Тұтас педагогикалық процесс дегеніміз – оқытушылар мен тыңдаушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған, мазмұнды түрде ұйымдасқан, бағыт беруінің белсенді іс-әрекеті.
Ал қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы (процестегі) ең шешуші нәрсе мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде, үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар мектеп оқушыларын қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және ой еңбегіне үйрете білуге олардың білімге ынтасын мейлінше қызықтыра білуге бағыттап отыру.
Мұғалім педагогикалық әрекеті барысында әр түрлі қызметтер атқарады. Психологтардың зерттеулерінде олардың алғашқысы және негізгісі белгілі пәндік мазмұн негізінде, оқытудың әдістері мен формалары арқылы оқушылардың белсенді танымдық және шығармашылық әрекетін ұйымдастыру екендігі аталып өтеді.
Бұл бағытта оның кәсіби әрекеті педагогикалық үрдісті таңдау, оның мәнін ұғыну, сыни баға беру сияқты сипат алады. Сондықтан да педагогикалық рефлексия мұғалімнің өзінің негізгі қызметін нәтижеслі атқару үшін қажетті сапа болып табылады.
Оқытушы іс-әрекетінің объектісі ретінде студентті емес, педагогикалық процессті есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұндай бағыттың қажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
Біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогкалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес. (В.С. Ильин)
Мұғалім іс-әрекетін оптимизациялауға тек қана оқытуға бағыттаушылықпен жету мүмкін емес. (Ю. К. Бабанский)
Егер оқушының іс-әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекі ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес. (И. П. Радченко)
Оқу орны әкімшілігі іс-әрекеттің тиімділігі тек қана біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады. (М. И. Кондаков)
Тұтас педагогикалық процестің теориясын жасамайынша, басқару шешімдерін қаблдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру, одан әрі дамыту өте күрделі болады. (Ю. А. Конаржевский)
Достарыңызбен бөлісу: |