Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Селебе. Айғай шығып оңынан, селебе



бет200/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   227
Селебе. Айғай шығып оңынан, селебе алды қолынан (М-Ж.,); Сияз деген мол шығын. Үшеуінің ауылдарыңдағы бар киіз үйіңді осында әкеп тігіңдер. Жігітек әуелі елу қой сойыс үлессін. Біз ғана емес, Жігітекке тегіс келген селебе ғой бұл (М. Әуезов). Селебесін суырып, Бос қалдырып қынабын (Қамбар);
Н.А. Баскаков єскери терминдердіњ ќатарында: сабля (сабли, саблямъ. Саблями) шыѓу тµркіні т‰ріктіњ sab `резать` шабу екендігін дєл аныќтаѓан. Ол šаblа `сабля` – позволяют предположить происхождение этого слова из тюркского; ср. Тат. čаb yl – uw, каз., ног., к.калп. šаb-yl – uw – масдар страдательного залога от корня čар- ~ šар- `рубить с размаху`, т.е. čаb-yl – uw ~ šаb-yl – uw `рубление с размаху` [52, б.163]. Біздің ойымызша, жалпы қарулардың төркіні осы шап `шабу` етістігіне апаратын сияқты. Жалпы ќылышќа ±ќсас шабуѓа икемі бар ќарулардыњ (балта-ќарањыз-автор) т‰бірі – шап. Демек, сабля (селебе) болуы єбден м‰мкін ѓой.
Т. Байжанов зерттеу ењбегінде: Наименования рубящего и режущего оружия: ќылыш (меч), его разновидности: сапы (прямой меч, похожий на шашку), асфаћани ќылыш (меч, изготовленный в г. Исфагане, очень ценился и был известен под названием наркескен), болат ќылыш (булатный меч), балдаѓы алтын аќ болат (булатный меч с позолоченным набалдашником), алты аршын аќ болат (булатный меч, длиною в шесть аршин), шар болат (четырехгранный булатный меч), алдаспан (большой обоюдоострый меч длиною в маховую сажень), берен ќылыш (меч отличного качества), балдаѓы алтын аќ берен (меч с позолоченным набалдашником), алтын сапты аќ берен (меч с позолоченной рукаяткой), семсер (меч), аќ семсер (стальной меч), алты ќ±лаш аќ семсер (меч длиною в шесть маховых сажень), кµк семсер (стальной меч с синим оттенком), алмас ќылыш (алмазный меч), зулпыќар (прочный и не слишком тяжелый, обоюдоострый меч с бугорками в остове вроде позвонков), селебе (длинный нож или полусабля), айбалта (секира), ала балта (топор, сделанный специально для боя), тараќ балта (топор с зубчатым лезвием) и др – деп, соѓыс ќ±ралдарын атап µтеді [212, б.5-6].
Т. Байжанов: ќылыштыњ бір т‰рі селебе этимологиясына талдау жасаѓан. Бұл – ұзындығы бір метрдей, жүзінің жалпақтығы бес сантиметрдей, үш жағы сәл ғана имектеу, қылыштан қысқа, кесуге, шабуға арналған соғыс қаруының көне түрі. Бұл сөз қырғыз тілінде селебе, тәжік тілінде селоба (кішкентай қанжар), парсы тілінде селл (өткір қылыш) түрінде ұшырайды. Бізше, селебе сөзінің түбірі селбу етістігі болу керек. Қырғыз тілінде селби – «қайтадан істеу, өңдеу, ремонттау», алтай тілінде селу – «жақсарту, жөндеу, түзету», моңғол тілінде сэлбээс – «бір заттың орнына жұмсалатын, жалғанатын, жамалатын, ауыстырылатын зат, запас, қор» деген мағынаны білдіреді (Монг. Русс. Сл. 1957: 374). Осылайша, селебе сөзі түркі және монғол, Алтай тілдерінде қолданылатын селби, сэлбээ етістігіне қазіргі қазақ тіліндегі бе жұрнағын жалғау арқылы жасалған [213, б.92]. Селебе, делебе сияқты көне түркі тіліне тән «өлі жұрнақ» деп қарастырылып жүр (Б.О. Оразбаев, 1964: 109). Ќ. Ахметжанов: 1. садаќ (кейін мылтыќ); 2. ќылыш (ертеде семсер); 3. найза («с‰њгі» деп те аталатын т‰рі); 4. айбалта; 5. шоќпар (соѓыста ќолданатын т‰рін «г‰рзі» (к‰рсі) деп атайды (Ер қаруы – бес қару. Ана тілі. 1992. № 39 (13). Селебе = селбі түбірлес болуы мүмкін. Қарағайдың бүгінде, селбі болған қуынан (Мәшһүр-Жүсіп., 198); Селебе сөзі қазақ тілінде `қылыш, қанжар, және `наубет` сияқты ұғым береді. Л. Будагов: а. ,سَببي سببي сәббә сәбби )сэбій – қате оқылған – А.Қ.( (оть سبا), ж.р. سبيه мн. سبايا силба плнникъ, военноплнный (619); Кир. سمسر сімсеръ (вм. п. شمشير) сабля (Том. I. 1869: 635). В. Радлов: Селбі – больной, нездоровый (1911: Том. IV. Часть 1. 482). Л. Будагов қаруды алып жүретін адам туралы: а. сэйяфъ, мн. сэйляф длающій, носящій или продающій сабли, вооруженный саблею, войнъ – деп жазған сөздігінде (1869: 653). Селебе сөзін, Әуезов ауыртпалық, тауқымет мағынасында қолданған (Жанпейісов, 93). Селебе `қылыш` мағынасында қырғыз., ққалпақ т.б. түркі тілдерінде де қолданылады: Селебеңді серте ұстап, Сендескен жаға сермедің (Ж. Жантөбетов); Түркітанушылар селебе монғол сөзі дейді. Тува. (сойотск) сэлэмэ/seleme`қылыш, клинок, қылыш`, қырғ. селäбä / seläbä `қылыш`. Рясянен монғол сөзі сияқты дейді (қараңыз. Цинциус, Бугаев). Жанама болса да, Менгес монғолдармен көрші түркі халықтарында қаз. Seläbä `қылыш, қанжар`, қырғыз `säläbä, лит. Тув. Sälämä` – кездеседі (с. 204). В.И. Цинциус және Т.Г. Бугаев Сэлли, сэлливун, сэлми ~ һэлми, нег. Сэлэдза, сэлэсих, ульч., орок. Сэлэсу, нан. Сэлэсу (н) `кольчуга, панцир`, сол. Сэлэм, сэлэмэй `қылыш, қанжар, қалшан`, қалм. Selmә`қылыш, қанішер`, бур. Һэлмэ `қылыш, қанжар, клинок, шашка` тунгус – манжур негізінен сэлэ/sele/һеле `темір` шыққан дейді (Цинциус, Бугаев, с.39). Селебе орыс тіліндегі сабля: немесе селебе > сабля лексемасымен салыстырған артық етпейді (Жанпейісов, 1989: 28).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет