Мылтық. Алты қырлы ақ мылтық, Ата алмасам маған серт (Ер Тарғын, 299); Алла Тағала жар болса, Қара мылтық бар болса (Алпамыс, 175). Атам деп қорқытады мылтығы ұзын (М-Ж., 30); Атарға бір мылтық жоқ оқ көбейтіп (М-Ж., 35); Аламын дәнеме алмай бір-ақ мылтық (М-Ж., 112); Өлеңім берен мылтық сегіз қырлы (М-Ж., 105);
Мылтық – дж. тат. мылдұқ ружье, винтовка, алт. қырғ., пистолетъ, шомполъ, затравка, аузы, дуло, порохь ружейный, алт., мылтыкта стрлять изъ ружья т.б. Тағы бірде мылтықъ – ружье деп түсіндіреді. (Араб графикасынан транскрипциясын жазған – А.Қ.) (Будагов. 1869: 267, 274). Мылтықтың түрлері мен анықтамасы В.В. Радлов ружье – қол мылтық; мылтық атты; мылтық оқтады; мылтық шыбығы; мылтық жасады – дейді [17, б.2144]. Мылтықтың түрлері ауыз әдебиетінде жиі кездеседі. Тÿмèгъ – сіб. тат., оружіе – деп жазды сөздігінде (Будагов, 398). Т. Байжан мылтықтың түрлерін атап өткен [121, б.5]. Р.Н. Шойбеков: ќара сµзініњ гара (т‰пењ - мылтыќ) т‰ркм., ќара (ќарапайым білтелі мылтыќ) ќырѓ., ќара (темір) µзбек маѓынада ќолданылады – дейді [74, б.16]. Мылта – фитиль (у ружья) (В. Радлов, 2144); Мыл + тық (оқтық, шоқтық) түбір мен қосымшадан тұратын сияқты. Мыл өлі түбір мылжың, мылжа-мылжасы шығу, мылқау, мылқ етті деген сөздердің құрамында кездеседі. Мыл > мыңқ (дыбыс) еліктеуінен туған сөз сияқты. Мылк етті – он качаль (Радлов, 2144). Мылтық, садақ, саржа ату құралдарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |