2 .балалардың фонетико-фонематикалық жетілмеуін ойын әрекеті арқылы түзету бойынша тәжірибелік жұмысы
Балалық шақ – бала өмірінің ең маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады: оның толыққанды, жан-жақты толықтырылған балалық шағынсыз оның болашақ өмірі қызықсыз болады. Бұл кезеңдегі психикалық тұлғалық және физикалық дамуының жоғарғы қарқындылығы балаға қысқа мерзімде крексіз тірі жаннан адамзат мәдениетінің барлық негізгі бастауларын меңгеретін адамға дейінгі жолды өтуге мүмкіндік береді. Ол бұл жолды жалғыз жүрмейді, оның қасында әрқашан ата-анасы, тәрбиешілері мен психологтар болады. Баланы тәрбиелеу үрдісінде ересек адамдардың сауатты өзара әсері баладағы бар барлық мүмкіндіктерін максималды түрде іске асыруды қамтамасыз етеді, оның психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқушылықтар мен қиыншылықтарды жеңуге көмектеседі.
Жоғарғы мектептік жас баланың келесі маңызды кезеңге, яғни мектепке түсуге негіз болады. Сондықтан 6-7 жас аралығындағы балаларды бұл кезеңде мектепке дайындау керек. Соның ішінде оқу мен жазу дағдысын жақсы игеруде бұл балалардың сөйлеу тілі соған дайын болуы керек.
Тілдің фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бар балалардың сөйлеу дамуының деңгейін тексеру әдістемесі
Тәжірибелік зерттеу ММ «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп – интернаты» жүргізілді. Тәжірибелік зерттеу 2014 жылдың қаңтар айынан бастап 2014 жылдың сәуір айына дейінгі аралықта өтті. Зерттеуге 10-11 жастағы 6 бала қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |