Жаһутке (жөйтке) Заунас патша болды ғалып,
Халқымен Жаһут дінін қабыл алып.
Хабыранидңі дініне кірмеген Насыраниді,
Санақпен күйдіреді отқа салып
- дейді.
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 32. Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 2 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 218-219. Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 320.
ЖӘБРЕЙІЛ خبرائل Аллаһтың дінін жер бетіне тарату үшін пайғамбарларға Аллаһтың үкімін, уаһиларын жеткізетін періште, Аллаһтың қалтқысыз қызметшісі. Жәбрейіл (ғ.с.) періштелер арасында пайғамбары аталған дәрежелі болған 4 періштенің бірі. Адамзаттың сұлтаны болған Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға да ұлы жаратушы Аллаһтан өсиет жеткізген де осы Жәбрейіл (ғ.с.) періште еді.
Орыстың даңқы асқан ақыны Александр Сергеевич Пушкин де Жәбрейілді былайша жырлаған:
Ұнатып тұр Мария барлық түрін...
Түсті көз, жалғыз-ақ қыз көңілінде!
Ал мақтан, мақтан енді Жеберейілім! (А.Пушкин).
Дінтанушы ақын Мәшһүр – Жүсіп Көпеев өзінің қолжазбаларынада діни лирикада жырлағандықтан Жәбірейілді періште кейіпінде былайша суреттейді:
Періште төрт Муқарраб тірі қалар,
Әуелі Мекайлдің жанын алар.
Исрафил, Жебірейіл, Ғазірейіл,-
Нәубет бірлан берген жанын һәм олар
Тыњдамай сµзін оныњ ж‰ре бердім,
Алдымда – Жебірейіл, соѓан ердім.
Бисмилланыњ мимінде кеш пе, ерте ме?!
Алдына мешіт Аќса жетіп келдім.
Пайѓамбар Жєбрєйілге айтты жєне
Ќанша жол екі арамыз айтшы маѓан.
Жєбрєйіл Рєс‰лге айтты жеті ж‰з тєш
Жол депті шаќыр Ямин Мєдинаѓа.
Жєбрєйіл расулге айтты:
-Иа, пайѓамбар,
Мен сізге мєлім етіп айтайын жар.
Ќ±рметке, міне, осындай ие болад
«Ыќыластыњ тірлігінде оќыѓандар».
- деп төрт періштені де атап өтеді. Ақын өлеңдерінде Жәбрейіл періште туралы тағы да басқа мәліметтер бар.
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 11, 255, 147,Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 96.
Достарыңызбен бөлісу: |