Түйін. Қылша мойным талша, қылды қақ жарғандай тіркесінің құрамындағы қыл жіңішке – деген мағынаны білдіреді. Бірақ, қылышпен қаншалықты қатысы бар екені беймәлім. Қыл тұлғасынан: қылыш, қылмыс, қылпылдап тұр (өткір), Қылған (қорамсақ (колчан) және қылышбау – күміс белбеу С. Аманжолов, 432) қалыптасқан сияқты. Осыған орай, қылшан > қыл «аттың қылы»; -шан редукциялық варианты (-шын//-шін көгаршын, буыршын, бүлдіршін) ал, шан өзінің мағынасы бар белгісіз сөз) -шан//-чан «ыдыс» демек, қылшан о баста аттың қылынан тоқылған оқ салатын дорба болған – дейді (Ә. Қайдар, 1998: 38). Будагов: тур. тат. қын кынъ въ ад. Произносится кыгынъ 1) ножны (у кирг. изъ кожи для ножа, прившиваются къ ременному поясу, а для сабли – называется қынап), қынапы вложить въ ножны. 2) дж. ножикъ, тесакъ (кары к.сл.) 3) тоб. кыіынъ, стуручокъ, 4) см. гл. қинамық (1871: 105). Қылыш сөзімен түбірлес қыл «шабу», «өткір» сияқты да мағына берген сияқты. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өткір қылыш, алмас қылыш түрлерін қолданған. Қылыш сияқты шабу қаруы > балта.
Достарыңызбен бөлісу: |