МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет46/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105
ЖЕТІ ТОЗАҚ ­ тозақтың жеті түрі. қ. «Тозақ».
ЖЕТІНШІ ЖҰМАҚ – «ДАРИЛ ҚАРАР» دار القرار­ қ. «Жұмақ».
ЖҮНІС يونس – пайғамбар. Жүніс, Сахиб әл-хут, Зу-н-нун, Юнус-пайғамбар, Құран Кәрімнің кейіпкері. Құранның бір сүресі оның атымен аталған. Құран Кәрімде Жүністің Ирактың солтүстігіндегі Найнауада бір Аллаға сиынушылықты уағыздауы сәтсіз болғандығы айтылады. Ол өз ісінің қиыншылықтарына шыдай алмай, кемеге жасырын тығылып, қашуды ойлайды. Бірақ кеме орнынан қозғала қоймайды, ол кемеде қашқынның бар екендігінің белгісі еді. Жеребе көрсеткендей, бар кінә Жүністе болғандықтан, оны теңізге тастайды. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Миғраж» дастанында Жүніс пайғамбарға тоқталған.
Жүністі халас қылсам үш зұлматтан,
Балық қарны қараңғы түнде жатқан.
Үш жерде үмбетіңді сақтайын да:
Қабірде, қиямете һәм сираттан.


Әдеб.: «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002, 4 том. –Б. 100. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 154.
Ж¦МА جمعة – м±сылмандар ‰шін ќасиетті к‰нніњ бірі. Б±л к‰н к‰ндердіњ ењ жаќсысы жєне ахиретте Аллаћ Таѓаланыњ дидарын кµретін к‰н. Б±л к‰нді иаум-ул-мазид деп атайды. Жұма күні мұсылмандар мешітке жиналып, жұма намазын оқиды. Ол үшін, бір күн бұрын намазға дайындалып, тазаланып, хош иістер сүрту керек. Мешітке кіргенде ең алдыңғы саптағы бос орынды толтыра отырып, уағыз тыңдауы, салмақты болуы керек. Осы күні Аллаға көп дұға ету керек. Себебі жұма, дұғаның қабыл болатын күні. Сондықтан істеген күнәларына тәуба етіп, истиғфар жасау қажет.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Мұқыш Жұпарұлы» атты өлеңінде жұма күніне былайша тоқталған:
Үндерде не жақсы: - Құран үні!
Түндерде не жақсы: - Қадір түні!
Жаңаша октябрьдің сегізінде
Шарапатты, даңқы зор – жұма күні!
- деген. Басқа да өлеңдерінде жұма күні жайында жиі айтылады.
Әдеб.: Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. –Павлодар, 2006. –Б. 271. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 62.
ЖҰМАҚ جنة жаннат - діни түсініктегі адам жанының о дүниеде мәңгілік рақатта болатын орны. Жаннат туралы түсінік жанның о дүниелік өмірі туралы алғашқы діни сенімдерден бастау алады. Тауратта (Көне өсиет) жаннат алғашында Адам ата мен Хауа ана т±рып, кейін күнєлары үшін ќуылған ғажайып бау-бақша түрінде суреттелген. Інжілде (Жаңа өсиет) жаннат туралы түсінік дінге сенушілердіњ өлгеннен кейін қайтып оралатын орны ретінде сипатталған. Көптеген діндерде жаннат рахаты күнаһарлардың тозақта тартатын азабына қарсы қойылады. Жаннат ­ ислам дінінде адал мұсылмандардың о дүниедегі мәңгілік мекені ретінде суреттеледі. Алла Тағала ќасиетті Қ±ран Кәрімдегі «Зүмәр» сүресініњ 72 - 73-аяттарында былай деген. «Раббыларына ќарсы келуден сақсынғандар, топ-топ жәннатқа жолданады. Сондай-ақ, олар оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: «Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, жәннатқа мәңгі қалатын түрде кіріњдер»- дейді.».
Ислам хадистерінде жаннаттың 8 түрі аталады:
1. Дар ул-жалал (ақ маржанмен безендірілген);
2. Дар ус-салам (қызыл тастардан т±ратын);
3. Жаннат ул-магуа (жасыл асыл тастар­дан жасалынған);
4. Жаннат ул-култ (сары маржан тастардан жасалынған);
5. Жаннат ул-нағим (ақ күмістен жасалған);
6. Дар ул-қарар (қызғылт ал-тыннан жасалынған);
7. Жаннат ул-фердаус (күміс, алтын, асыл маржан тастардан жасалынѓан);
8. Ғадын (аќ асыл тастан т±ратын).
Жєннат – бау баќша маѓынасындаѓы сµз. Ислам сенімі бойынша; ахиретте м‰´миндер т±ратын немесе б± д‰ниеде жасаѓан жаќсылыќтарыныњ, ізгі істерініњ сыйлыѓы ретінде берілетін мєњгілік орын. Д‰ниеде к‰нє жасаѓан м‰миндердіњ к‰нєсін Алла Таѓала кешірсе, тозаќта жазасын тартќаннан кейін жєннатќа кіреді. К‰нєсіз, таќуа м‰´миндер т±п-тура жєннатќа кіреді жєне мєњгілік сый сияпатќа бµленеді. Жєннаттаѓы ењ мањызды оќиѓа - м‰´миндердіњ Алла дидарын кµрулері. Б±л ант дєлелдермен бекітілген жєне б±ѓан сену єр м±сылманѓа парыз.
Қазақтың біртуар ақыны Мәшһүр-Жүсіп Көпеев діни лирикалық сарында жазған діни жырларында жұмақ және оның түрлеріне ерекше тоқталған, мысалы:
- Ж±маќтан єуелі, Адам, сен шыќ! – дейді,
-Т±руѓа енді м±нда жол жоќ! – дейді.
- Екеуіње он ќой, бір ат енші бердім,
Кешікпей енді м±нан тез шыќ – дейді.

Тµртінші – ж±маќта мен ж‰ргенімде,


Шыѓарды бір к‰нємен кµргенімде.
Олар д‰ние ж‰зінде к‰нє ќылса,
Бейішке кіргізеді µлгенінде.
Хадишадан туыпты жеті бала,
Бесеуі – ќыз, екеуі – еркек бала.
Фатима, єм Г‰лсім, Зейнеп, Раќия,
Ќасым, Таћыр, Махб‰бі – гаућар дана.
- десе, жұмақтың түрлеріне былайша тоқталады.
...Бірінші жұмақ аты – «Даралыхпан»,
Гауһардан жаратыпты Алла тағалам...

...Жаратқан екіншісін саф алтынан,


Аты дүр ол жұмықтың – «Дарис салам»...

...«Даралхилу» - төртіншінің аты ирөр,


Сары маржаннан жаралған өзі ғана –...
...Жұмақтың бесіншісі – «Жаннат-Нағим»,
Ақ күмістен жаратқан, әне, тағын – ...

...«Жаннат-Ғадин» – ирөр алтыншы,


*Жақұттан жаратқан дүр Құдірет Кәрім...

...Жұмақтың жетнішісі – «Дарил қарар»,


Ішінен ізгі пенде орын алар –...
- дейді. Ақынның жазған өлеңдерінде көптеген жұмақ, тозақ, дін тақырыбы қаралып, басты мәселе ретінде қаралған.
Єдеб: Ќазаќстан. ¦лттыќ энциклопедия 3 том./ Бас. ред. Є.Нысанбаев. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2001. – Б. 617.
Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. – Павлодар, 2006. – Б. 118.
Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. . –Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 128, 135


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет