар, ерiктi түрде қалағандарыңша жеңдер, iшiңдер. Бiрақ, мына ағашқа жоламаңдар. Бұзақылық қылатын залымдардан болмаңдар». (Бақара сүресi, 35-аят) деп бұйырды. (Ол көбiнесе бидай, жүзiм ағашы делiнген) Бiрақ шайтан оларға: “Бұл ағаштың жемiсiн жесеңiз, Жәннатта мәңгi боласыңдар” – деп оларды алдады және тиым салыған жемiстi жегiздi.
Алланың тиым салған әмiрiн орындамаған хазiрет Адам мен Хауа жұмақтың нығыметiнен мақрұм қалып, жер бетiне түсiрiлдi. Хәзiрет Адам мен Хауа жасаған қателiктерi үшiн тәуба етiп Алладан кешiрiм тiледi. Алла Тағала олардың тәубасын қабылдады және оларды Меккеде кездестiрдi.
Барлық адам баласы хазiрет Адам мен Хауадан тарады. Бiраз уақыттан кейiн хазiрет Адамға пайғамбарлық жiберiлдi және он бет (кiтап парасы) түсiрiлдi. Осылайша, хазiрет Адам алғашқы адам және алғашқы Пайғамбар болды.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Адам атаның жаралып, дүниеге келгені» атты өлеңінде Адам атаның ең алғашқыда топырақтан жаралғандығын баян етеді. «- Топырақтан жаратам Адам! – дейді, - Жебірейіл, бұйырамын саған! дейді. – Бар – дағы Мағриб, Машрих ортасынан, Бір уыс топырақ ап кел маған! – дейді».
Үш жүз жыл Адам ата жүрді жылап,
Көзінен аққан жасы- дария бұлақ.
Иа, Раббына замина анқисина
Зарланды қылып тәубе, медет сұрап.
Адам ата. Алғашқы жарытылған адам, алғашқы пайғамбар. а. [------адам. Адам, человек] – 1. человек, существо обладающее мышлением, речью, способностью создавать и пользоваться ими в процессе общественного труда.
Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 129.Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 17. ХАУА-АНА حواء - алғашқы әйел ана. - др. евр. а. [------ хәууа: источник жизни] – Ева, по библейской мифологии , первая женщина на земле, жена Адама, сотворенная богом из ребра Адама; Праматерь рода человеческого в иудаистской, христианской, затем мусульманской мифологии. Адам а. [------адам: Адам, человек] – 1. человек, существо обладающее мышлением, речью, способностью создавать и пользоваться ими в процессе общественного труда. Дін Адам ата мен Хауа ананың азғыруымен Алла алдында күнәкар болып, жұмақтан қуылды деу арқылы қоғамдағы әйел теңсіздігінің әлеуметтік – экономикалық негіздерін бүркемелеуге тарысты (Қ.С.Э.). Хауа ана мен Адам ата мифологияға айналған қазақ әдебиетінде де орны алған діни кейіпкерлер.
Хауа ана:
Қалдырма! – деп, зарлық етті,
Тыңдамай зытып алып малғұн кетті.
Дағдарып осылайша тұрғанында,
Бір жақтан Адам ата келіп жетті.
Әдеб.: Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 17, 294. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Таңдамалы шығармалары. 1 том. –«ЭКО» ҒӨФ, Павлодар, 2005. –Б. 19.